Об утверждении стандартов предоставления информации об индексе фильма
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандартов предоставления информации об индексе фильма
- Атауы (қаз.)
- Фильмнің индексі туралы ақпарат беру стандарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 26.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2012 AI55959_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006650
- ЭКБ идентификаторы
- 55959
- Редакция идентификаторы
- AI55959_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:05
0 Фильмнің индексі туралы ақпарат беру стандарттарын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-3-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған фильмнің индексі туралы ақпарат беру стандарттары:
1 1) Фильмдердің индексі туралы ақпаратты аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде беру стандарты;
2 2) Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Фильмдердің индексі туралы ақпаратты аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде беру стандарты
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Фильмдердің индексі туралы ақпаратты аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде беру стандарты
1
1. Осы Фильмнің индексі туралы ақпаратты беру стандарты (бұдан әрі -Стандарт) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-3-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер индексі туралы ақпарат беру стандарттарын айқындайды.
2 2. Осы Стандарттың ережелері фильмге прокаттау куәлігін алған жеке және заңды тұлғаларға арналған.
3 3. Осы Стандарттың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін дыбыстау-бейнелеу туындыларынан оларды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін беру болып табылады.
4 4. Фильмнің индексі фильмнің аналогтық және цифрлық жеткізгіштерде көрсетілген цифрлық және мәтіндік белгілеулерінен тұрады:
bох-қаптамада;
фильмді көрсетер алдында.
5 5. Фильм индексінің мәтіндік белгілеуі мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
6 6. Фильмнің индексі туралы ақпарат bох-қаптамада жеке тікбүрышты бейнеде ерекше белгіленеді және мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1 1) орналасқан жері - bох-қаптаманың сырт жағындағы сол жақтағы төменгі бұрышы;
2 2) ауданы - bох-қаптаманың сырт жағындағы жалпы ауданның екі процентінен кем емес;
3 3) цифрлық және мәтіндік белгілеудің түсі - қызыл түсті фонда ақ;
4 4) қаріп - цифрлық белгілеу үшін - Impact, мәтіндік белгілеу үшін - Аrial.
7 7. Фильмді тікелей көрсетер алдында фильм индексі туралы ақпараты бар көрнеу мынадай параметрлерде демонстрацияланады:
1 1) орналасқан жері - қандай да бір жанама ақпаратсыз экранның ортасы;
2 2) қарпі - фильмнің негізгі титрларының қарпі;
3 3) ұзақтығы - үш секундтан кем емес;
4 4) дыбыстау тілі - фильмді демонстрациялау тілі.
0 Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 119 бұйрығымен
бекітілген
Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты
1
1. Осы Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі туралы ақпарат беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-3-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер индексі туралы ақпарат беру стандарттарын айқындайды.
2 2. Осы Стандарттың ережелері фильмге прокаттау куәлігін алған жеке және заңды тұлғаларға арналған.
3 3. Осы Стандарттың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіруі мүмкін дыбыстау- бейнелеу туындыларынан оларды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін беру болып табылады.
4 4. Фильмнің индексі цифрлық және мәтіндік белгілеуден тұрады.
5 5. Фильм индексінің мәтіндік белгілеуі мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
6 6. Кинозалдарда және осы мақсаттар үшін көзделген өзге де орындарда демонстрацияланатын және телевизия эфирінен берілетін фильмдердің индексі:
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарнама және өзге де баспа өнімдерінде;
фильмді демонстрациялау алдында көрсетіледі.
7 7. Фильмнің барлық жарнамалық баспа өнімдерінде фильмнің индексі жеке тікбұрышты бейнеде ерекше белгіленеді және мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1 1) орналасқан жері - баспа өнімінің ең бетіндегі сол жақтағы төменгі бұрышы (бұқаралық баспа құралдарында жарнамалау кезінде - жарнамалық модульдың сол жақтағы төменгі бұрышы);
2 2) ауданы - баспа өнімінің ең бетіндегі барлық ауданының жеті процентінен кем емес (бұқаралық баспа құралдарында жарнамалау кезінде - жарнамалық модуль ауданының жеті процентінен кем емес);
3 3) түсі - инверсия (қара фонда - ашық қаріппен, ашық фонда - қара қаріппен);
4 4) қарпі - негізгі мәтіннің қарпі.
8 8. Барлық бейнероликтердің соңында фильмнің индексі мынадай параметрлерде көрсетіледі:
1 1) орналасқан жері - қандай да бір жанама ақпаратсыз экранның ортасына;
2 2) қарпі - негізгі мәтіннің қарпі;
3 3) ұзақтығы - үш секундтан кем емес;
4 4) дыбыстау тілі - бейнероликті демонстрациялау тілі.
Жарық беретін табло арқылы жарнамалау кезінде осы тармақтың 1)-3) тармақшаларының талаптары қолданылады.