Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации общественных объединений

Заң · № 39-II · қабылданған 23.03.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5590/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации общественных объединений Қолданыста 23.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации общественных объединений

Қолданыста Заң № 39-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации общественных объединений
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39-II
Қабылданған күні
23.03.2000
Көрсетілген редакция
23.03.2000 AI5590_0.kaz
Соңғы өзгеріс
23.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000039_
ЭКБ идентификаторы
5590
Редакция идентификаторы
AI5590_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:35
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж. N 12, 183-құжат; 1998 ж. N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 жылғы 3, 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3, 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдері
Мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қоғамдық бірлестіктер үшін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап 15 күн ішінде жүргізілуге тиіс.
Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады.".

2. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат):

13-баптың төртінші абзацындағы ", басшы органның мүшелері туралы мәліметтер, қоғамдық бірлестіктің мәртебесін және заңды мекен-жайын" деген сөздер "туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін" деген сөздермен ауыстырылсын.