О проведении приписки граждан в городе Жезказгане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан в городе Жезказгане
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласында азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 15.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2011 56300_186430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KB000127
- ЭКБ идентификаторы
- 56300
- Редакция идентификаторы
- 56300_186430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:39
0 Жезқазған қаласында азаматтарды тіркеуді жүргізу туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:
1
1. "Қарағанды облысы Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ақатов М.О. - келісім бойынша) 2011 жылдың қаңтар-наурызында Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тіркеуден өтпеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді жүргізсін.
2
2. "Жезқазған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы" Жезқазған қаласы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 1 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 27 қаңтарындағы N 7 (7624) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 29 қаңтарындағы N 4 (174) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ. Шыңғысовқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
15.12.2010 ж.