Ғ.Мұратбаев ауылындағы көшелерге атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғ.Мұратбаев ауылындағы көшелерге атау беру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 11 маусымдағы N 5 және 3 қыркүйектегі N 19, N 20 ұйғарымдарына сәйкес, Ғ.Мұратбаев ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Ғ.Мұратбаев ауылының шығыс жағындағы атауы жоқ көшеге Тәуелсіз Қазақстан атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Ғ.Мұратбаев ауылының солтүстік-батыс бетіндегі атауы жоқ көшеге Көбейсін Іскендіров атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Ғ.Мұратбаев ауылындағы орталық көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қали Наурызбаев атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өз міндетіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.