Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға беру төлемін белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға беру төлемін белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға беру төлемін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31-1026
- Қабылданған күні
- 08.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2013 · қолданыстағы 56068_194575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DA000133
- ЭКБ идентификаторы
- 56068
- Редакция идентификаторы
- 56068_194575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:59
0 Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға беру төлемін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы "2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, N 44 үй мекен-жайында орналасқан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метрге жалға беру төлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Алпысовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 А = Ц/Т/12+Р
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы "Жалға алынған
мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін жалға беру
төлемін белгілеу туралы"
N 31-1026 қаулысына қосымша
Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, N 44 үй мекен
жайында орналасқан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін жалға беру төлемін есептеу
Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 (бір) шаршы метрге жалға беру төлемі (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген жалға алынған мемлекеттік тұрғын үйлерде өндіріліп алынған жалға беру төлемін есептеу әдістемесіне сәйкес):
А = Ц/Т/12+Р
формуласымен есептеледі, мұндағы:
А – мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға беру төлемі, айына 1 (бір) шаршы метрге, теңге;
Ц – тұрғын жай алаңының бір шаршы метрінің құрылыс (сатып алу) бағасы, теңге;
Т – ғимараттардың қызмет көрсету мерзімі, жылдар;
Р – тұрғын үйді пайдалануға, ағымды және күрделі жөндеуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтіп ұстауға қажет төлемдер сомасы
Р = ГҒҒ3Ғ/12/ ?п
формуласымен есептеледі, айына 1 (бір) шаршы метрге, теңге, мұндағы:
ГҒҒ3 – тұрғын үй-пайдалану қызметі шығындарының жылдық сметасы, теңге/жыл;
?п – тұрғын ғимараттардағы тұрғын жайлардың жалпы көлемінің сомасы, шаршы метр;
Ц = 64825,25 теңге;
Т = 50 жыл;
ГҒҒ3 = 338551,62 теңге;
?п = 1244 мҒҒІ;
Р = 338551,62 теңге: 12 ай: 1244 мҒҒІ = 22,68.
А = 64825,25 т/мҒҒІ: 50 жыл: 12 ай+ 22,68 теңге = 130,72 теңге
А (айына 1мҒҒІ жалға беру төлемі) = 130,72 теңге/мҒҒІ