Об утверждении Правил предоставления информации по государственному балансу полезных ископаемых государственным органам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления информации по государственному балансу полезных ископаемых государственным органам
- Атауы (қаз.)
- Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1395
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2015 AI56111_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001395
- ЭКБ идентификаторы
- 56111
- Редакция идентификаторы
- AI56111_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:35
0 Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөнінде ақпарат беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж, № 13, 122-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 275 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 604 қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1395 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттік органдарға ақпарат беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша мемлекеттің органдарға ақпарат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабы 43) тармақшасына сәйкес әзірленді, пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты дайындау және мемлекеттік органдарға беру тәртібін регламенттейді.
2. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы жөнінде ақпарат беру тәртібі
2. Уәкілетті орган жасаған пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға ресми сұрау салу бойынша осындай сұрау салу түскен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне және экономикалық даму және сауда саласындағы уәкілетті органға пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша;
мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға - көмірсутек шикізаты бойынша;
су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға - жерасты сулары бойынша.
3. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша (БЭҚАЖ) электрондық тасымалдағыштарда және поштамен қағаз тасымалдағыштарда жолданады.
4. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға бір данадан (электрондық және қағаз тасымалдағыштарда) беріледі және көбейтуге жатпайды.
5. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат мемлекеттік органдарға осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
1 Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат берудің нысаны
Пайдалы қазбалар қорларының
мемлекеттік балансы бойынша
мемлекеттік органдарға
ақпарат беру қағидасына
қосымша
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпарат берудің нысаны
р/с №
Пайдалы қазбалар
Құрамды өлшеу бірлігі
Орташа мазмұны
Баланстық қорлар
Баланстан тыс қорлар
Өсу/кему
1
2
3
4
5
6
7