Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 456 · қабылданған 28.03.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5619/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 456 ·28.03.2000
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 456 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
456
Қабылданған күні
28.03.2000
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI5619_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000456_
ЭКБ идентификаторы
5619
Редакция идентификаторы
AI5619_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:34

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсіпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады.";

3 3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" және "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 951 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 34, 303-құжат):

атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын";
2-тармақта:
1) тармақшадағы "Кәсiпорындардың жарғыларына" деген сөздер "Кәсiпорынның жарғысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "Кәсiпорындарды" деген сөз "Кәсiпорынды" деген сөзбен ауыстырылсын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы