Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача лицензий на производство (выпуск) строительных материалов, изделий и конструкций (за исключением сертифицируемой продукции)"

Бұйрық · № 483 · қабылданған 04.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56064/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача лицензий на производство (выпуск) строительных материалов, изделий и конструкций (за исключением сертифицируемой продукции)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 483 ·04.11.2010
04.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача лицензий на производство (выпуск) строительных материалов, изделий и конструкций (за исключением сертифицируемой продукции)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 483 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента оказания государственной услуги "Выдача лицензий на производство (выпуск) строительных материалов, изделий и конструкций (за исключением сертифицируемой продукции)"
Атауы (қаз.)
"Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру" мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
483
Қабылданған күні
04.11.2010
Көрсетілген редакция
04.06.2019 56064_415981.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006674
ЭКБ идентификаторы
56064
Редакция идентификаторы
56064_415981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:00

0 "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру" мемлекеттік қызметтер көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитетінің төрағасы К.С. Оспановқа және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Е.М. Сәдуақасоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері
агенттігі төрағасының
2010 жылғы 4 қарашадағы № 483
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 5 қарашадағы № 872
және Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрі
міндетін атқарушының
2010 жылғы 5 қарашадағы № 282-ө
бірлескен бұйрығына
қосымша
«Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1. Осы «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) – жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушылар) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) құқығын беру рәсімі.
3. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы және «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысының негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру немесе қағаз жеткізгіштерде оны беруден дәлелді бас тарту болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай мүдделі органдар қатысады:
1) санитарлық-эпидемиялогиялық қызметтің мемлекеттік органдары, қатысу дәрежесі – лицензияланатын жұмыс түрлеріне қорытынды беру;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдар, қатысу дәрежесі – лицензияланатын жұмыс түрлеріне қорытынды беру (бұдан әрі – мүдделі органдар).

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары мен жұмыс кестелері көрсетілген Орталық және уәкілетті органнан алуға болады.
9. Мүдделі органдар бөлігіндегі әкімшілік рәсімдер:
Мүдделі органдарда уәкілетті органнан жолданған сұрау салулардың қарастырылуы, тұтынушының басшылық етілетін саладағы қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе сәйкес еместігін айқындау жүргізіледі.
Сұрау салуларды қарау нәтижелері уәкілетті органға қорытынды түрінде жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеулі мерзімдері.
Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – он жұмыс күні;
2) орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – отыз жұмыс күні;
3) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;
5) шағын кәсіпкерлік субъекті үшін мүдделі органдардың қорытындылары уәкілетті органға 7 жұмыс күні ішінде ұсынылады;
6) ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мүдделі органдардың қорытындылары уәкілетті органға 25 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартудың негіздемесі:
1) осы Регламенттің 15-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
2) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндірумен (шығаруға)
айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) өтініш берушіге осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы табылады.
12. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы Орталыққа лицензиялау туралы өтініш береді;
2) Орталық өтінішті тіркейді және уәкілетті органға жібереді;
3) уәкілетті орган Орталықтан немесе өтінішті тікелей берген кезде тұтынушылардан түскен өтініштерді қарауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында көрсетілген жағдайларда мүдделі органдарға сұраныстар жібереді, дәлелді бас тарту дайындайды немесе құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензияны ресімдейді, Орталыққа мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды немесе уәкілетті органға өтініш берген кезде өтініш берушіге береді;
4) мүдделі орган тұтынушының тиісті салада қойылған талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның сауалдарын қарайды, уәкілетті органға қорытындыларды жібереді.
13. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

14. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезе» арқылы жүзеге асырылады, онда Стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен уақыты көрсетілген Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен уақыт бойынша уәкілетті органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушы Орталыққа немесе уәкілетті органға құжаттарды тапсырғаннан кейін тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
сұралынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіліп, қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Орталыққа немесе уәкілетті органға:
1) заңды және жеке тұлға үшін Стандарттың 11 және 12-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты – 10 айлық есептік көрсеткіш, тұтынушының тұратын жері бойынша төленеді;
7) Стандарттың 3-қосымшасы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
16. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) Орталықтың инспекторы;
2) жинақтаушы бөлімнің нспекторы;
3) уәкілетті органның кеңсесі;
4) уәкілетті органның басшылығы;
5) құрылымдық бөлімшенің бастығы;
6) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы;
7) уәкілетті органның заң қызметі;
8) мүдделі орган.
18. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін тестілік кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдары (рәсімдер) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды сабақтастығы мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кестелер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту нысанында ұсынылады.
Лицензия беруден бас тарту жазбаша түрде қағаз жеткізгіштерде дәлелді бас тарту себептері көрсетіліп ресімделеді.

1 Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы

«Құрылыс материалдарын, бұйымдары
мен конструкцияларын
(сертификатталатын өнімдерді қоспағанда)
өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету
Регламентіне 1-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы
1-Кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­нің ин­спек­то­ры
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­нің ин­спек­то­ры
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
Жур­нал­ға қол қо­яды және құ­жат­тар жи­най­ды
Ті­зі­лім құ­ра­ды және құ­жат­тар­ды жі­бе­ре­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және қол­хат бе­ру
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­ге құ­жат­тар жи­нау
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут
Кү­ніне 3 рет
Кү­ніне бір рет­тен кем емес
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­кер­ле­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы (ли­цен­зи­я­лау бө­лі­мі)
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды, мүд­де­лі ор­ган­дар­дың са­у­ал­дар­ға бер­ген қо­ры­тын­ды­ла­рын қа­был­дау, тір­кеу
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, қа­рау үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, қа­рау үшін жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­жат­тар­ды бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою, құ­жат­тар­ды жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
1 са­ғат
1 са­ғат
1 са­ғат
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
5
6
7
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
7
8
2
ҚФБ ата­уы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы (ли­цен­зи­я­лау бө­лі­мі)
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын ай­қын­дау, сұ­ра­ны­сты жү­зе­ге асы­ру (қа­жет болған жағ­дай­да), бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның қо­ры­тындыс­ы­на қол қою, мүд­де­лі ор­ган­дар­ға жі­бе­рі­ле­тін са­у­ал­дар­ға бұ­ры­шта­ма қою
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Сәй­кест­і­гі неме­се сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды дай­ын­дау, мүд­де­лі ор­ган­да­ға сұ­рау жі­бе­рі­ді әзір­леу, ма­те­ри­ал­дар­мен қо­ры­тын­ды­ны құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
ма­те­ри­ал­дар­мен қо­ры­тын­ды­ны заң қыз­ме­тіне жі­бе­ру, са­у­ал­дар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на қол қою үшін жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
8
9
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
9
10
2
ҚФБ ата­уы
Заң қыз­ме­ті
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Заң са­рап­та­ма­сын өт­кі­зу, бұй­рық дай­ын­дау
Бұй­рық­ты бе­кі­ту, мүд­де­лі ор­ган­дар­ға жі­бе­рі­ле­тін са­у­ал­дар­ға қол қою
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Бе­кі­ту үшін бұй­рық­ты бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
Ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге бе­кі­ті­л­ген бұй­рық­ты жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
10
11
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
11
12
2
ҚФБ ата­уы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу
Ли­цен­зия блан­кіне қол қою
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Ре­сім­дел­ген ли­цен­зи­я­ны қол қою үшін уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
Қол қой­ы­л­ған бланк­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
1 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
12
13
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
13
14
2
ҚФБ ата­уы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ли­цен­зи­я­ны ли­цен­зия ті­зі­лі­міне ен­гі­зу және уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне жі­бе­ру
Өті­ніш бе­ру­ші­лер­ге ли­цен­зи­я­лар бе­ру неме­се Ор­та­лық­қа жі­бе­ру, са­у­ал­дар­ды мүд­де­лі ор­ган­дар­ға жет­кі­зу
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Ли­цен­зи­я­ны уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне жі­бе­ру
тұ­ты­ну­шы­ға ли­цен­зия бе­ру неме­се ли­цен­зи­я­ны Ор­та­лық­қа жі­бе­ру ту­ра­лы қол­хат, са­у­ал­дар­ды мүд­де­лі ор­ган­дар­ға тап­сыр­ға­нын рас­тай­тын мөр­та­бан
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 ми­нут
Жұ­мыс кү­ні­нің ішін­де
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
14
15
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
15
2
ҚФБ ата­уы
Мүд­де­лі ор­ган­дар
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
уәкі­лет­ті ор­ган жол­да­ған сұ­рау са­лу­лар­дың қа­рас­ты­ры­луы, бас­шы­лық еті­ле­тін са­лад­а­ғы қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін неме­се сәй­кес еме­сті­гін ай­қын­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
қо­ры­тын­ды­ны уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
Ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі үшін 7 жұ­мыс кү­ні, ірі және ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі үшін 25 жұ­мыс кү­ні ішін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
ҚФБ 1 То­бы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
ҚФБ 2 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
ҚФБ 3 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
ҚФБ 4 То­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
ҚФБ 5 То­бы
Заң қыз­ме­ті
ҚФБ 6 То­бы
Мүд­де­лі ор­ган
№ 1 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
№ 2 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­дан неме­се өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден өті­ніш­тер, мүд­де­лі ор­ган­дар­дан қо­ры­тын­ды­лар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
№ 3 іс-қи­мыл
Орын­дау, бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
№ 4 іс-қи­мыл
Өті­ніш­тер­ді қа­рау, өті­ніш­тер­дің ли­цен­зи­я­лау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау, қа­жет болған жағ­дай­да мүд­де­лі ор­ган­дар­ға сұ­ра­ны­сты жү­зе­ге асы­ру, қо­ры­тын­ды­лар­ды дай­ын­дау
№ 5 іс-қи­мыл
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше са­рап­та­ма­сы­ның қо­ры­тындыс­ы­на заң са­рап­там­сын жүр­гі­зу, ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы бұй­рық­ты дай­ын­дау
№ 6 іс-қи­мыл
Мүд­де­лі ор­ган ары­зда­уш­ның, бас­шы­лық жа­сай­тын об­лы­ста қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі неме­се сәй­кес еме­сті­гі­ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны дай­ын­дай­ды Уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ре­ді
№ 7 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
№ 8 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу
№ 9 іс-қи­мыл
Бұй­рық­ты тір­кеу
№ 10 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­ға қол қою
№ 11 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­ны тір­кеу
№ 13 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­да өті­ніш бе­ру­ші­ге ли­цен­зия бе­ру
№ 12 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­и­я­ны Ор­та­лық­қа неме­се өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру
3-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
ҚФБ 1 То­бы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
ҚФБ 2 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
ҚФБ 3 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
ҚФБ 4 То­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
ҚФБ 5 То­бы
Заң қыз­ме­ті
№ 1 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
№ 2 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­дан неме­се өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден өті­ніш­тер қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
№ 3 іс-қи­мыл
Орын­дау, бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
№ 4 іс-қи­мыл
Өті­ніш­тер­ді қа­рау, өті­ніш­тер­дің ли­цен­зи­я­лау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау, дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау
№ 5 іс-қи­мыл
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас тар­туы­на заң са­рап­та­ма­сын жүр­гі­зу
№ 6 іс-қи­мыл
Бас тар­ту­ға қол қою
№ 8 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­да өті­ніш бе­ру­ші­ге бас тар­ту­ды бе­ру
№ 7 іс-қи­мыл
Бас тар­ту­ды Ор­та­лық­қа жі­бе­ру неме­се өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру

2 Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар

«Құрылыс материалдарын, бұйымдары
мен конструкцияларын
(сертификатталатын өнімдерді
қоспағанда) өндіруге (шығаруға)
лицензиялар беру» мемлекеттік
қызметтер көрсету Регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар

Қолданыстағы