О реорганизации отдельных организаций Комитета культуры Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации отдельных организаций Комитета культуры Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 449
- Қабылданған күні
- 27.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2014 AI5595_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000449_
- ЭКБ идентификаторы
- 5595
- Редакция идентификаторы
- AI5595_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:34
0 Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Мәдениет комитетiнiң қарауындағы мыналар қайта құру жолымен:
қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер - республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары;
"Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы" мемлекеттiк мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Республикалық жөндеу-құрылыс және жаңарту басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
"Республика сарайы" мемлекеттiк мекемесi - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Республика сарайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
"Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны;
"Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны - шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын.
2
2. "Ұлттық продюсерлiк орталығы", "Қазкинопрокат" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кинофильмдер қоры (Мемфильмқоры)" мекемелерi мен "Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынын қосу жолымен "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны болып қайта ұйымдастырылсын.
3 3. Қызметтiң мынадай негiзгi нысандары:
осы қаулының 1-тармағының екiншi, төртiншi және алтыншы абзацтарында көрсетiлген кәсiпорындардың концерттiк көрiнiстер, театрлық көрiнiстер және басқа да мәдени-бұқаралық шаралар салаларында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi iске асыратыны;
осы қаулының 1-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның Қазақстан Республикасы мәдениет және сәулет ескерткiштерiн жөндеу, қалпына келтiру, консервациялау және қайта құру жұмыстарын орындайтыны;
осы қаулының 1-тармағының бесiншi абзацында көрсетiлген кәсiпорынның республиканың тарихи және этно-мәдени орталықтары жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзетiнi, тарихи және мәдени ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру, жаңғырту және консервациялау жөнiндегi ғылыми-жобалау құжаттамаларын әзiрлейтiнi;
осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген, құрылатын кәсiпорынның ұлттық киноның жоғары сапалы көркем туындыларын шығаруды жүзеге асыратыны, мемлекеттiк фильмдер қорын жасайтыны және сақтайтыны, фильмдер прокатын ұйымдастыруды жүзеге асыратыны анықталсын.
4 4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.
5 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi заңда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1 1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2 2) кәсіпорындардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6 6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
7 7. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1 1) "Қазақстан Республикасы кинофильмдерiнiң мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 шiлдедегi N 909 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 261-құжат);
2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшiн жойған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 51-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
14 Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі Мәдениет комитетiнiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң Тізбесі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 28 наурыздағы
N 449 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі Мәдениет комитетiнiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып қайта құрылатын мемлекеттiк мекемелерiнiң Тізбесі