Об упорядочении проведения проверок деятельности субьектов малого предпринимательства контролирующими и инспектирующими органами Северо-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының бақылаушы және тексеруші органдарымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексерулер жүргізүді тәртіпке келтіру жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.10.2004 № 36 шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымдағы «Кәсіпкерлік қызметтердің еркіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 3036 Жарлығын және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңын орындау үшін бақылаушы және тексеруші органдармен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексеру жүргізуді тәртіпке келтіру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының бақылаушы және тексеруші органдарымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексерістер жүргізуді тәртіпке келтірудің Тәртібі /қоса беріледі/ бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысының бақылаушы және тексеруші органдары шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексеру жүргізу кезінде осы Тәртіпті басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 1998 ж. 9 сәуір № 84 шешіміне қосымша Солтүстік Қазақстан облысының бақылаушы және тексеруші органдарымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексерулер жүргізудің Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына /39 бап/, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне /10 бап/, Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіпкерлік қызметтердің еркіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктерді жүзеге асыру жөніндегіқосымша шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының заңды актілері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдары бекіткен ережелер мен нұсқамалар негіздерінде әзірленді. Бұл құжаттың міндеті – облыстың барлық бақылаушы қызметтерінің міндетті түрде орындау және пайдаланулары үшін жеке және заңды тұлғалардың қаржылық-шаруашылық қызметтерін тексерудің жалпы мәселелерін регламенттау болып табылады.
Тарау 2. 2. Бақылау құқы бар мемлекеттік қызметтер
2. Бақылау құқы бар мемлекеттік қызметтер «Шұғыл-іздестіру қызметтерді жөніндегі» Заңға және Қазақстан Респбубликасының заңдарына сәйкес прокуратура, ҰҚК, ІІБ, кеден қызметі мен салық полициясының жүргізетін шұғыл-іздестіру шаралары тексеру болып табылмайды және ол бұл Тәртіппен регламентталмайды. Мыналар Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жеке-дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне тексерулер жүргізүге құқы бар мемлекеттік органдар болыт табылады:
Тармақ 2.1
2.1. Салық қызметі / салық комитеті мен салық полициясы және кеден басқармасы / - кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметтерін тексереді, бюджетке салықтардың, баж салығының дер уақытында және дұрыс аударылуын бақылайды. ҚР Президентінің 24.0.95 ж. Заң күші бар «Салықтар және де басқа бюджеттік міндетті төлемдер туралы» № 2235 Жарлығының 171.172 баптары. ҚР Үкіметінің 16.04.96 ж. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметінің» Салық полициясында қызмет ету туралы Ереже» туралы № 459 Қаулысының 6, 7 тармақтары.
Тармақ 2.2
2.2. Азаматтардың денсаулықтарын сақтауды және олардың қауіпсіз өнімдер тұтыну құқықтарын қамтамасыз ететін санитарлық заңдардың сақталуларын бақылау жөніндегі қызметтер:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Санитарлық қызметтер: - санитарлық эпидемиологиялық қадағалау; ҚР-ның 08.08.1994ж «Тұрғындардың қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары туралы» Заңы. ҚР-ның 19.05.97ж «Қазақстан Республикасындағы азматтардың денсаулықтардың қорғау жөніндегі № ІІІ-І Заңы. Қазақ ССР-інің 22.03.84 ж «Әкімшілік құқық бұзұшылықтар жөніндегі» Көдексі. - Өсімдіктер карантині жөніндегі инспекция: ҚР Министрлер Кабинетінің 13.08.92ж «ССРО Мемагроөнеркәсіптің «Өсімдіктер карантині жөніндегі Қазақ ССР-і бойынша мемлекеттік инспекциясының ҚР-ның Ауылшаруашылық министрлігі жанындағы Өсімдіктер карантині жөніндегі Бас мемлекеттік инспекциясы етіп қайтадан құру туралы № 676 Қаулысының 4, 10, 11, 13 тармақтары. Қазақ ССР-інің 23.03.84ж «Әкімшілік құқықтық бұзушылықтар жөніндегі» Кодексінің 105, 106, 231-1 баптары. -малдәрігерлік комитет: ҚР Президентінің Заң күші бар 25.07.95ж. «Мал дәрігерлік туралы» № 2376 Жарлығының 10, 12, 19, 20 баптары - астық инспекциясы: ҚР Министрлер Кабинетінің 30.06.95ж. «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы республикалық астық инспекциясы туралы Ереже» № 900 Қаулысының 8, 9 тармақтары.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Солтүстік Қазақстан стандарттау және метрология орталығы – тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін стандарттық талаптар мен техникалық жағдайларды, өнімнің сапасы жөніндегі мәселелердің сақталуына мемлекеттік бақылау жасайды. ҚР-ның 13.01.93 ж. «Стандарттау мен сертификациялау туралы» Заң 15, 16 баптар. ҚР Министрлер Қабинетінің 20.05.93 ж. «ҚР-ндағы стандарттар мен техникалық жағдайлардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы Ережені бекіту жөніндегі» 10 Қаулысының 3, 6, 10 тармақтары.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Солтүстік Қазақстан облысының экология және биоресурстар басқармасы – облыстағы қоршаған табиғи ортаны қоғауды бақылайды. ҚР Министрлер Кабинетінің 18.12.91 ж. «ҚР-ндағы Қоршаған табиғи ортаны пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау туралы Ережені бекіту жөніндегі № 785 Қаулы 6, 7 тармақтар. ҚР-ның 18.03.97 ж. № 85-1 ЗРК «Экологиялық сараптама жөніндегі» Заңының 14, 20 баптары. ҚР-ның 15.07.97 ж. № 160-1 «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі» Заңының 10, 20, 77 баптары.
Тармақ 2.3
2.3. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет – монополияға қарсы заңдарды /бәсекелестік рыногі және табиғи монополиялар саласы/, тұтынушылар құқықтарын қорғау, бағаның құылымын реттеу, шаруашылық субъектілерінің – табиғи монополистердің іс жүзіндегі шығындары мен кірістерін бақылау туралы заңдардың сақталуын бақылайды. Қазақ ССР-інің 11.06.91 ж. «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметтерді шектеу туралы» Заңы ҚР Министрлер Кабинетінің 19.10.94 ж. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің – табиғи монополистердің өнімдерінің бағаларын реттеу туралы № 1171 қаулысы. ҚР Министрлер Кабинетінің 17.03.92 ж. «Мемлекеттік баға тәртібінің қолдану тәртібі туралы» Ережені бекіту жөніндегі № 245 қаулысы.
Тармақ 2.4
2.4. Жерді пайдалану мен саулет талаптарын сақтауды бақылау: - Жер ресурстарын басқару жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитеті: ҚР Үкіметінің 19.02.97 ж. «Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы Ережені бекіту жөніндегі» № 235 қаулысы. 10 тармақ - Солтүстік Қазақстан облысының сәулет-құрылыс инспекциясының мемлекеттік кәсіпорны: ҚР-ның 22.10.93 ж. «ҚР-ндағы сәулет және қала құрылысы жөніндегі» Заңы, 36 бап - Құрылыс, тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақта құрылыс салу департамент: ҚР-ның 22.18.93 ж. «ҚР-ндағы сәулет және құрылыс жөніндегі Заңы» 16,19 баптар - Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сараптау жобасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.01.1996 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулеттік-қала құрылыс қызметтерің жетілдіру туралы» № 88 Қаулысы, Қазақстан Республикасының 22.10.1993 жылғы «Қазақстан Республикасы сәулет және қала құрылысы жөніндегі» Заңы; - Қазақстан Республикасындағы сәулеттік қала құрылысы қызметтерін лицензиялаудың Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының 22.10.93 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы жөніндегі» Заңының 37 бабы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күш бар «Лицензиялау туралы» Жарлығының 25 бабы 📌 Ескерту. 2.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.05.1998 № 128 шешімімен.
Тармақ 2.5
2.5. Өрттен сақтау қызметі – өртке қарсы сақтық талаптарының сақталауын қадағалау ҚР-ның «Өрт қаупсіздіктері туралы» 22.10.96 ж. № 48-1 Заңының 6, 11, 14, 15 баптары ҚР-ның Министрлер Кабинетінің 22.04.94 ж. «ТЖ жөніндегі мемлекеттік комитетінің мемлекеттік өрттен сақтау қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» № 430 қаулысы
Тармақ 2.6
2.6. Қоғамдық ұйымдар: тұтынышылардың құқың қорғау жөніндегі қоғам. Қазақ ССР-інің 5.07.91 ж. «Тұтынышылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы 9, 11, 14, 22, 23 баптары. Қазақ ССР-інің «Әкімшілік құқықтық бұзышылақтар жөніндегі 22.03.84 ж. Кодексі 248-1 бап 7 тармақ
Тармақ 2.7
2.7. Санитарлық полиция Солтүстік Қазақстан әкімінің 30.04.96ж. «Санитарлық экологиялық және табиғат қорғау милициясы бөлімінің саптық әскерлер бөлімшелері туралы Ережені бекіту жөніндегі» әкімі
Тармақ 2.8
2.8. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жөніндегі инспекция. ҚР Үкіметінің 7.07.97ж. «ҚР-ның төтенше жағдайлар жөніндегі комитет туралы» № 1068 қаулысы ҚР Үкіметінің 28.08.97ж, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» № 1298 қаулысы
Тармақ 2.9
2.9. Энергия қадағалау ҚР Үкіметінің 8.10.95ж. «ҚР-ның мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы Ережені бекіту жөніндегі» № 1489 қаулысы.
Тармақ 2.10
2.10. Аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сату-сатып алу келісім шарттарындағы шарттардың сақталуын бақылайды. ҚР Президентінің 06.03.97 ж. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және дамуын жандандыру жөніндегі шаралар туралы» № 3398 Жарлығы. ҚР Үкіметінің 09.06.97ж. «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тандаулары бойынша пайдаланылмайтын үй-жайларды жалға, немесе ілгеріде оларды меншіктеріне беру құқымен сенімділік басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені бекіту жөніндегі № 145 қаулысы.
Тармақ 2.11
2.11. Ішкі істен басқармасы жанындағы мелекеттік қүзет қызметі басқармасы- нысандардың техникалық беріктігін және күзет қызметтерін іске асыру құқына лицензиялар бар-жоқтығын бақылайды. ҚР Үкіметінің 2.02.96 ж «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы» ҚР-ның Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» 110 Қаулысы. ҚР Үкіметінің 29.12.95 ж «ҚР Президентінің 17.04.95 ж № 2201» Қаулысы. ҚР Президентінің 17.04.95 ж «Лицензиялау туралы» Жарлығы
Тармақ 2.12
2.12. Көлік инспекциясының облыстық бөлімшесі – автокөлік иелерінің көліктік және лицензиялық заңдарды сақтауларын бақылайды. ҚР-ның 27.09.94 ж «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы. ҚР-ның 15.06.96 ж «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» № 291 Заңы. ҚР Президентінің 17.04.96 ж «Лицензиялау туралы» № 2200 Жарлығы.
Тармақ 2.13
2.13. Лицензиялар жүзеге асыратын лицензиялық ережелердің сақталуына бақылау жасайды: - Облыстық Ұлттық банк басқармасы - Облыстық өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сауда және тұрмыстық қызмет департаменті - Облыстық денсаулық сақтау департаменті - Облыстық білім департаменті - Облыстық «Медстандарт» ГОНПЦС ҚР Президентінің 17.04.95 ж «Лицензиялау туралы» № 2200 Жарлығы.
Тармақ 2.14
2.14. Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент. Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау жөніндегі» Заңы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 22 қаңтардағы № 1915-ХІІ Қаулысымен қабылданған. Қазақ ССР-нің еңбек туралы Заңдар Кодексі, 21.06.1972 ж Жоғары Кеңес қабылдаған, 9, 239. «Ұжымдық келісім-шарттар туралы» Заң Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 4 шілдедегі сессиясында қабылданған. «Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі» 18.06.1996 ж қабылданған Заң. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3.09.1996 ж «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қоры туралы Ереже» № 1080 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.11.1996 ж «Азаматтарға еңбекке жарамсыздағы парағын беру тәртібі туралы Ереже № 1415 Қаулысы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі кейбір заңды актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті 10.03.1997 жылы бекіткен. Қазақ ССР-нің «Әкімшілік құқық бузушылар жөніндегі» Кодексінің 41, 224 баптары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.06.1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы енбекақы төлеуді жетілдіру туралы № 170 қаулысы. Қазақстан Республикасы Президентінің 10.04.1997 жылғы «Зейнетақы мен жалақыны дер уақытында төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» № 3446 Жарлығы. Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындардың әлеуметтік қорғау министрлігінің 16.03.1998 жылғы «Мемлекеттік еңбек инспекторы туралы уақытша Ереже» № 65-ІІ Бұйрығы. 📌 Ескерту. Тәртіп 2.14-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.05.1998 № 128 шешімімен.
Тарау 3. ІІІ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметтеріне тексерулерді ұйымдастыру
ІІІ. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметтеріне тексерулерді ұйымдастыру
Тармақ 3.1
3.1. Егер, Заңдарда басқаша жағдай қарастырылмаса, шаруашылық жүргізуші сұбъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне тексеру жылына бір реттен жиі жасалмайды.
Тармақ 3.2
3.2. Лицензияланбаған қызмет түрлерін жүзеге асыратын, дара кәсіпкерлермен саны 10 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаушы органдар өздерінің ынталары бойынша үш жылда бір реттен артық тексере алмайды. 📌 Ескерту. Тәртіп 3.2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.05.1998 № 128 шешімімен.
Тарау 4. ІV.Тексерулер жүргізудің тәртібі
ІV.Тексерулер жүргізудің тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Тексерулер жүргізудің барысында міндетті түрде тексерілушіге берілетін төмендегі деректер көрсетілген басшының, немесе қол қою құқы бар тұлғаның қатаң үлгідегі есептемелік бланкіге ресімделген арнайы нұсқауы, болмаса жолдамасының көшірмесі болуы қажет: - арнайы нұсқаудың/жолдаманың/ номері - тексеру нысаны - тексеру жүргізуге сүйенетін сәйкес заң актілері, ережелер мен нұсқаулар - тексеру мерзімі /датасы/ - тексеру сұрақтары - тексерушінің аты-жөні, фамилиясы, қызметтік куәлік номері Тексеруші жолмадамен бірге /тапсырма-хатпен қоса/ қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
Тармақ 4.2
4.2. Жоспарлы тексеруді ұйымдастыру кезінде бақылауыш қызметтер тексеруге жататын мәселелердің аясын әзірлейді /тексеру жоспарын/. Тексеруші тексерілушіні тексеру бағдарламасымен алдын ала немесе тексеру барысында таныстыруға міндетті. 4.3.Тексеру жүргізу кезінде тексеруші қаржылық-шаруашылық қызметтерін тексеруді тіркеу журналына арнайы нұсқауының номерін, өзінің лауазымын, фамилиясын, күәлік нөмерін,тексерудің мақсаты мен нәтижесін көрсете отырып, тексерілудің өткізілгендігі туралы фактіні тіркеуге міндетті.
Тармақ 4.4
4.4. Тексеру жүргізу кезінде тексеруші бағдарламасындағы және бақылау қызметі туралы осы Тәртіптің ережелерінде көрсетілген шеңберден шығу хақысы жоқ.
Тармақ 4.5
4.5. Тексерулер біткеннен кейін екі данадан хаттама, анықтама және акті жасалады және олардың бірі тексерілушіде қалдырылады. Актіге /хаттамаға, анықтамаға/ екі жақ та қол қояды. Тексерілуші қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіге /хаттамаға, анықтамаға/ сәйкес жазу жазылады. Актілердің /хаттамалардың, анықтамалардың/ бір данасы, егер Заңмен басқаша жағдай қарастырылмаса, міндетті түрде қол қойдыла отырып, тексерілушіде қалдырылады.
Тарау v. V. Тескерілушінің құқықтары мен міндеттері
V. Тескерілушінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 5.1
5.1. Осы тәртіптің 4,1 және 4,2 тармақтарында қарастырылған құжаттарды көрсетпеген бақылаушы қызметтердін қызметшілерін тексеруге жібермейді.
Тармақ 5.2
5.2. Жоспарлы тексерулерді жүргізу кезінде нұсқауларда /хат-тапсырмада/ айқындалған шеңбердең шығып кететін құжаттар мен ақпараттарды беруден бас тартсын.
Тармақ 5.3
5.3. Тексеру нәтижесі бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге.
Тармақ 5.4
5.4. Тексеру барысында тәртіп бұзушылық табылған жағдайда, тексерілуші тексеріс аяқталғанға дейін оларды жою жөнінде іс-шаралар қабылдауға хақылы.
Тармақ 5.5
5.5. Тексерушінің іс-әрекеттеріне жоғары бақылаушы қызметтер арқылы, сондай-ақ қолданылып жүрген заңды актілердің талаптарына сай сот арқылы да шағымдануға.
Тарау vi. VІ. Түйіндеуші бөлім
VІ. Түйіндеуші бөлім
Тармақ 6.1
6.1. ҚР Президентінің «Кәсіпкерлік қызметтердің еркіндіктеріне мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жардығының 1 бабына сәйкес қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, әкімдер біле тура азаматтар мен жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтеріне заңсыз араласқан, заңсыз актілер шығарған және кәсіпкерлік қызметтерге заңсыз араласқан, заңсыз актілер шығарған және кәсіпкерлік қызметтерге бөгет болатын заңсыз тапсырмалар жағдайларда олар мемлекеттік қызметтерден босатылуға және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапқа тартылуға жатады.
Тармақ 6.2
6.2. Осы тәртіпке және осы бақылаушы органдар туралы Заңға сәйкес ұйымдастырылған тексерулер өткізуге бөгет жасаған шаруашылық жүргізуші субьектілер / жеке және заңды тұлғалар/ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында қарастырылғандай жауапкершілік ұстайды.
Тармақ 6.3
6.3. Қазақстан Республикасының «Жеке-дара кәсіпкерлік жөніндегі» 19.06.97 ж № 135-1 /33, 35 бап/ Заңына сәйкес жеке-дара кәсіпкерлік ол өзінің қызметін күнтізбелік жыл барысында бірнеше қайтара рет бұзғанда, немесе заңдарды өрескіл бұзғанда соттың шешімімен ықтиярсыз тәртіпте тоқтатылады, немесе тоқтатыла турады.
Басқа 42. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне тексерулерді тіркеу журналы
Солтүстік Қазақстан облысының бақылаушы және тексеруші органдарымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне тексерулер жүргізудің Тәртібіне № 1 қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметтеріне тексерулерді тіркеу журналы Тіркеуді жургізген дата Бақылаушы органның атауы Тексерушінің аты-жөні, ф-сы, куәлік нөмірі Тексерушінің лауазымы Тексерудің мақсаты Тексерудің нәтижесі