Тораңғалық селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тораңғалық селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Тораңғалық селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 24 маусымындағы село тұрғындарының ұсынысы негізінде және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Тораңғалық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 30-лет Победы көшесі - Жеңіс 30 жыл деп; Спортивная көшесі – Спорт көшесі деп; Школьная көшесі – Мектеп көшесі деп; Абая көшесі – Абай көшесі деп; Молодежная көшесі - Жастар көшесі деп; Набережная көшесі - Жағалау көшесі деп; Зеленая көшесі - Жасыл көшесі деп; Целинная көшесі - Тың игеру көшесі деп; Фабрика көшесі - Астананың 10 жылдағы көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.