Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, "О государственной регистрации юридических лиц"

Заң · № 40-II · қабылданған 23.03.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5591/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, "О государственной регистрации юридических лиц" Қолданыста 23.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, "О государственной регистрации юридических лиц"

Қолданыста Заң № 40-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, "О государственной регистрации юридических лиц"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40-II
Қабылданған күні
23.03.2000
Көрсетілген редакция
23.03.2000 AI5591_0.kaz
Соңғы өзгеріс
23.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000040_
ЭКБ идентификаторы
5591
Редакция идентификаторы
AI5591_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:35
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж. N 12, 183-құжат; 1998 ж. N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 жылғы 3, 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3, 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу;";
4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.";
5-бапта:
екінші абзацтағы "мемлекеттік" деген сөз "бірыңғай мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
6-баптың бірінші абзацындағы "қазақ немесе орыс тілдерінде жазылып, ... берілетін" деген сөздер "мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылып, ... берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл орайда тіркеуші органға мынадай құжаттар табыс етіледі: құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкілетті органның шешімі не шешімінен үзінді, заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары, қайта тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек немесе төлем тапсырылымы.";
16-баптың бесінші бөлігіндегі "мемлекеттік" деген сөз "бірыңғай мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын.