Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию

Қаулы · № 1418 · қабылданған 27.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56597/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию Күшін жойған Қаулы ·№ 1418 ·27.12.2010
23.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию

Күшін жойған Қаулы ·№ 1418 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию
Атауы (қаз.)
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1418
Қабылданған күні
27.12.2010
Көрсетілген редакция
23.07.2015 AI56597_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001418
ЭКБ идентификаторы
56597
Редакция идентификаторы
AI56597_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:24

0 Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1418 қаулысымен
бекітілген
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы

1 1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 32-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.

2 2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кеден органдары жүргізетін (бұдан әрі - кеден органдары) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған біліктілік емтиханын тапсыру қажет.

3 3. Біліктілік емтиханы өткен күні нәтижелер белгіленгеннен кейін, осы емтихандарды өткізген кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті органға емтиханнан өткен тұлғалар туралы ақпаратты электрондық, сондай-ақ жазбаша түрде ұсынады.

4

4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға ұсынылған ақпараттың негізінде біліктілік емтихандарының нәтижелері алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттары толтырылады.

5 5. Осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес біліктілік аттестаттары толтырылғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде біліктілік аттестаттарын емтихан өткізген кеден органдарына поштамен жолдайды.

6

6. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаттарын алғаннан кейін кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджін ресімдейді және біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын және бейджін беруді жүргізеді.

7 7. Кеден органдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді.

8 8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген кеден органына еркін нысандағы өтінішті:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2 2) мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет.

9 9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.

Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.

9-1

9-1. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, Кодекстің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш беруге құқылы. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.

10 10. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.

11

11. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды.

Қолданыстағы