Қолданыстағы ред. 17.11.2010

Кежек селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы от 17.11.2010 г. № 1 (Кежек селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы)

0

Кежек селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Кежек селолық округі тұрғындарының Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1-жиналыс хаттамасына және 1-6 ұйғарымына сәйкес Кежек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Кежек селолық округіндегі көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін:
N 1 көшесі - Нұра көшесі деп;
N 2 көшесі – Бейбітшілік көшесі деп;
N 3 көшесі - Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.