Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 16.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2014 · қолданыстағы 56325_216685.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06DD000020
- ЭКБ идентификаторы
- 56325
- Редакция идентификаторы
- 56325_216685
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:00
0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 8 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмектің есептелінуі мен тоқсан сайын төленуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық – медициналық -педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп танылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп танылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.
3 3. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне (Қ.Кекбаланов) заңмен белгіленген тәртіпте:
1 1) әлеуметтік көмектің мүгедек баланың ата-анасының немесе оның орнындағы адамның біреуіне тағайындалып төленуі, төмендегі құжаттар жинақталған жағдайда жүзеге асырылсын;
өтініш иесінің жеке куәлігінің көшірмесі (оралмандар үшін жеке куәлік немесе азаматтық алуға тапсырған құжаты);
мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектігі куәландырған анықтамасының көшірмесі;
отбасы құрамын растайтан тұрғылықты жерінен анықтама;
облыстық психологиялық-дәрігерлік, ұстаздық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің, оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.
4 4. Аудандық бюджетте қаралған қаржыға сәйкес мүгедек балаларға төленетін әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудандық экономика және қаржы бөліміне (Қ.Исаев) тапсырылсын.
5
5. Аудандық Әділет басқармасында 2005 жылғы 24 маусымда 2-4-4 нөмерімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу еңірі" газетінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 30 санында жарияланған, аудан әкімиятының "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 2005 жылғы 15 маусымдағы N 285 қаулысының күші жойылған болып танылсын.