Об утверждении Правил предоставления информации по государственному балансу полезных ископаемых государственным органам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления информации по государственному балансу полезных ископаемых государственным органам
- Атауы (қаз.)
- Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1395
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2015 AI56111_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001395
- ЭКБ идентификаторы
- 56111
- Редакция идентификаторы
- AI56111_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:35
0 Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж, № 13, 122-құжат);
2 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 604 қаулысы.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1395 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттің органдарға ақпарат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабы 43) тармақшасына сәйкес әзірленді, пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты дайындау және мемлекеттік органдарға беру тәртібін регламенттейді.
2 2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөнінде ақпарат беру тәртібі
2 2. Уәкілетті орган жасаған пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға ресми сұрау салу бойынша осындай сұрау салу түскен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне және экономикалық даму және сауда саласындағы уәкілетті органға пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға - көмірсутек шикізаты бойынша;
су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға - жерасты сулары бойынша.
3 3. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша (БЭҚАЖ) электрондық тасымалдағыштарда және поштамен қағаз тасымалдағыштарда жолданады.
4 4. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға бір данадан (электрондық және қағаз тасымалдағыштарда) беріледі және көбейтуге жатпайды.
5 5. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
1 Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат берудің нысаны
Пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттік балансы бойынша
мемлекеттік органдарға
ақпарат беру қағидасына
қосымша
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат берудің нысаны
р/с №
Пайдалы қазбалар
Құрамды өлшеу бірлігі
Орташа мазмұны
Баланстық қорлар
Баланстан тыс қорлар
Өсу/кему
1
2
3
4
5
6
7