Құжат мәтініне өту

О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест

Қаулы · № 2376 · қабылданған 26.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56406/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 2376 ·26.11.2010
03.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 2376 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2376
Қабылданған күні
26.11.2010
Көрсетілген редакция
03.02.2012 56406_193312.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NA000157
ЭКБ идентификаторы
56406
Редакция идентификаторы
56406_193312
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:52

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс беруші жұмыс түрлері мен ауқымын, еңбекақы төлеу шарты мен мөлшерін көрсете отырып, "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өтінім береді;

2 2) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссияның (бұдан былай – комиссия) қарауына құжаттар дайындауды жүзеге асырады:
комиссияның ұсынысын ескере отырып, тараптардың міндеттері, әлеуметтік жұмыс түрлері, ауқымы, еңбекақы төлеу шарты мен мөлшері, мерзімі және қаржыландыру көзі белгіленетін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілермен шарттар жасасады;
нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;

3 3) жұмыс берушілерді іріктегенде мынадай талаптар: төлем қабілеттілігі, жалақы өз уақытылы төленуі есепке алынады.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К.Жұрқабаевқа жүктелсін.

Қолданыстағы