О кредитовании бизнес-проектов для развития малого предпринимательства на местном уровне
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О кредитовании бизнес-проектов для развития малого предпринимательства на местном уровне
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 349
- Қабылданған күні
- 04.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2000 5586_258086.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001096_
- ЭКБ идентификаторы
- 5586
- Редакция идентификаторы
- 5586_258086
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:40
0 Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Ұсынылып отырған «2000 жылы жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы ереже» бекітілсін.
2. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық қазынашылық басқармасы банктердің несиелеу келісімнің шарттарын орындауына бақылау жасайтын болсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау өзіме қалдырамын.
Облыс әкімінің 2000 жылғы
4 ақпандағы № 349 шешіміне
қосымша
2000 жылы жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды несиелеу туралы ереже.
1. Жалпы шарттары
1. Осы ереже «Шағын кәсіпкерлікке жергілікті деңгейде қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын қаражатты пайдаланудың негізгі қағидаларын айқындайды.
2. Бюджеттік қаражаттар тендерлік негізде таңдап алынған уәкілетті банктер арқылы (бұдан былай Банктер), 2 жыл мерзімге дейін қайтарымдық негізінде жобаларға несие бөлу үшін беріледі.
3. Облыстың жергілікті атқарушы органы жоба құнындағы өзінің несие қорының үлесін Банктерге пайызсыз негізде береді.
4. Банктер өз несиелік қорының үлесін жобаны қаржыландыруға бас банкпен келісілген мөлшерде қосымша ұсынуға құқылы.
5. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы Банкпен тиісті келісім жасайды. Келісім-шартқа сәйкес Банктерге жергілікті атқарушы орган алдында толық жауапкершілік жүктеледі және жобаларға несие беруге неси қоры ретінде пайдаланылатын бюджеттік қаражатты қайтарудың өз кепілдігін ұсынады.
6. Банктер несие ресурстарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына сәйкес:
- 2 жыл мерзімге,
- несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу шартымен,
- кепілді қамтамасыз етумен, несие ресурстарын соңғы заемшыға ұсынады.
7. Несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаражаттары Атырау облысы аудандарының халқының санының балама үлесіне қарай белгіленеді.
8. Аудандарда қаржыландыру сомасының 50% пайызынан кем емес мөлшері ауылшаруашылығы жөніндегі жобаларға бөлу ұсынылады.
млн.тенге
Халық санының балама үлесіне қарай белгіленген несие ресурстары
Барлығы:
100
Атырау қаласы
44,0
Жылыой
4,0
Индер
6,6
Исатай
5,2
Курмангазы
12,7
Кзылкога
7,0
Махамбет
5,8
Макат
5,7
Резерв
9,0
9. Шығыстар сметасына сәйкес несиелік қаражаттарды бөлу, үлес-үлеспен жүзеге асырылады.
10. Бірінші кезекте ауылшаруашылығы жобалары қаралатын болады.
11. Аудан 2000 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде белгіленген лимитті игере алмаған жағдайында, пайдаланылмаған қаражат басқа аудандарға таратылып беріледі.
2. Қаржыны пайдалану бағыттары
1. Несиелік қорлар әрбір ауданның бюджеттік қаражатын пайдалану жөнінде әзірленген мақсатты бағдарламаға сәйкес бизнес жобаларға бөлінуі тиіс. Бұл ретте жалпы соманың 50% жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға, 50% жаңадан импортты алмастыратын өндіріспен халыққа қызмет көрсету кәсіпорындарын құру үшін бөлінуі керек.
2. Бизнес-жобалар міндетті түрде қала аудан әкімшілік комиссияларынан өтіп, жобаның басымдықтары туралы кепілдік-ұсыныстары болуы керек. 2000 жылғы қаржыландыруға басымдық берілген жобаларды іріктеу мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Департаменттің, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау және облыстық кәсіпкерлер қауымдастығы, қала аудан әкімшіліктері өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
3. Жобаларды қабылдау, қарау, мақұлдау және несие ресурстарын бөлу тәртібі
1. Соңғы қарызгерлер банктерге ұсынатын құжаттарына қойылатын талаптарды Банктердің өздері белгілейді және қолданыстағы банктік заңмен және олармен қабылданған несие саясатына сәйкес белгіленеді.
2. Қаржы бөлуге дейін Банк несиелеу комитетінің оңтайлы бағасын алған бизнес-жобаларды қаржыландыруға соңғы бекіту үшін мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікті қолдау басқармасына ұсыну қажет.
4. Несиенің мақсатты пайдаланылуына және өтелуіне бақылау жасау
1. Мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қолдау көрсету басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, және облыстық қазынашылық басқармасы Банктермен несие ресурстары ретінде пайдаланылатын бюджет қаржысының уақытылы және мақсатты пайдаланылуына, несие келісім шарттары талаптарының орындалуына бақылау жасайды.
2. Банктерге бюджет қаржысын бөлу облыс әкімінің өкімімен бағдарламаның әкімшілігі арқылы облыстық қаржы басқармасымен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Несие ресурстары ретінде қаржыландырылатын бөлінген бюджет қаржысы Банктермен күн мерзім ішінде игерілмесе, олар тиісті банктік операциялардың жүргізу есебімен жергілікті бюджет бағдарламасы әкімшілігінің есеп-шотына қайтарылады.