Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 30.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2012 · қолданыстағы AI55857_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZME00135
- ЭКБ идентификаторы
- 55857
- Редакция идентификаторы
- AI55857_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:50
0 Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2010 жылғы 18 қарашадағы N 429 ұсынысына сәйкес, бруцелез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округте тұрғындарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Қой мен ешкі малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Ақбұлақ селолық округі аумағына 2011 жылдың 1 қаңтар айынан бастап шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық мал-дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Қодароваға жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Шыңғырлау
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Қалмен Толыбай Қалменұлы
30.11.2010 ж.
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Шыңғырлау
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Досқазиев Сайн Төлегенұлы
30.11.2010 ж.
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық–
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
Шыңғырлау ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" Мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Сабиров Ермек Хатимұлы
30.11.2010 ж.