Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 19.02.2007
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2014 · қолданыстағы AI56326_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07DH000049
- ЭКБ идентификаторы
- 56326
- Редакция идентификаторы
- AI56326_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:03
0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабын, басшылыққа ала отырып, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына айлық есептік көрсеткіштің 8 (сегіз) есе еселенген мөлшерінде әр мүгедек балаға 18 (он сегіз) жасқа толғанға дейін төленетін қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2
2. Әлеуметтік көмек мүгедек баланың ата-анасының біреуінің немесе олардың орнындағы адамның өтініші бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның үйде тәрбиелеу мен оқытудың қажеттілігі танылған қорытындысында көрсетілген оқу немесе тәрбие мерзімі бойынша тағайындалып тоқсан сайын төленеді.
3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Аңсатбай Мұратбай) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеуді ата-анасының біреуіне немесе олардың орнындағы адамға, мүгедек балалардың тұрғылықты жердегі әлеуметтік көмекті төлеу ұйымдарында алушының ашылған шотының нөмірін көрсетуге және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес қамтамасыз етсін.
1 1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2 2) дәрігерлік әлеуметтік сараптау комиссиясында куәландырылғаны туралы құжаттың көшірмесі;
3 3) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы;
4 4) отбасының мекен-жайы мен құрамын растайтын немесе үйде оқитындығы жайлы анықтама-тоқсан сайын.
4 4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қала, село округ әкімдері мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшері туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық қаржы бөлімі (Белесаров Нұрлан Өскенұлы) мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы жоспарында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.
6
6. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 30 мамырында N 2-8-38 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымындағы N 25 "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған, Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының 2006 жылдың 2 мамырындағы N 1214 "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" қаулысының күші жойылсын деп танылсын.