Об организации приписки граждан
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 01
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации приписки граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 21.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2010 AI56295_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KF000115
- ЭКБ идентификаторы
- 56295
- Редакция идентификаторы
- AI56295_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:36
0 Азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес азаматтарды шақыру учаскесiне жыл сайынғы тiркеуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру үшін ШЕШТІ:
1 1. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы бойынша "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізінде Сәтбаев қаласы, Гурба көшесі, 102 үй мекен-жайында шақыру учаскесі (бұдан әрі – шақыру учаскесі) құрылсын.
2 2. "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Д.Грудей – келісім бойынша) 2011 жылғы қаңтар-наурызда Сәтбаев қаласында тұратын 1994 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді өткізсін.
3 3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мадиеваға жүктелсін.
4 4. Осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
"Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
А.Д. Грудей
2010 жылғы 20 желтоқсандағы