Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в области Гражданской обороны

Бұйрық · № 402 · қабылданған 20.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56081/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в области Гражданской обороны Күшін жойған Бұйрық ·№ 402 ·20.11.2010
11.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в области Гражданской обороны

Күшін жойған Бұйрық ·№ 402 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков и формы проверочного листа в области Гражданской обороны
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
402
Қабылданған күні
20.11.2010
Көрсетілген редакция
11.02.2011 AI56081_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006683
ЭКБ идентификаторы
56081
Редакция идентификаторы
AI56081_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:54

0 Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса берілген мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті (М.К. Ысқақов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

10 Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлері

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 20 қарашадағы
№ 402 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 238 бірлескен бұйрығына
1 қосымша
Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау Критерийлері

1 1. Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың осы өлшемдері (бұдан әрі - Критерийлер) 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» және 2006 жылғы 31 қаңтардағы  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы критерийлер сапалық көрсеткіштердің жиынын айқындайды, оның негізінде Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызу жүзеге асырылады.

3 3. Осы Критерийлерде келесі түсініктер қолданылады:

1 1) Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бақылау субъектері;

2 2) тәуекел – бақылау субъектерімен Азаматтық қорғаныс шараларын орындамау нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыру, мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдылығы.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы бөлу кезінде Бақылау субъектілері:

1 1) жоғары тәуекел тобы:

өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, қайта жаңартылатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар әрi маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдарына;
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен уларды шығарумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, сатумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдарына;
аумағында тыныс-тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдарға;

2 2) орташа тәуекел тобы:

орталық атқарушы органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына;
облыстардың жергілікті атқарушы органдарына;
Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
Базасында Азаматтық қорғаныстың аумақтық ұйымдары мен штаттық авариялық-құтқару қызметтері құрылған кәсіпкерлік субъектілеріне;

3 3) төмен тәуекел тобы:

Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылмаған қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
қалалық және ауылдық аудандардың жергілікті атқарушы органдарына;
білім беру объектілеріне (Азаматтық қорғаныс топтарына жатқызылған қалалар мектептері, жоғарғы және орта-арнайы оқу орындары);
50 адам асатын стационарлық денсаулық сақтау объектілеріне бөлінеді.

5 5. Азаматтық қорғаныс саласындағы Бақылау субъектілерін кейінгі бөлу кезінде осы Критерийлердің қосымшасына сәйкес әр Бақылау субъектіге тиісті балл беріледі.

6 6. Жиынтық қорытындының нәтижелері Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша саралау үшін қолданылады.

7 7. Тәуекел дәрежелері бойынша Бақылау субъектілерін саралау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

жоғары тәуекел тобына 40 және одан көп балл;
орташа тәуекел тобына – 25-тен 40-қа дейінгі балл;
шамалы тәуекел тобына - 0-ден 25-ке дейінгі балл алған Бақылау субъектілері жатады.

8 8. Бір тәуекел топ ішінде Бақылау субъектілерін тексеруді басымды жоспарлау негіздері:

1 1) ең үлкен тексерілмеген кезең (тексерілмеген кезеңді айқындау кезінде жоспардан тыс тексерулер саналмайды);

2 2) ең үлкен баллдың сомасы болып табылады.

26 Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

Азаматтық қорғаныс саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша
Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

р/с
Кри­те­рий­лер­дің ата­у­ла­ры
Балл­дар­ды бе­ру шар­тта­ры
Балл­дар
1.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық қыз­мет­ті қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
иә
0
жоқ
20
2.
Бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу
иә
0
жоқ
10
3.
Бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да бас­қа­ру, бай­ла­ныс және ха­бар­дар ету жүй­е­ле­рі­нің дай­ынды­ғы
иә
0
жоқ
20
4.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­ры­ның бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да­ғы іс-қи­мыл­дар­ға дай­ынды­ғы
иә
0
жоқ
10
5.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және оны жою, Аза­мат­тық қор­ға­ныс үшін қар­жы және ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар ре­зерв­те­рі­нің ба­ры
иә
0
жоқ
10
6.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы ха­лық­ты (пер­со­нал­ды) оқы­ту
иә
0
жоқ
10
7.
За­ма­на­уи за­қым­да­ну құ­рал­да­ры ық­па­лы­нан және тө­тен­ше жағ­дай туын­да­ған кез­де ха­лық­ты (пер­со­нал­ды) қор­ғау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар өт­кі­зу
иә
0
жоқ
10

27 Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 20 қарашадағы
№ 402 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 238 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысаны
Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________
Тағайындау туралы акті _____________________________________________
(№, датасы)
Тексеріс өткізу уақыты _____________________________________________
Тексеру мезгілі ____________________________________________________
Ұйым атауы _________________________________________________________
Объект атауы _______________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
СТН ________________________________________________________________
ИИН/БИН (оның барында)

р/с
Тек­се­рі­ле­тін мә­се­ле
Орын­дау ту­ра­лы бел­гі
орын­дал­ды
орын­дал­ма­ды
1. Аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық қыз­мет­ті қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­тар­ды сақ­тау
1.
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың орын­дал­ған іс-ша­ра­ла­ры ту­ра­лы есеп­ті Аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­ры­на ұсы­ну
2.
Ти­іс­ті дең­гей­де­гі Аза­мат­тық қор­ға­ныс ба­стығы бе­кіт­кен Аза­мат­тық қор­ға­ныс жос­пар­ла­ры­ның  бо­луы
3.
*Об­лы­стар­дың (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның) ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­рын­да Аза­мат­тық қор­ға­ныс бой­ын­ша бө­лім­дер­дің (қыз­мет­кер­лер­дің) бо­луы
4.
Ұй­ым­да бі­рін­ші бас­шы­ға ті­ке­лей ба­ғы­ны­сты Аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да­ғы мін­дет­тер­ді ше­ше­тін ар­найы уәкі­лет­ті құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің (же­ке қыз­мет­кер­дің) бо­луы
5.
*Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың ар­найы іс-ша­ра­ла­рын орын­да­уды қам­та­ма­сыз ету және осы мақ­сат­қа дай­ын­дау үшін Аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­ры­ның бо­луы
6.
Эва­ку­а­ци­я­лық, эва­ку­а­ци­я­лық қа­был­дау ко­мис­си­я­ла­ры­ның бо­луы
7.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және оны жою жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­лар­дың неме­се осы функ­ци­я­лар­ды орын­дай­тын бас­қа ор­ган­ның бо­луы
8.
*Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және оның сал­да­рын жою жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік жүй­е­нің ти­іс­ті кі­ші жүй­е­сі­нің мін­дет­те­рі, ұй­ым­да­сты­ры­луы мен әре­кет­те­су тәр­ті­бі бой­ын­ша ере­же­нің бо­луы
9.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­дан ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу объ­ек­ті­ле­рін қор­ғау бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген пер­спек­ти­ва­лы және ағым­дық жос­пар­лар­дың және олар­ды жою бой­ын­ша іс-қи­мыл жос­пар­ла­ры­ның бо­луы
10.
*Тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­ның, сон­дай-ақ ол ту­ра­лы ере­же­нің бо­луы
11.
*Қыз­мет­кер­лер мен олар­дың жа­нұ­я­ла­рын эва­ку­а­ци­я­ла­у­ға дай­ын­дау және оны ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру
12.
*Ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты аумақ­тар­да ор­на­лас­қан ұй­ым­дар­дың Аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­рын орын­да­уын қам­та­ма­сыз ету
13.
Эва­ку­а­ци­я­лау іс-ша­ра­ла­рын жүр­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
14.
Қыз­мет­кер­лер­дің аза­мат­тық қор­ға­ныс бой­ын­ша мін­дет­те­рін орын­да­уы үшін қа­жет­ті жағ­дай­дың бо­луы
2. Бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу
15.
Ық­ти­мал су тас­қы­нын, сел­ді, сыр­ғы­ма мен бас­қа да қа­уіп­ті эк­зо­ген­ді құ­бы­лы­стар­ды есеп­ке ала оты­рып, аумақ­та­ғы құ­ры­лы­стар­ды жос­пар­ла­уды жү­зе­ге асы­ру
16.
Ха­лық пен қор­ша­ған ор­та үшін жо­ға­ры қа­уіп ту­ды­ра­тын ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу объ­ек­ті­ле­рі ор­на­лас­қан ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты аумақ­тар­да, сон­дай-ақ қар­қын­ды мұ­най-, газ өн­ді­ру және жер асты қаз­ба­ла­ры аудан­да­рын­да сей­сми­ка­лық аудан­да­сты­ру және сей­сми­ка­лық қа­уіп­ті ба­ға­лау жүр­гі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру
17.
Ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды сей­сми­ка­ға қар­сы ны­ғай­ту бой­ын­ша жұ­мысты жү­зе­ге асы­ру
18.
Күр­де­лі жөн­деу ке­зін­де сей­сми­ка­лық тұ­рақ­сыз құ­ры­лы­стар мен ғи­ма­рат­тар­дың құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­рын мін­дет­ті сей­сми­ка­ға қар­сы ны­ғай­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
19.
Теңiз­дер мен iрi су ай­дын­да­ры бет­кi дең­гей­iнiң құ­бы­луы­на бо­лжам жа­са­удың ғы­лы­ми негiз­дерi мен әдiстерiн да­мы­ту­ды қам­та­ма­сыз ету
20.
Су тас­қын­да­ры бо­луы мүм­кiн аудан­дар­да гид­ро­тех­ни­ка­лық және өзге де тосқа­уыл құ­ры­лы­стар са­лу­ды ұй­ым­да­сты­ру мен олар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету
21.
Су тас­қын­да­ры бо­луы, су ба­сып қа­луы және су астын­да қа­лып қо­юы мүм­кiн ай­мақ­тар­да жер учас­ке­лерiнiң ша­ру­а­шы­лық қа­жет­терiне ар­нал­ған объ­ек­тiлер са­лу үшiн бөлi­нуiне тый­ым са­лу
22.
Әзір­ле­не­тін оры­н­жай аудан­да­рын­да бар құ­ры­лы­стар мен ғи­ма­рат­тар­дың бе­рік­ті­гі мен тұ­рақ­ты­лы­ғын арт­ты­ру
23.
Кенi­ш­тер­дi иге­ру­ге бай­ла­ны­сты тө­тен­ше жағ­дай­лар­дан бо­луы ық­ти­мал за­лал­ды азай­ту жөнiн­де­гi ал­дын алу ша­ра­ла­рын жүр­гi­зу, ал олар­ды жүр­гi­зу мүм­кiн бол­ма­ған жағ­дай­да кен өн­дiрудi тоқ­та­ту және қор­ға­ныш ша­ра­ла­ры­ның қа­жет­тi ке­шенiн орын­дап, кенi­ш­тер­дi кон­сер­ва­ци­я­лау
24.
*Бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да қыз­мет ету са­ла­сы­ның тұ­рақ­ты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша қа­жет­ті ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру
3. Бас­қа­ру, бай­ла­ныс және ха­бар­дар ету жүй­е­сі­нің бей­біт және со­ғыс уа­қы­ты­на әзір­лі­гі
25.
Мо­ни­то­ринг жүй­е­сі­нің, пер­со­нал­ды, ша­ру­а­шы­лық жа­сай­тын субъ­ек­ті­ні және ха­лық­ты тех­но­ген­дік апат­тар ту­ра­лы ха­бар­дар ету жүй­е­сі­нің бо­луы.
26.
Ұжым­дық және же­ке қор­ғау құ­рал­да­ры­ның, жер­гі­лік­ті ха­бар­дар ету жүй­е­сі­нің бо­луы, олар­дың әзір­лі­гі­нің ұдайы қам­та­ма­сыз еті­луі.
27.
*Ти­іс­ті бай­ла­ныс және ха­бар­дар ету құ­рал­да­ры­мен жа­рақ­тал­ған қа­ла­лық және қа­ла­дан тыс бас­қа­ру пунк­те­рі­нің бо­луы
4. Аза­мат­тық қор­ға­ныс кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­ры­ның бей­біт және со­ғыс уа­қы­тын­да­ғы іс-қи­мыл­дар­ға әзір­лі­гі
28.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар за­рдап­та­ры­ның ал­дын алу және оны жою бой­ын­ша кү­ш­тер мен құ­рал­дар­дың бо­луы, олар­дың пай­да­ла­ну­ға әзір­лі­гі
29.
Объ­ек­ті­лік құ­ра­лым­дар­дың бо­луы
30.
*Аудан­дар­да, қа­ла­лар­да, об­лы­стар­да аумақ­тық құ­ра­лым­дар­дың бо­луы
31.
*Аза­мат­тық қор­ға­ныс кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­ры­ның, бас­қа­ру, ха­бар­дар ету және бай­ла­ныс жүй­е­сі­нің тұ­рақ­ты әзір­лі­гі
5. Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және оны жою, Аза­мат­тық қор­ға­ны­сқа ар­нал­ған қар­жы­лық және ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар ре­зерв­те­рі­нің бо­луы
32.
*Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де па­на­сыз қал­ған ха­лық­қа ар­нал­ған уа­қыт­ша тұр­ғын үй ре­зер­ві­нің құ­ру
33.
Тір­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету объ­ек­ті­ле­рін­де азық-тү­лік, дә­рі-дәр­мек және ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық құ­рал­дар қо­ры­ның құ­ру
34.
*Ве­до­мо­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­дар­да ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық, азық-тү­лік және дә­рі-дәр­мек пен бас­қа да ре­сур­стар қо­ры­ның бо­луы және олар­ды әзір­лік­те ұстау мен олар­дың жи­на­луы­на, сақ­та­луы­на, жа­ңар­ты­луы­на және пай­да­ла­ну­ға дай­ынды­ғын қол­да­у­ға ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру
35.
*Аза­мат­тық қор­ға­ныс бас­қа­ру ор­ган­да­ры­ның, кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­ры­ның әзір­лі­гін да­яр­ла­уды және қол­да­уды қам­та­ма­сыз ету, олар­ды ава­ри­я­лық-құт­қа­ру және бас­қа да ке­зек күт­тір­мей­тін жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу үшін же­ке құ­рам­мен жи­нақ­тау, қа­жет­ті тех­ни­ка­мен, ар­найы жаб­дық­пен, құ­рал­дар­мен жа­рақ­тан­ды­ру
36.
*За­ма­на­уи за­қым­да­ну құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну жағ­дай­ын­да ха­лық­ты ал­ғаш­қы тір­ші­лік әре­ке­ті­мен қам­та­ма­сыз ету­ге ке­піл­дік бе­ре­тін Аза­мат­тық қор­ға­ныс мү­лік­те­рі­нің, ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық, азық-тү­лік­тік, ме­ди­ци­на­лық және бас­қа да ре­сур­стар­дың бо­луы, олар­дың жи­нақ­та­луын сақ­та­луын, жа­ңар­ты­луын және әзір­лік­те ұста­уын жү­зе­ге асы­ру
37.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету үшін Аза­мат­тық қор­ға­ныс мү­лік­те­рі қо­ры­ның бо­луы
6. Ха­лық­ты (пер­со­нал­ды) Аза­мат­тық қор­ға­ныс са­ла­сын­да оқы­ту
38.
*Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры әзір­лі­гін жүр­гі­зу және са­ла қыз­мет­кер­ле­рін за­ма­на­уи за­қым­да­ну құ­рал­да­ры­нан қор­ға­ну және тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі іс-қи­мыл­дар тә­сіл­де­ріне оқы­ту
39.
Қыз­мет­кер­лер­ді, сон­дай-ақ аса қа­уіп­ті объ­ек­ті­лер­де­гі ава­ри­я­лар­дан ық­ти­мал за­қым­да­ну ай­мақ­та­рын­да тұ­ра­тын ха­лық­ты аза­мат­тық қор­ға­ныс бой­ын­ша оқы­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
40.
*Осы аумақ­та­ғы ық­ти­мал тө­тен­ше жағ­дай­лар си­па­ты­на сәй­кес ха­лық пен ұй­ым­ды қа­тер фак­ті­сі және тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­дан қор­ға­ну бой­ын­ша қа­жет­ті ша­ра­лар­ды ха­бар­лау
41.
*Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы бі­лім­ді на­си­хат­та­уды жү­зе­ге асы­ру
42.
*Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және оны жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды на­си­хат­тау жос­па­ры­ның бо­луы
43.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры­на кір­мей­тін пер­со­нал­мен оқы­ты­л­ған та­қы­рып­ша ая­сын­да сы­нақ тап­сы­ру ар­қы­лы бе­кі­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша жос­пар­лы са­бақ­тар өт­кі­зу
44.
Бар­лық тип­те­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­де және кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық мек­теп­тер­де «Аза­мат­тық қор­ға­ныс кү­нін» өт­кі­зу
45.
Хи­ми­я­лық қа­уіп­ті объ­ек­ті­лер­дің жа­нын­да кү­ш­ті әсе­рі бар заттар­дың шы­ғуы­нан бо­ла­тын ава­ри­я­лар туын­да­ған кез­де­гі пер­со­нал­дың іс-қи­мыл­да­ры бой­ын­ша сей­смо­ма­шық­та­ну­лар неме­се ма­шық­та­ну­лар өт­кі­зу
46.
Сел­қа­уіп­ті аудан­дар­да сел­ма­шық­та­ну­ла­рын өт­кі­зу
47.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру оқу орын­да­рын­да бас­шы­лық құ­рам­ды да­яр­ла­уды және қай­та да­яр­ла­уды қам­та­ма­сыз ету
48.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­рын­да бас­шы­лық, ко­ман­да­лық-бас­шы­лық құ­рам­ды бе­кі­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша да­яр­ла­уды және қай­та да­яр­ла­уды қам­та­ма­сыз ету
7. Ха­лық­ты (пер­со­нал­ды) за­ма­на­уи за­қым­да­ну құ­рал­да­ры ық­па­лы­нан және тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­уы­нан қор­ғау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар өт­кі­зу
49.
*Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар шар­тта­рын­да за­ма­на­уи за­қым­да­ну құ­рал­да­ры­ның қа­те­рі мен қол­да­ны­луы ке­зін­де са­ла қыз­мет­кер­ле­рін қор­ғау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу
50.
Жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды, ша­ру­а­шы­лық жа­сай­тын объ­ек­ті­лер­ді та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де­гі за­ма­на­уи за­қым­да­ну құ­рал­да­ры әсе­рі­нен қор­ғау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жү­зе­ге асы­ру
51.
Қор­ға­ну дең­гей­ін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды орын­дау
Азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру парағына ескерту:
* орталық, жергілікті атқарушы органдарда тәуекелдер дәрежесіне бағалау жүргізуге арналған пунктер
Уәкілетті органның лауазымды адамы:
_____________________________________ ________________
(Т.А.Ә.)                         (қолы)
_____________________________________
(лауазымы)
Бақылау субъектісі:
_____________________________________ _________________
(Т.А.Ә.)                          (қолы)
_____________________________________
(лауазымы)

Қолданыстағы