Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 3 келісімі мен аумақ халқының пікірін ескере отырып Бөлек селолық округ әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы от 03.12.2010 г. № 15 (Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы)
0
1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек селолық округіндегі Бөлек ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1
1) "Молодежная" көшесінің атауы "Жастар" деп өзгертілсін;
2
2) "Садовая" көшесінің атауы "Абай" деп өзгертілсін;
3
3) "Мира" көшесінің атауы "Бейбітшілік" деп өзгертілсін;
4
4) "Ленин" көшесінің атауы "Д.А. Қонаев" деп өзгертілсін;
5
5) "Коммунистическая" көшесінің атауы "Астана" деп өзгертілсін;
6
6) "Юбилейная" көшесінің атауы "Достық" деп өзгертілсін.
2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.