Қараменде би селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қараменде би селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Қараменде би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 25 мамырдағы N 02, 03, 04, 05 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Қараменде би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтас селосындағы көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін: Бірінші көшесі - Еңбек көшесі деп; Екінші көшесі – Алаш көшесі деп.
Тармақ 2
2. Қуаныш елді мекеніндегі көшелердің атаулары өзгертіліп: Бірінші көшесі – Егемендік көшесі деп; Екінші көшесі – Кенішбай ақын көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.