Қолданыстағы ред. 17.11.2010

Ғ.Мұратбаев ауылындағы көшелерге атау беру туралы от 17.11.2010 г. № 15 (Ғ.Мұратбаев ауылындағы көшелерге атау беру туралы)

0

Ғ.Мұратбаев ауылындағы көшелерге атау беру туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 5 және 3 қыркүйектегі N 19, N 20 ұйғарымдарына сәйкес, Ғ.Мұратбаев ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:

1

1. Ғ.Мұратбаев ауылының шығыс жағындағы атауы жоқ көшеге Тәуелсіз Қазақстан атауы берілсін.

2

2. Ғ.Мұратбаев ауылының солтүстік-батыс бетіндегі атауы жоқ көшеге Көбейсін Іскендіров атауы берілсін.

3

3. Ғ.Мұратбаев ауылындағы орталық көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қали Наурызбаев атауы берілсін.

4

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.

5

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.