Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламентов оказания государственных услуг

Бұйрық · № 484 · қабылданған 04.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56065/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Регламентов оказания государственных услуг Күшін жойған Бұйрық ·№ 484 ·04.11.2010
24.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламентов оказания государственных услуг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 484 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламентов оказания государственных услуг
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
484
Қабылданған күні
04.11.2010
Көрсетілген редакция
24.04.2013 AI56065_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006676
ЭКБ идентификаторы
56065
Редакция идентификаторы
AI56065_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:00

0 Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру»;

2 2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестаттау және аккредиттеу департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді өткен күннен бастап күшіне енеді.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі төрағасының
2010 жылғы 4 қарашадағы № 484 бұйрығына
1-қосымша
«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) – өтініш берушіге жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді өзгерту бойынша оның ниетін іске асыруға құқық беретін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру рәсімі.

3 3. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 68-бабы 11-тармағы және «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысының негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру немесе қағаз жеткізгіштерде оны беруден бас тарту болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 және  2-қосымшаларында мекенжайлары мен жұмыс кестелері көрсетілген Орталық және уәкілетті органнан алуға болады.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеулер мерзімдері:

1 1) Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу немесе рұқсат беруден бас тарту үшін – жеті жұмыс күнін;
тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту бойынша тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін – бес жұмыс күнін құрайды;

2 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;

3 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 30 минуттан аспайды.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартудың, соның ішінде құжаттарды қабылдау және қараудан бас тартудың негіздемесі:

1 1) осы Регламенттің 13 және 14-тармақтарында көзделген барлық құжаттарды ұсынбау. Аталған ескертулерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;

2 2) құжаттарды тиісінше ресімдемеу;

3 3) ұсынылған материалдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес еместігі;

4

4) өтініш берушіде өзгертілетін объектіге тиісті жеке меншік құқығы немесе меншік иесінің (меншік иелерінің) үй-жайды немесе ғимараттың бөлігін өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі, сондай-ақ аталған өзгерістер мүдделерін қозғайтын өзге де үй-жайларға меншік иесінің құқығының болмауы;

5 5) жоспарланған өзгеріс үй-жайдың (ғимараттың бөліктерін) нормативтік құқықтық актілер немесе нормативтік-техникалық құжаттармен тыйым салынған және шектелген қызмет түрі үшін пайдалануды көздеуі;

6 6) өзгерістер жобасының техникалық жағдайлар немесе мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

10 10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Орталыққа құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы өтініш береді;

2 2) Орталық өтінішті тіркейді және уәкілетті органға жібереді;

3

3) уәкілетті орган Орталықтан немесе өтінішті тікелей берген кезде тұтынушылардан түскен өтініштерді қарауды жүзеге асырады, дәлелді бас тартуды дайындайды немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсатты ресімдейді, Орталыққа мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды немесе уәкілетті органға өтініш берген кезде өтініш берушіге береді.

11 11. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

12 12. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезе» арқылы жүзеге асырылады, онда Стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен уақыты көрсетілген Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен уақыт бойынша уәкілетті органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушы Орталыққа немесе уәкілетті органға құжаттарды тапсырғаннан кейін тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
сұралынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіліп, қолхат беріледі.

13 13. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат алу үшін тұтынушылар Орталыққа немесе уәкілетті органға:

1 1) Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;

2 2) құрылысқа жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі (көшірмесі);

3 3) жобалау-сметалық құжаттама сараптамасының оң қорытындысын (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша немесе екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша) (көшірме);

4 4) бас мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерінің тізбесімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия (көшірмесі).

14 14. Тұрғын үй ғимараттарындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, сондай-ақ оның өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту бойынша тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін тұтынушылар Орталыққа немесе уәкілетті органға:

1 1) Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;

2 2) қолданыстағы объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге тиісті жергілікті атқарушы орган рұқсатының көшірмесін;

3

3) құжаттардың түпнұсқасын қарастырушы мемлекеттік органға түпнұсқаларын ұсынумен не меншік иесінің (меншік иелерінің) үй-жайды немесе ғимараттың бөлігін өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін, өтініш берушінің өзгертілетін объектіге (ғимараттың бөлігіне) меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;

4 4) тиісті жергілікті сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған болжанып отырған өзгерістердің жобасын (нобайын);

5

5) үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланып отырған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа жеке меншік иелерінің мүдделерін қозғаса, осы өзгерістерге өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) шектесіп жатқан басқа үй-жай (үйдің бөлігі) жеке меншік иелерінің нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімін ұсынады.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

1 1) Орталық инспекторы;

2 2) Орталықтың жинақтаушы бөлімнің инспекторы;

3 3) уәкілетті орган.

16 16. Әрбір әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін көрсетіп, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ үдерісінде әкімшілік іс-қимылдардың қисынды сабақтастығы арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кестелер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту нысанында ұсынылады.

Рұқсат беруден бас тарту жазбаша түрде қағаз жеткізгіштерде дәлелді бас тарту себептері көрсетіліп ресімделеді.

1.1 Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы

«Жергілікті маңызы бар
объектілер бойынша құрылыс-
монтаж жұмыстарын жүргізуге
(құрылысты бастауға) рұқсат
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету Регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы
1-Кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Ор­та­лық­тың ин­спек­то­ры
Ор­та­лық­тың жи­нақ­та­у­шы бө­лі­мі­нің ин­спек­то­ры
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­нің ин­спек­то­ры
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру, қа­был­дау
Жур­нал­ға қол қо­яды және құ­жат­тар­ды жи­най­ды
Ті­зі­лім құ­ра­ды және құ­жат­тар­ды жі­бе­ре­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және қол­хат бе­ру
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­ге құ­жат­тар жи­нау
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
15 ми­нут
Кү­ніне 3 рет
Кү­ніне бір рет­тен кем емес
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­кер­ле­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, құ­жат­тар­ды қа­рау үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, қа­рау үшін жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Құ­жат­тар­ды бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою
Бұ­ры­шта­ма қою
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
1 са­ғат
1 са­ғат
1 са­ғат
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
5
6
7
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
7
8
9
2
ҚФБ ата­уы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын және сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы бел­гі­лен­ген заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
Рұқ­сат бе­ру­ді неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды ке­лі­су
Рұқ­сат бе­ру­ге неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
4
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Рұқ­сат бе­ру­ді неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды фир­ма­лық блан­кі­де ре­сім­деу
Ке­лі­сі­л­ген құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на қол қою үшін жі­бе­ре­ді
Құ­ры­лыс-мон­таж жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге рұқ­сат неме­се дәлел­ді бас тар­ту
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
5 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
2 са­ғат
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
8
9
10
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
10
11
12
2
ҚФБ ата­уы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­ке­рі
Ор­та­лық­тың ин­спек­то­ры
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар жур­на­лын­да рұқ­сат бе­ру­ді тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ру, дәлел­ді бас тар­ту­ды жі­бе­ру
Тір­кел­ген рұқ­сат­ты алу неме­се дәлел­ді бас тар­ту­ды тір­кеу
Қол­хат бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­ға дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Құ­жат­тар­ды кең­се­ге жі­бе­ру
Қол­хат бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­ға дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру неме­се олар­ды Ор­та­лық­қа жі­бе­ру
Тұ­ты­ну­шы­ның құ­жат­тар­ды ал­ға­нын рас­тау ту­ра­лы құ­жат­та қол қо­юы
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 ми­нут
1 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
11
12
2-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
ҚФБ 1 То­бы
Ор­та­лық­тың ин­спек­то­ры
ҚФБ 2 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
ҚФБ 3 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
ҚФБ 4 То­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
№ 1 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
№ 2 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­дан неме­се өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден құ­жат­тар қа­был­дау, тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
№ 3 іс-қи­мыл
Орын­дау үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 4 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­дың сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы бел­гі­лен­ген заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау, Рұқ­сат бе­ру­ді фир­ма­лық блан­кі­де ре­сім­деу
№ 6 іс-қи­мыл
Рұқ­сат бе­ру­ге қол қою
№ 7 іс-қи­мыл
Бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар жур­на­лын­да рұқ­сат бе­ру­ді тір­кеу
№ 8 іс-қи­мыл
Тұ­ты­ну­шы­ға рұқ­сат­ты бе­ру неме­се Ор­та­лық­қа жі­бе­ру
№ 9 іс-қи­мыл
Тұ­ты­ну­шы­ға рұқ­сат­ты бе­ру
3-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
ҚФБ 1 То­бы
Ор­та­лық­тың ин­спек­то­ры
ҚФБ 2 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
ҚФБ 3 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
ҚФБ 4 То­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
№ 1 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
№ 2 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­дан неме­се өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден құ­жат­тар қа­был­дау, тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
№ 3 іс-қи­мыл
Орын­дау үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 4 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­дың сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы бел­гі­лен­ген заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін қа­рау, дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау
№ 6 іс-қи­мыл
Дәлел­ді бас тар­ту­ға қол қою
№ 7 іс-қи­мыл
Дәлел­ді қо­ры­тын­ды­ны тір­кеу, тұ­ты­ну­шы­ға бе­ру неме­се Ор­та­лық­қа жі­бе­ру
№ 8 іс-қи­мыл  Тұ­ты­ну­шы­ға дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру

1.2 Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар

«Жергілікті маңызы бар
объектілер бойынша құрылыс-
монтаж жұмыстарын жүргізуге
(құрылысты бастауға) рұқсат
беру» мемлекеттік қызмет
көрсету Регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар

2 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігі
төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы
№ 484 бұйрығына 2-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2

2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) – жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - тұтынушылар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтерімен айналысуға құқығын беру рәсімі.

3 3. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы және «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысының негізінде көрсетіледі.

6 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарға және инжинирингтiк қызметтер көрсетуге лицензиялар беру лицензия беру немесе қағаз жеткізгіштерде оны беруден дәлелді бас тарту болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 және 2-қосымшаларында мекенжайлары мен жұмыс кестелері көрсетілген Орталық және уәкілетті органнан алуға болады.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеулі мерзімдері.

Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – он жұмыс күні;

2 2) орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – отыз жұмыс күні;

3 3) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды;

4 4) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 30 минуттан аспайды.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартудың негіздемесі:

1 1) осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынбау. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;

2 2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

3 3) өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

4 4) өтініш берушіге осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы табылады.

10 10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) тұтынушы Орталыққа лицензиялау туралы өтініш береді;

2 2) Орталық өтінішті тіркейді және уәкілетті органға жібереді;

3

3) уәкілетті орган Орталықтан немесе өтінішті тікелей берген кезде тұтынушылардан түскен өтініштерді қарауды жүзеге асырады, дәлелді бас тарту дайындайды немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтiк қызметтер көрсету түрлеріне лицензияны ресімдейді, Орталыққа мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды немесе уәкілетті органға өтініш берген кезде өтініш берушіге береді.

11 11. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ең аз тұлғалар саны бір қызметкерді құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

12 12. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезе» арқылы жүзеге асырылады, онда Стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен уақыты көрсетілген Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен уақыт бойынша уәкілетті органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушы Орталыққа немесе уәкілетті органға құжаттарды тапсырғаннан кейін тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
сұралынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіліп, қолхат беріледі.

13 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Орталыққа немесе уәкілетті органға:

1 1) заңды және жеке тұлға үшін Стандарттың 11 және 12-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;

2 2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3 3) жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4 4) жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

5 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

6 6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты – 10 айлық есептік көрсеткіш, тұтынушының тұратын жері бойынша төленеді;

7 7) Стандарттың 4-қосымшасы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

14 14. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:

1 1) Орталықтың инспекторы;

2 2) жинақтаушы бөлімнің нспекторы;

3 3) уәкілетті органның кеңсесі;

4 4) уәкілетті органның басшылығы;

5 5) құрылымдық бөлімшенің бастығы;

6 6) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы;

7 7) уәкілетті органның заң қызметі.

16 16. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін тестілік кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдары (рәсімдер) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды сабақтастығы мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кестелер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту нысанында ұсынылады.

Лицензия беруден бас тарту жазбаша түрде қағаз жеткізгіштерде дәлелді бас тарту себептері көрсетіліп ресімделеді.

2.1 Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы 1-Кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы

«Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында
сараптамалық жұмыстар және
инжинирингтiк қызметтер
көрсету түрлеріне лицензиялар
беру» мемлекеттік қызметтер
көрсету Регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы 1-Кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
1
2
3
2
ҚФБ ата­уы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­нің ин­спек­то­ры
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­нің ин­спек­то­ры
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
Жур­нал­ға қол қо­яды және құ­жат­тар жи­най­ды
Ті­зі­лім құ­ра­ды және құ­жат­тар­ды жі­бе­ре­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Жур­нал­да тір­кеу және қол­хат бе­ру
Жи­нақ­та­у­шы бө­лім­ге құ­жат­тар жи­нау
Уәкі­лет­ті ор­ган­ға құ­жат­тар жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут
Кү­ніне 3 рет
Кү­ніне бір рет­тен кем емес
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
2
3
4
Негіз­гі үде­рі­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі­нің қыз­мет­кер­ле­рі
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы (ли­цен­зи­я­лау бө­лі­мі)
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, қа­рау үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
Хат-ха­бар­мен та­ны­су, қа­рау үшін жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­жат­тар­ды бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою, құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою, құ­жат­тар­ды жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
1 са­ғат
1 са­ғат
1 са­ғат
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
5
6
7
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
7
8
2
ҚФБ ата­уы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығы (ли­цен­зи­я­лау бө­лі­мі)
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын ай­қын­дау, сұ­ра­ны­сты жү­зе­ге асы­ру (қа­жет болған жағ­дай­да), бі­лік­ті­лік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның қо­ры­тындыс­ы­на қол қою
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Сәй­кест­і­гі неме­се сәй­кес еме­сті­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды дай­ын­дау, ма­те­ри­ал­дар­мен қо­ры­тын­ды­ны құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ба­стығ­ы­на жі­бе­ру
ма­те­ри­ал­дар­мен қо­ры­тын­ды­ны заң қыз­ме­тіне жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
8
9
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
9
10
2
ҚФБ ата­уы
Заң қыз­ме­ті
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Заң са­рап­та­ма­сын өт­кі­зу, бұй­рық дай­ын­дау
Бұй­рық­ты бе­кі­ту
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Бе­кі­ту үшін бұй­рық­ты бас­шы­лық­қа жі­бе­ру
Ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге бе­кі­ті­л­ген бұй­рық­ты жі­бе­ру.
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
2 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
10
11
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
11
12
2
ҚФБ ата­уы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу
Ли­цен­зия блан­кіне қол қою
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Ре­сім­дел­ген ли­цен­зи­я­ны қол қою үшін уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
Қол қой­ы­л­ған бланк­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ге жі­бе­ру.
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
1 са­ғат
30 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
12
13
1
Іс-қи­мыл­дың (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) №
13
14
2
ҚФБ ата­уы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
3
Іс-қи­мыл­дың (үде­рі­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ли­цен­зи­я­ны ли­цен­зия ті­зі­лі­міне ен­гі­зу және уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне жі­бе­ру
Өті­ніш бе­ру­ші­лер­ге ли­цен­зи­я­лар бе­ру неме­се Ор­та­лық­қа жі­бе­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­ші­лік ше­шім)
Ли­цен­зи­я­ны уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сіне жі­бе­ру
тұ­ты­ну­шы­ға ли­цен­зия бе­ру неме­се ли­цен­зи­я­ны Ор­та­лық­қа жі­бе­ру ту­ра­лы қол­хат
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
30 ми­нут
Жұ­мыс кү­ні­нің ішін­де
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл­дың нө­мі­рі
14
2-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
ҚФБ 1 То­бы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
ҚФБ 2 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
ҚФБ 3 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
ҚФБ 4 То­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
ҚФБ 5 То­бы
Заң қыз­ме­ті
№ 1 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
№ 2 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­дан неме­се өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден өті­ніш­тер қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
№ 3 іс-қи­мыл
Орын­дау, бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
№ 4 іс-қи­мыл
Өті­ніш­тер­ді қа­рау, өті­ніш­тер­дің ли­цен­зи­я­лау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау, қа­жет болған жағ­дай­да мүд­де­лі ор­ган­дар­ға сұ­ра­ны­сты жү­зе­ге асы­ру, қо­ры­тын­ды­лар ын дай­ын­дау
№ 5 іс-қи­мыл
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше са­рап­та­ма­сы ың қо­ры­тындыс­ы­на заң са­рап­та­ма­сын жүр­гі­зу, ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы бұй­рық­ты дай­ын­дау
№ 6 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы бұй­рық­ты бе­кі­ту
№ 7 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу
№ 8 іс-қи­мыл
Бұй­рық­ты тір­кеу
№ 9 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­ға қол қою
№ 10 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­я­ны тір­кеу
№ 12 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­да өті­ніш бе­ру­ші­ге ли­цен­зия бе­ру
№ 11 іс-қи­мыл
Ли­цен­зи­и­я­ны Ор­та­лық­қа неме­се өті­ніш бе­у­ші­ге бе­ру
3-Кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
ҚФБ 1 То­бы
Ор­та­лық ин­спек­то­ры
ҚФБ 2 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның кең­се­сі
ҚФБ 3 То­бы
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы
ҚФБ 4 То­бы
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше
ҚФБ 5 То­бы
Заң қыз­ме­ті
№ 1 іс-қи­мыл
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, қол­хат бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, құ­жат­тар­ды уәкі­лет­ті ор­ган­ға жі­бе­ру
№ 2 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­дан неме­се өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден өті­ніш­тер қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу, уәкі­лет­ті ор­ган­ның бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
№ 3 іс-қи­мыл
Орын­дау, бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ні ай­қын­дау
№ 4 іс-қи­мыл
Өті­ніш­тер­ді қа­рау, өті­ніш­тер­дің ли­цен­зи­я­лау са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кест­і­гін ай­қын­дау, дәлел­ді бас тар­ту­ды дай­ын­дау
№ 5 іс-қи­мыл
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас тар­туы­на заң са­рап­та­ма­сын жүр­гі­зу
№ 6 іс-қи­мыл
Бас тар­ту­ға қол қою
№ 8 іс-қи­мыл
Ор­та­лық­тар­да өті­ніш бе­ру­ші­ге бас тар­ту­ды бе­ру
№ 7 іс-қи­мыл
Бас тар­ту­ды Ор­та­лық­қа жі­бе­ру неме­се өті­ніш бе­ру­ші­ге бе­ру

2.2 Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар

«Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі
саласында сараптамалық
жұмыстар және инжинирингтiк
қызметтер көрсету түрлеріне
лицензиялар беру»
мемлекеттік қызметтер
көрсету Регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызбалар

Қолданыстағы