Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация электронных информационных ресурсов и информационных систем в государственном регистре электронных информационных ресурсов и информационных систем"

Қаулы · № 1403 · қабылданған 22.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56193/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация электронных информационных ресурсов и информационных систем в государственном регистре электронных информационных ресурсов и информационных систем" Күшін жойған Қаулы ·№ 1403 ·22.12.2010
24.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация электронных информационных ресурсов и информационных систем в государственном регистре электронных информационных ресурсов и информационных систем"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1403 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация электронных информационных ресурсов и информационных систем в государственном регистре электронных информационных ресурсов и информационных систем"
Атауы (қаз.)
"Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1403
Қабылданған күні
22.12.2010
Көрсетілген редакция
24.02.2014 AI56193_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001403
ЭКБ идентификаторы
56193
Редакция идентификаторы
AI56193_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:36

0 "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1403 қаулысымен
бекітілген
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасы мен 23-бабы және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызмет стандарты www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.

5

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркелім) тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) Мемлекеттік тіркелімде тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырғанда:

тексерудің оң нәтижесі болған кезде - мемлекеттік қызмет алушылар қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қырық үш жұмыс күнінен аспайды;
Мемлекеттік тіркелімде тіркеу үшін өтінім тиісті ресімделмеген не ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, өтінімді қайтару – оны тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;

2 2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - жиырма минуттан аспайды;

3 3) қажетті құжаттарды алу үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты — отыз минуттан аспайды.

8 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9 9. Комитеттің жұмыс тәртібі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

10 10. Мемлекеттік қызмет алушылардан құжаттарды қабылдау Комитеттің үй-жайында жүзеге асырылады. Ғимарат физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызмет алу үшін:

1 1) мемлекеттік қызмет алушы қол қойған және куәландырылған белгіленген нысандағы өтінімнің түпнұсқасын;

2 2) өтінімнің қағаз және электрондық тасығыштағы көшірмесін ұсынады.

12 12. Өтінім нысандары мен оларды толтыру бойынша түсіндірмелер: www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

13 13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А746 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64 мекенжайы бойынша Комитеттің кеңсесі жүзеге асырады.

14 14. Ілеспе хаттың көшірмесіндегі белгі және оны алу күнінің көрсетілуі мемлекеттік қызмет алушының оны алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.

15 15. Мемлекеттік қызмет алушыға куәлікті немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеткізу пошта арқылы немесе қолма-қол жүзеге асырылады.

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өтінімнің тиісті ресімделмеуі және/немесе ұсынылған құжаттардың толық еместігі негіз болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаты

17 17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, жүктелген функцияларды орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

18 18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19 19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті № А 757 кабинет, (87172) 74-06-85 телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.

21

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы шағымды Комитет Төрағасының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 қабылдау бөлмесі телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

22 22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмеу мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызметті алушы:

1 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (87172) 24-29-09 «сенім телефонына»;

2 2) www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «сенім беті» бөліміне;

3 3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті).

Жазбаша шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (87172) 24-13-12 мекенжайы бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

23 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

24 24. Шағым еркін нысанда, екі данада ресімделеді.

25 25. Шағымның екінші данасында берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерінің көрсетілуі шағымның қабылданғанын растайды.

26 26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 74-06-85 телефоны арқылы алуға болады.

1 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелерді
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердің
мемлекеттік тіркелімінде тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жы­л­ғы ны­са­на­лы мәні
Есеп­ті жыл­да­ғы көр­сет­кіш­тің ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. Құ­жат­ты тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап қыз­мет­тер­ді бел­гі­лен­ген мер­зім­де ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет­тер­ді көр­се­ту про­це­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лі­гі
3.1. Қыз­мет­тер­дің көр­се­ту са­па­сы­на және оны ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­лар­дың % (үле­сі)
3.2. Ақ­па­рат­қа элек­трон­дық фор­мат­та қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер­дің % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну про­це­сі
4.1. Осы қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­лар­дың жал­пы са­ны­на негіз­дел­ген ша­ғым­дар­дың % (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лы­ғы
5.1.Пер­со­нал­дың сы­пай­лы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет алушы­лар­дың % (үле­сі)

Қолданыстағы