Қолданыстағы ред. 15.11.2010

Қараменде би селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы от 15.11.2010 г. № 1 (Қараменде би селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы)

0

Қараменде би селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Қараменде би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 25 мамырдағы N 02, 03, 04, 05 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Қараменде би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақтас селосындағы көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін:
Бірінші көшесі - Еңбек көшесі деп;
Екінші көшесі – Алаш көшесі деп.

2

2. Қуаныш елді мекеніндегі көшелердің атаулары өзгертіліп:
Бірінші көшесі – Егемендік көшесі деп;
Екінші көшесі – Кенішбай ақын көшесі деп қайта аталсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.