Алмалы ауылдық округінің Жагоркөл елді мекені аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Алмалы ауылдық округінің Жагоркөл елді мекені аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Алмалы ауылдық округінің Жагоркөл елді мекені аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 07.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2010 · қолданыстағы 55821_213709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZBL00111
- ЭКБ идентификаторы
- 55821
- Редакция идентификаторы
- 55821_213709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:47
0 Алмалы ауылдық округінің Жагоркөл елді мекені аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізіп, карантин аймағының
ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 2 желтоқсандағы N 595 актісіне сәйкес, Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 6 қарашадағы Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округінің Жагоркөл елді мекені аумағында қарасан ауруы шығуына байланысты карантин салу туралы N 815 ұсынысын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің Жагоркөл елді мекенінің аумағында қарасан ауруының тіркелуіне байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
3
3. Шешімнің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының Тайпақ ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б. Қыдырғожинге ұсынылсын (келісім бойынша), "Алмалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мал дәрігері О. Сүлейменоваға тапсырылып, бақылауды өзіме қалдырамын.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Ақжайық аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесінің бастығының у.м.а.
_____________Қ. Қ. Ермұқашев
07.12.2010 ж.
ҚР АШМ МИК АӨК Ақжайық аудандық
аумақтық инспекциясының аумақта
ветеринариялық-санитарлық бақылау
ұйымдастыру бөлімінің бастығы
_____________А. А. Абұғалиев
07.12.2010 ж.