Кежек селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кежек селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Кежек селолық округі тұрғындарының Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1-жиналыс хаттамасына және 1-6 ұйғарымына сәйкес Кежек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Кежек селолық округіндегі көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін: N 1 көшесі - Нұра көшесі деп; N 2 көшесі – Бейбітшілік көшесі деп; N 3 көшесі - Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.