О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 10.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2014 AI56575_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000240
- ЭКБ идентификаторы
- 56575
- Редакция идентификаторы
- AI56575_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:55
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен;
2
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 256-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «2009/2010» деген сандар «2010/2011» деген сандармен ауыстырылсын;
3 3) «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Өркен» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 314-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
10-тармақтың үшінші абзацындағы «7» деген сан «13» деген сандармен ауыстырылсын.