Об утверждении Правил общего водопользования в Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил общего водопользования в Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-28-4
- Қабылданған күні
- 27.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2013 55946_171650.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10B0003377
- ЭКБ идентификаторы
- 55946
- Редакция идентификаторы
- 55946_171650
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:05
0 Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесі бекітілсін (қоса берілді).
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы табиғи
ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу
басқармасының бастығы Ә.М. Сағитов
3 Ақмола облыстық
мәслихатының
2010 жылғы 27 қазанда
№ 4С-28-4 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысында ортақ
су пайдаланудың Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі Комитетінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында ортақ су пайдаланудың үлгі ережесіне сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2 2. Облыстық мәслихат халықты экологиялық, техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық қорғау мақсатында су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктеріне су алу, мал суару, жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындайды.
3 3. Суда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілері иелерінің, су пайдаланушылар мен ұжымдардың (меншік түріне қатыссыз) міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.
2 2. Су объектілерін пайдалану тәртібі
4 4. Су объектілерін пайдалану оларға су заңнамасында көзделген сақтықпен қарау, олардың ластануына жол бермей және зиян келтірмеу жөніндегі шарттар мен талаптар сақталған мақсаттарда жүзеге асырылады.
Су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде, мал суару үшін пайдалану, ауыз сумен жабдықтаудың су көздерін санитарлық қорғау аумақтарынан тыс жерлерде және суару аланшаларының құрылғылары бар болғанда жол беріледі.