Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 243-48
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2016 · қолданыстағы 56427_82095.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DB000113
- ЭКБ идентификаторы
- 56427
- Редакция идентификаторы
- 56427_82095
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:36
0 Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қапшағай аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қала экономикасы және бюджеті жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3
3. Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы «Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы» № 163-30 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 12 қарашада № 2-2-95 номірмен тіркелген, «Нұрлы өлке» газетінің 2009 жылғы 16 қарашадағы 45 номірінде жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
4 4. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиісті.
5 Қапшағай қалалық мәслихатының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
«Тіркелген бірыңғай салық
ставкаларын бекіту туралы
№ 243-48 шешіміне қосымша
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
25
5
Карт
5
6
Бильярд үстелі
8