Қолданыстағы ред. 15.11.2010

Тораңғалық селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы от 15.11.2010 г. № 1 (Тораңғалық селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы)

0

Тораңғалық селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Тораңғалық селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 24 маусымындағы село тұрғындарының ұсынысы негізінде және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Тораңғалық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 30-лет Победы көшесі - Жеңіс 30 жыл деп;
Спортивная көшесі – Спорт көшесі деп;
Школьная көшесі – Мектеп көшесі деп;
Абая көшесі – Абай көшесі деп;
Молодежная көшесі - Жастар көшесі деп;
Набережная көшесі - Жағалау көшесі деп;
Зеленая көшесі - Жасыл көшесі деп;
Целинная көшесі - Тың игеру көшесі деп;
Фабрика көшесі - Астананың 10 жылдағы көшесі деп қайта аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.