О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 29.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2016 AI55810_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006663
- ЭКБ идентификаторы
- 55810
- Редакция идентификаторы
- AI55810_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:04
0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1534 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесінде:
9-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
10-тармақ алып тасталсын;
14-тармақтағы «бес күндiк мерзiмде» деген сөздер «күнтізбелік бес күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4 4. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің және «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.