Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан

Қаулы · № 1512 · қабылданған 31.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56618/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1512 ·31.12.2010
29.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1512 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации обслуживания пассажиров в аэропортах Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1512
Қабылданған күні
31.12.2010
Көрсетілген редакция
29.12.2016 AI56618_4.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001512
ЭКБ идентификаторы
56618
Редакция идентификаторы
AI56618_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:19

0 Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидасы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2010 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 1512 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағида жолаушыларға қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Қағидада қолданылатын терминдер және анықтамалар:

1

1) агент – авиакомпанияны, аэропортты білдіретін, осы авиакомпанияның әуе кемесінің, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктің, поштаның және борттық қорлардың келуімен, жөнелтілуімен және ресімделуімен байланысты барлық рәсімдерді орындау кезінде оған тікелей немесе оның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға;

2 2) жиынтық-тиелім ведомосінің "соңғы минутта өзгерту" бағаны (бұдан әрі - "LMC бағаны") жолаушылар, багаж санының соңғы минуттағы өзгерістері көрсетілетін баған;

3 3) жолаушыларға қызмет көрсету – әуе тасымалын ресімдеумен және жүзеге асырумен, сондай-ақ қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында оларға қосымша ақылы немесе тегін қызметтер көрсетумен байланысты рәсімдерді орындау жөніндегі қызмет;

4 4) перрондық көлік құралы – әуе кемесі мен әуежай ғимараты арасында жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралы;

5 5) шағым арыз – мүдделі тұлғаның багажды әуеде тиісті түрде тасымалдамауы нәтижесінде туындаған зиянның (шығынның) орнын толтыруы туралы жазбаша электрондық нысанда жасаған талабы;

6 6) багажды тасымалдау кезіндегі ақаулықтар туралы акт (PIR – property irregularity report) – багажға келтірілген зиян анықталған кезде жолаушының немесе оның уәкілетті адамының қатысуымен тасымалдаушы немесе қызмет көрсетуші ұйым ресімдейтін құжат;

7 7) багаж – әуе тасымалы шарты негізінде әуе кемесінде тасымалдаушы тасымалдайтын жолаушының жеке заттары;

8 8) багаж белгісі – жолаушының тіркелген багажын тану (сәйкестендіру) үшін тасымалдаушы беретін құжат;

9 9) маршруттық түбіртек – электрондық билеттің құрамдас бөлігі болып табылатын және қажетті мәліметтерді (мысалы, жолаушының тегін, маршрутты, тарифті және т.б.), хабарламалар мен хабарландыруларды қамтитын құжат немесе құжаттар;

10 10) тіркелген багаж – тасымалдаушының жауапкершілігіне қабылданған және оған багаждық түбіртек пен багаж белгісін берген, тасымалдаушы әуе тасымалына қабылдаған жолаушы багажы;

11 11) талап етілмеген багаж – багаж белгісінде көрсетілген межелі әуежайға (пунктке) келіп жеткен және жолаушы алмаған багаж;

12 12) тіркелмеген багаж (қол жүгі) – тасымалдаушының келісімімен әуе кемесінің салонында тасымалданатын, "қол жүгі" белгісімен таңбаланатын, жолаушылардың тіркелген жүктерінен басқа багажы;

13 13) трансферлік багаж – әуе тасымалының шартына сәйкес трансфер әуежайында (пунктінде) белгілі бір рейсті орындайтын әуе кемесінен әуе тасымалының маршруты бойынша басқа рейс орындайтын әуе кемесіне аударылып тиелетін багаж;

14 14) транзиттік жолаушы – әуе тасымалының шартына сәйкес аралық әуежайға келген сол рейспен одан әрі тасымалданатын жолаушы;

15 15) трансферлік жолаушы – әуе тасымалының шартына сәйкес трансфер (ауыстыру) әуежайына (пунктіне) белгілі бір рейспен келген және тасымал маршруты бойынша басқа рейспен ұшуын жалғастыратын жолаушы;

16

16) мүмкіндігі шектеулі жолаушы (PRM - Persons with Reduced Mobility) – қабілеті (сенсорлық немесе моторлық, созылмалы немесе уақытша) мүгедектік, ақыл кемістігі, өзге шектеулер немесе жасына байланысты өзгерістер салдарынан шектелген және жағдайы тиісті түрде күтім мен бейімделуді талап ететін жолаушы;

17 17) "деректемелер жазуы" бағаны – билетте бұл бағанда жолаушы туралы деректер көрсетіледі.

4 4. Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде әуежайдың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын авиатасымалдау ұйымы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1 1) ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

2 2) жолаушылар багажының сақталуын және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

3 3) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық стандарттарына сәйкес, сондай-ақ авиакомпания ережелерін ескере отырып, жолаушылар билеттерінің тіркелуін, жолаушылар багажының өлшенуін және ресімделуін жүргізеді;

4 4) әр рейс бойынша тасымалдау құжаттары пакетінің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

5 5) тіркеу аяқталғанда тіркеу қорытындыларын шығарады;

6 6) тасымалдау құжаттарына, әуе кемесінің тиелуі бойынша құжаттарға және авиакомпанияның ережелеріне сәйкес бос орындардың болуын анықтайды және әуе кемесінің (жолаушылардың, багаждың) тиелуін бақылайды;

7 7) отырғызуға шақырады және жолаушыларды әуе кемесіне дейін шығарып салады;

8 8) жолаушылардың іс жүзінде болуын тасымал құжаттарының деректерімен салыстыра отырып, жолаушыларды әуе кемесіне отырғызуды, багажды тиеуді жүзеге асырады;

9 9) отырғызуға келмеген жолаушылардың багажын түсіруді ұйымдастырады;

10 10) келіп жеткен жолаушыларды қарсы алуды және оларды аэровокзалдың келу залына дейін шығарып салуды жүргізеді;

11 11) әуежай ғимараты мен әуе кемесі арасында багажды қабылдауды, сүйемелдеуді жүргізеді;

12 12) ережелері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген халықаралық стандарттарға сәйкес әуе көлігінің қызмет көрсетулерін пайдаланатын жолаушыларға, әуежайда қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етеді.

5 5. Әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) ұшатын жолаушыларға қызмет көрсету;

2 2) ұшып келетін жолаушыларға қызмет көрсету;

3 3) трансферлік жолаушыларға қызмет көрсету;

4 4) транзиттік жолаушыларға қызмет көрсету;

5 5) тиісінше орындалмаған әуе тасымалына шағымданған жолаушыларға авиакомпания өкілінің қатысуымен қызмет көрсету;

6 6) мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету.

2 2. Ұшып шығатын жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі

6 6. Ұшып шығатын жолаушыларға қызмет көрсету мынадай тәртіпті көздейді:

1

1) әуежайдағы халықаралық рейстерде ұшатын жолаушыларды тіркеу әуе кемесінің ұшып шығуына дейін кемінде екі сағат (әуе кемесінің үлгісіне және жолаушылардың санына байланысты) және ішкі рейстерде әуе кемесіне ұшуына дейін кемінде 1,5 сағат (әуе кемесінің үлгісіне және жолаушылардың санына байланысты) қалғанда басталады және әуе кемесінің ұшуына 40 минут қалған кезде аяқталады;

2

2) агенттердің диспетчерден әуе кемесінің нөмірі және үлгісі, отыратын орын саны, авиакомпания, сатылған билеттер саны және ұшатын ерекше маңызды жолаушылар, мүгедектер, науқастар, трансферлік және транзиттік жолаушылар, интернет, өзін-өзі тіркеу бағандары және басқа байланыс түрлері арқылы тіркелген жолаушылар туралы мәліметтерді алуы;

3 3) агенттің рейсті ресімдеу үшін қажетті тасымал құжаттамасын (отырғызу талондары, багаждың нөмірлік белгілері, "қол жүгі", "шыны" белгісін және, қолмен тіркеу жағдайында, жолаушылар манифестері мен багаждық ведомостері) дайындауы;

4

4) агенттердің жолаушыларға ұсынылған билеттің, рейстің күні мен нөмірінің, жөнелтілетін уақытының, межелі әуежайының, сатып алынған орынның бұрыштамасының, билет жарамдылығы мерзімінің және жолаушының тегінің PNL тізімінде болуының шынайылығын және ресімделуінің дұрыстығын тексеруі. Қажет болған кезде, "Тапсыру жазбасы" бағанында жазбаның және бұрыштаманың болуын тексереді.

5 5) тасымалдауға қабылданатын багажды сыртынан тексеру;

6 6) жолаушы ұсынған багаж бен қол жүгін өлшеу;

7 7) багаж туралы деректерді осы/түйіспелі рейске (терге) енгізу;

8

8) агент орын санын, багаж бен қол жүгінің салмағын анықтайды, тасымалдауға қабылданған багажға багаждың нөмірлік белгісін және қол жүгіне "қол жүгі" белгісін жапсырады. Багаж белгісінің үзбелі талондары жолаушыға беріледі. Бір межелі пунктке жөнелтілген жолаушылар тобын автоматтық тіркеу кезінде тасымалдауға өзара қабылданған барлық багажды топтағы "отбасылық" немесе "топтық" режимде бір ересек жолаушының атына ресімдейді, агент қолмен тіркегенде бүкіл топтың тегін тасымалданатын багажының салмағын жалпы салмақпен салыстырады және жолаушы манифесіне тиісті белгілер жасайды;

9 9) билеттерді тіркеу жүйесіне деректер енгізе отырып, нормадан асатын багажды анықтау және ресімдеу;

10 10) билеттерді тіркеу және багажды ресімдеу рәсімдеріне байланысты әлдебір бұзушылықтар (жолаушының авиакомпания талабын орындаудан бас тартуы, билет ресімдеудегі бұзушылықтар) анықталған кезде қақтығыс жағдайларына жол бермеу үшін ол жөнінде ауысымның бастығын дереу хабардар етіледі;

11 11) тіркеу аяқталған соң агент әуежайдың ресми делегациялар залының (АМТ/ВИП, КМТ/СИП залы) аса маңызды жолаушыларға қызмет көрсететін агентімен өзара іс-қимыл жасай отырып, отырғызудың әр тармағы бойынша және бүкіл рейс бойынша тіркелген жолаушылар санын салыстырады.

Автоматты тіркеу кезінде агент жолаушылар манифестерінің қажетті санын баспаға шығарады, қолмен тіркеу кезінде тіркеудің әр секторы бойынша қорытындыларын шығарады және тіркеудің жалпы қорытындысын жиынтық тиеу ведомосін құрастыру үшін диспетчерге береді;

12 12) багажды қабылдаушы-тапсырушы/тиеуші тиеудің әр тармағы бойынша багаж орындарының санын санайды және оны тіркеудің әр секторы бойынша деректерімен салыстырады.

Қолмен тіркеу кезінде багажды қабылдаушы-тапсырушы/тиеуші агенттен жолаушы манифестінде белгіленіп тіркелген багаждың орындарының саны және салмағы туралы деректерді алады. Алынған деректерді әр тиеу тармағы бойынша багаж орнының нақты санымен салыстырып, әуе кемесін тиеу бойынша авиакомпанияның ережелеріне сәйкес әуе кемесіне жүкті тиейді және өзінің қолын қойып нақты деректерді растайды;

13 13) тіркеу уақыты аяқталу уақытынан кешіккен жолаушылардың тіркелуі жүргізілмейді;

14 14) агент жолаушыларды күту залынан әуе кемесіне отыруға шығуы үшін телескоптық трапқа шақырады немесе алыс тұрақтарға барып отыру кезінде перрондық көлік құралына отыруға шақырады;

15 15) агент жолаушылардың отырғызу талондарын тексереді, отырғызу талонында көрсетілген жолаушының тегін жеке басын куәландыратын құжатындағы тегімен салыстырады, жүйеге отыруға өткен жолаушының деректерін енгізеді және арнайы құралдары болған кезде отыру талонындағы ақпаратты көшіріп алады.

Перрондық көлік құралын жөнелтудің алдында агент жолаушыларға авиакомпанияның атауын, ұшу бағытын және рейс нөмірін хабарлайды;

16

16) ұшып шығатын жолаушыларды отырғызу және ұшу құжаттамасын ресімдеу ресіміне байланысты барлық бұзушылықтар (отырғызу талондары санының тіркелген жолаушылардың жалпы санына сәйкес келмеуі, отырғызу талондары санының қызмет көрсету кластары бойынша сәйкес келмеуі, жолаушының отырғызуға келмеуі) туралы диспетчер мен әуежай ауысымының бастығына дереу хабардар етіледі;

17

17) жолаушыларды әуе кемесіне отырғызу аяқталғаннан кейін агент әуежайдың диспетчерінен алынған тіркеудің қорытынды деректерімен және отырғызу талондарымен салыстыра отырып, бортсеріктен рейстегі жолаушылардың іс жүзіндегі санын нақтылайды және жиынтық тиеу ведомосінің "LMC" бағанына қажетті өзгерістер енгізеді;

18 18) агент жиынтық тиеу ведомосін және центрлеу кестесін әуе кемесінің екінші пилотына тапсырады және рейске отырғызудың аяқталғаны және әуе кемесінің рульдеуі басталғаны туралы диспетчерге хабарлайды;

19 19) әуе кемесінің бортына келмеген жолаушылардың багажы міндетті түрде алынып тасталады.

7

7. Интернет, өздігінен тіркелу бағандары және басқа байланыс түрлері арқылы тіркелген жолаушылардың багажын тіркеу кезінде агенттер жеке тағанда (Тіркелген жолаушылардың багажын ресімдеу) отырғызу купондарын жолаушының құжаттарымен салыстырады және авиакомпанияның ережелеріне сәйкес багаждың тіркелуін жүргізеді. Өздігінен тіркелу және багажды тіркеу тағаны ұшып шығуға дейін 40 минут қалғанда жабылады.

8 8. Багаждың қабылдануын, ресімделуін, жеткізілуін, тиелуін және берілуін мынадай операциялармен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар қамтамасыз етеді:

1 1) агент;

2 2) қабылдаушы-тапсырушы/тиеуші;

3 3) бортсерік/авиакомпания өкілі.

9 9. Халықаралық ұшуларды жүзеге асырған кезде маршруттық түбіртек паспорттық бақылаудан өткен кезде кері қайту билетінің дәлелі ретінде көрсетілуі үшін қажет.

10 10. Ұшып шығатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және багажын ресімдеу операциялық залдағы тағандарда немесе басқа тіркеу тәсілдерін қолданып жүргізіледі.

11 11. Балалары бар жолаушыларды тіркеу кезінде агент баланың жасын растайтын құжатты (тууы туралы куәлік) тексереді.

12 12. Баланың жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде бірге жүретін адамы жоқ балалардың билеттерін тіркеу авиакомпанияның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Әуе кемесінің салонында орын ұсыну билеттің мәртебесіне сәйкес жүзеге асырылады.

13

13. Агент науқас жолаушыларға қызмет көрсету кезінде авиабилеттің және осындай жолаушыны тасымалдау шарттарына қойылатын арнайы талаптар көрсетілген, оны әуе көлігімен тасымалдауға рұқсат ететін медициналық қорытындының болуын тексереді, содан кейін азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымның авиациялық стандарттарына сәйкес, сондай-ақ авиакомпания ережелерін ескере отырып, тасымалдау құжаттарын ресімдейді.

14

14. Жүкті жолаушыларға қызмет көрсету кезінде рейстің агент авиабилеттің, айырбас картасының (жүктіліктің кез келген мерзімінде) және де әуе көлігімен тасымалдауға рұқсат берілген жүктілік мерзімі жиырма сегіз аптадан отыз алты аптаға дейінгі жолаушылар үшін олардың медициналық қорытындысының болуын тексереді. Жүктілік мерзімі отыз алты аптадан астам жүкті жолаушылар әуе көлігімен тасымалдауға қабылданбайды.

3 3. Ұшып келген жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі

15 15. Ұшып келген жолаушыларға қызмет көрсету мынадай тәртіпті көздейді:

1 1) диспетчер рейстің келуінің есептік уақытын хабарлағаннан кейін, агенттер тасымалдау қызметінің диспетчерінен ұшып келе жатқан әуе кемесі жөнінде мынадай ақпаратты алады:

рейстің нөмірі;
келу уақыты;
жоспарланған тұрағы;
трансферлік және транзиттік жолаушыларды қоса алғанда, жолаушылар саны;
багаж салмағының саны;
көмекті немесе арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін жолаушылар туралы ақпарат;

2 2) агент жолаушыларды телескопиялық траптың алдында қарсы алады немесе жолаушылармен бірге перрондық көлік құралымен әуежайға дейін бірге барады;

3 3) агент тәртіптің сақталуын бақылайды және жолаушылардың әуежай терминалының ұшып келу залына паспорттық бақылаудан өтуі (халықаралық рейстерде) және багажды алуы үшін жеткізілуін қадағалайды;

4 4) багаждың әуе кемесінің бортынан түсірілуін жүргізетін қабылдаушы-тапсырушы/тиеуші қаптаманың жарамдылығын тексереді және бұзылуын анықтаған жағдайда авиакомпанияның өкіліне және агентке хабарлайды;

5 5) авиакомпания өкілі/қабылдаушы-тапсырушы/тиеуші/ агент әуе кемесінен багаждың қабылдап алуын жүргізеді, тиеу кезіндегі багаж орындарының санын есептейді және деректерді ұшу құжаттарына сәйкес салыстырады.

Барлық анықталған ақаулықтар багаждың ведомосінде көрсетіледі (ақаулықтың сипаты, багаж белгісінің нөмірі), агенттің және авиакомпания өкілінің қолымен және тегімен куәландырылады;

6 6) багаж әуежайдың багаждық бөліміне жеткізіледі;

7 7) қабылдаушы-тапсырушы/тиеуші багаждың транспортерлік таспаға аударып түсірілуін жүргізеді.

Әуежайдың багаждық бөліміне бизнес-класс ("приорити") жолаушыларының және трансферлік жолаушылардың багажы бірінші кезекте жеткізіледі;

8 8) багаждың әуе арқылы тиесілі тасымалданбауының барлық жағдайы бойынша агент, багаждың әуе арқылы дұрыс тасымалданбауы туралы коммерциялық актісін (бұдан әрі – PIR актісі) жасайды. Багаж келмеген/бұзылған жағдайда, жолаушының өтініші PIR актісін жасауға негіз болып саналады.

4 4. Трансферлік жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі

16 16. Трансферлік жолаушыларды тіркеу және багажды ресімдеу кезінде агент авиакомпанияның арнайы багаждық нөмірлік белгілерін пайдаланады.

17 17. Трансферлік багаж әуе кемесінің бортында бөлек багаж бөлігіне тиеледі. Бос багаж бөлігі болмаған жағдайда трансферлік жолаушылардың багажы ең соңғы кезекпен тиеледі.

18 18. Әуежайдың багаж бөлмесіне трансферлік жолаушылардың багажы бірінші кезекте жеткізіледі.

5 5. Транзиттік жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі

19 19. Транзиттік жолаушы транзит әуежайынан билетте көрсетілген күні мен рейске сәйкес жөнелтіледі. Халықаралық тасымал кезінде транзиттік жолаушы аялдау әуежайында транзиттік жолаушыларға арналған залда болады.

20

20. Транзиттік жолаушыны өзі қалаған рейспен жөнелту мүмкін болмаған жағдайда авиакомпания жолаушыға басқа рейстен орын немесе басқа ұшу күнін ұсынады. Транзиттік жолаушы авиакомпания ұсынған рейстен немесе ұшу күнінен бас тартқан жағдайда авиакомпания жолаушының талабы бойынша орындалмаған тасымал үшін авиакомпанияның тарифтерін қолдану ережесіне сәйкес билеттің ақшасын қайтарады.

6 6. Жолаушы багажды тиісті түрде әуеде тасымалдамағаны жөнінде наразылық берген кезде оған қызмет көрсету тәртібі

21 21. Жолаушының наразылығына негіз болатын багажды әуеде тиісті түрде тасымалдамау фактісі PIR коммерциялық актісімен куәландырылады. Акт тікелей жарамсыздық анықталған әуежайда немесе ұшып келген әуежайда жасалады.

22 22. PIR коммерциялық актісін жасауға мыналар негіз болады:

1 1) багаж атауының, құжаттарда көрсетілген салмағының немесе багаж орындарындағы санының сәйкес келмеуі;

2 2) багаждағы заттардың жетіспеуі;

3 3) багаждың зақымдануы;

4 4) құжатсыз багаждың анықталуы.

23 23. PIR коммерциялық актісін мыналар жасайды және оған қол қояды:

1 1) авиакомпания өкілі – акті жасалған багаж үшін жауапты адам;

2 2) агент – актіде жазылған фактіні куәландырушы адам;

3 3) багаж алушы (мүдделі адам).

Актіні жасауға тартылатын қосымша адамдар саны багажды тиісті түрде әуеде тасымалдау сипатына байланысты болады. Авиакомпанияның өкілі PIR коммерциялық актісін жасағаннан кейін авиакомпанияның негізгі әуежайының жарнама агентіне актіде көрсетілген деректері бар хабар жібереді, іздестіру жүргізеді, фактісі мен себептерін анықтайды.

24 24. Багаждың тиісті түрде тасымалданбауы туралы барлық жағдайлар жөнінде ауысым бастығы немесе агент және авиакомпания өкілі дереу хабардар етіледі.

25 25. Багаж келмегенде немесе оның орындарының саны бойынша кем болғанда агент жолаушыдан арыз өтінішін қабылдайды, PIR актісін үш данада жасайды, онда рейстің нөмірін, күнін, әуе кемесінің ұшу бағытын, багаждық белгілердің нөмірлерін және багаждың сипаттамасын көрсетеді.

7 7. Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету тәртібі

26 26. Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету мынадай тәртіпті көздейді:

1 1) көзінің көрмеуі бойынша мүгедектігі бар және өзін жетектеуші ит сүйемелдеген жолаушыны тіркеу авиакомпанияның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) қозғалу мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау кезінде, тіркеу желісі бойынша тиісті рәсімдерді жүргізгеннен кейін авиакомпанияның/әуежайдың өкілі оларды әуе кемесіне/н шығарып салады және құжаттарымен қоса оны/оларды тікелей экипажға тапсырады;

3 3) агент шекаралық, кедендік бақылаудан және өзі ресімдеу рәсімдерінен өтуге көмек көрсетеді.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсетуді авиакомпанияның ережелеріне сәйкес агент жүзеге асырады.
Арбаша-креслоны пайдаланатын адамдарды тасымалдау кезінде авиакомпанияның/әуежайдың өкілі әуе кемесінің салонында тасымалдауға арналған арнайы креслоны ұсынуы тиіс.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әуе кемесіне отырғызуды әуежай өкілі жолаушылардың негізгі бөлігінің отырғызуын хабарлағанға дейін бірінші кезекте және әуе кемесінен түсіруін соңғы кезекте жүргізеді.
Әуе көлігінің қызметтерін пайдаланатын мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету ережелері осы Қағидаға 2-қосымшада келтірілген халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

1 Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету және сервисінің халықаралық стандарттар ережесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
әу­е­жай­ла­рын­да жо­ла­у­шы­лар­ға
қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
қа­ғи­да­сы­на 1-қо­сым­ша
Әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету және сервисінің халықаралық стандарттар ережесі
Р/с №
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­ның өл­ше­мі
Көр­сет­кіш­тер
Қыз­мет­тер са­па­сы мен қыз­мет көр­се­ту­ді ба­ға­ла­удың ұсы­ны­ла­тын па­ра­метр­ле­рі
1.
Жер­де­гі кө­лі­гі
Так­си
Әу­е­жай­да тап­сы­рыс бе­ру­дің қол­же­тім­ді­лі­гі және мүм­кін­ді­гі­нің бо­луы. Әу­е­жай­дың жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру са­па­сы­на және олар­дың орын­да­луын ба­қы­ла­у­ға та­лап­та­ры­ның бо­луы
2.
Тұ­р­ақ­қа қою
Вок­за­л­ға кі­ру мүм­кін­ді­гі
Әу­е­жай­дың вок­зал ма­ңы ала­ңын­да ав­то­кө­лік тұ­ра­ғы­ның және қоз­ға­лы­сы­ның уа­қы­тын рет­теу жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жүр­гі­зуі
Жо­ла­у­шы­лар­ды отыр­ғы­зу/тү­сі­ру үшін те­гін тұ­рақ­та­у­ға жет­кі­лік­ті уа­қыт­тың бо­луы
Жо­ла­у­шы­лар­ды отыр­ғы­зу/тү­сі­ру және вок­зал ма­ңы ала­ңы­нан шы­ғу опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ру үшін жет­кі­лік­ті вок­зал ма­ңын­да ав­то­кө­лік­ке те­гін тұ­рақ бе­рі­ле­тін уа­қыт нор­ма­сы
Тұ­рақ­тау ай­ма­ғы­нан жо­ла­у­шы­лар аэро­вок­за­лы­на
Тұ­р­ақ­қа қою бой­ын­ша әу­е­жай стан­дар­ты­ның және ба­қы­ла­у­ы­ның бо­луы
қол­же­тім­ді­лік жыл­дамды­ғы және ың­ғай­лы­лы­ғы
Ав­то­кө­лік­ті тұ­р­ақ­қа қою ор­ны­нан аэро­вок­за­л­ға қол­же­тім­ді­лік 5 ми­нут­тан ас­пай­ды, әу­е­жай та­лап­та­ры­ның және олар­дың орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
Әу­е­жай­да тұ­рақ­та­у­ға жет­кі­лік­ті орын­дар са­ны­ның бо­луы
Жы­лы­на 1 млн. жо­ла­у­шы­сы бар әу­е­жай­дың жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы­на ке­мін­де 500 тұ­рақ ор­ны­ның бо­луы
Тұ­рақ­тар­дың қол­же­тім­ді­лі­гі
Әу­е­жай кли­ент­те­рі­нің тұ­р­ақ­қа қою қыз­ме­ті құ­ны­ның нұс­қа­ла­рын таң­дау мүм­кін­ді­гі­нің бо­луы
3.
Жо­ла­у­шы­лар­дың әу­е­жай­да бағ­дар­ла­нуы­ның қа­ра­пай­ым­ды­лы­ғы
Жа­зу­лар мен пик­то­грам­ма­лар­ды, олар­дың ақ­па­рат­тық құ­ра­уы­шын оқу­дың қа­ра­пай­ым­ды­лы­ғы
Әу­е­жай­да­ғы жа­зу­лар мен пик­то­грам­ма­лар­дың ИКАО-ның (Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ұй­ы­мы) 9636-құ­жа­ты­ның ұсы­ным­да­ры­на сәй­кест­і­гі, жо­ла­у­шы­лар­дың әу­е­жай­да бағ­дар­ла­нуы үшін әу­е­жай­дың пик­то­грам­ма­лар­ға және ақ­па­рат­тық жа­зу­лар­ға қа­ты­сты стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
4
Ұшу ақ­па­ра­ты бар ақ­па­рат­тық таб­ло
Рей­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­тың же­дел­ді­лі­гі және жа­ңар­ты­лу то­лық­тығы
Ақ­па­рат­тың ИКАО-ның (Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ұй­ы­мы) 9249-құ­жа­ты­ның ұсы­ным­да­ры­на сәй­кест­і­гі, әу­е­жай­дың ұшу ақ­па­ра­ты бар ақ­па­рат­тық таб­ло­ға қой­ы­ла­тын стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
5.
Рей­стер түй­і­су­і­нің қа­ра­пай­ым­ды­лығ ы және ың­ғай­лы­лы­ғы
Транс­фер­лік жо­ла­у­шы­лар үшін рей­стер түй­і­су­і­нің ең аз уа­қы­ты
Транс­фер­лік жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту үшін әу­е­жай­да рей­стер түй­і­су­і­нің ең аз уа­қыт стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
6.
Ба­гаж ар­ба­ша­ла­ры
Ба­гаж ар­ба­ша­ла­ры­ның бо­луы және олар­ға қол же­тім­ді­лік
Ба­гаж ар­ба­ша­ла­ры­ның қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша әу­е­жай стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
Әу­е­жай­да
Жы­лы­на 1 млн. жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы үшін ке­мін­де 159 ар­ба­ша
Вок­зал ма­ңы ала­ңын­да
Жы­лы­на 1 млн. жо­ла­у­шы­лар ай­на­лы­мы үшін ке­мін­де 26 ар­ба­ша
7.
Жо­ла­у­шы­лар­ға кө­мек көр­се­ту және әу­е­жай пер­со­на­лы­ның сөй­леу мә­де­ни­е­ті
Пер­со­нал­дың сырт­қы кел­бе­ті
Әу­е­жай­дың пер­со­нал мен агент­тер­дің сырт­қы кел­бе­тіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
Пер­со­нал­дың сөй­леу мә­де­ни­е­ті және мі­нез-құл­қы
Әу­е­жай­дың сөй­леу мә­де­ни­е­ті мен тіл­де­су фра­зео­ло­ги­я­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар стан­дар­ты­ның, пер­со­нал мен агент­тер­ді да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
8.
Қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру кә­сі­по­рын­да­ры
Қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру кә­сі­по­рын­да­ры­ның жет­кі­лік­ті са­ны­ның бо­луы және олар­ға жо­ла­у­шы­лар­дың қол­же­тім­ді­лі­гі
Әу­е­жай­дың қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру қыз­ме­тін көр­се­ту­ші­лер­ге, қыз­мет­тің қа­уіп­сіз­ді­гі мен са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­та­ры­ның бо­луы
Ор­на­лас­қан ор­ны
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­дың қоз­ға­лы­сы­на бө­гет кел­тір­меу шар­ты­мен әу­е­жай­дың бар­лық ре­жим­дік ай­мақ­та­рын­да қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру кә­сі­по­рын­да­ры­ның ор­на­ла­суы
Ақа­у­лы жағ­дай­лар­да жо­ла­у­шы­лар­ды та­мақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
Ақа­у­лы жағ­дай­лар­да тұ­рақ­ты кесте­нің ба­рын­ша жо­ға­ры дең­гей­ін­де 1 са­ғат ішін­де та­сы­мал­да­у­шы­лар­ға жо­ла­у­шы­лар­дың та­мақ­та­нуын ұй­ым­да­сты­ру мүм­кін­ді­гін ұсы­ну
9.
Сым­сыз бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту
Жо­ла­у­шы­лар­дың сым­сыз бай­ла­ны­сқа және Ин­тер­нет же­лі­сіне қыз­мет көр­се­ту­дің бар­лық ре­жим­дік ай­мақ­та­рын­да қол­же­тім­ді­лі­гі
Әу­е­жай­дың ре­жим­дік ай­мақ­та­рын­да жо­ла­у­шы­лар­дың сым­сыз бай­ла­ныс ар­на­ла­ры­на және Ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу­іне тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік­тер ұсы­ну. Атал­ған мә­се­ле бой­ын­ша кә­сі­по­рын стан­дар­ты­ның және ба­қы­ла­удың бо­луы
10.
Дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі
Әу­е­жай­дың бар­лық ре­жим­дік ай­мақ­та­рын­да дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­ріне жо­ла­у­шы­лар­дың те­гін қол жет­кі­зу­ін қам­та­ма­сыз ету, ай­мақ­тар бой­ын­ша дә­рет­ха­на­лар­дың жет­кі­лік­ті са­ны, мүм­кін­дік­те­рі шек­тел­ген тұ­лға­лар­ға ар­нал­ған дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі
Ұшып ке­лу ай­ма­ғын­да тек­се­ріп қа­рау және ба­қы­лау рә­сім­де­рі ба­ста­лар­дан бұ­рын дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің бо­луы
Жай­лы­лы­ғы аса жо­ға­ры ай­мақ­тар­да дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің бо­луы
Ба­гаж­ды алу ай­ма­ғын­да дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің бо­луы
Жо­ла­у­шы­лар­ға және қар­сы алушы адам­дар­ға қыз­мет көр­се­ту ай­ма­ғын­да дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің бо­луы
Ұшып кел­ген соң пас­порт­тық ба­қы­ла­удан өту ай­ма­ғын­да дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің бо­луы
Мүм­кін­дік­те­рі шек­тел­ген адам­дар­ға ар­нал­ған ай­мақ­тар­да дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің бо­луы
11.
Дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің та­за­лы­ғы
Дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рі­нің та­за­лы­ғы­на жо­ла­у­шы­лар­дың се­нім­ді бо­луы
Дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рін кү­тіп ұстау стан­дар­ты­ның және ба­қы­ла­удың бо­луы
Дә­рет­ха­на бөл­ме­ле­рін жи­на­сты­ру кесте­сі­нің бо­луы
12.
Кү­ту ай­мақ­та­рын жаб­дық­тау
Ай­мақ­тар­да алаң­ның және оты­ра­тын орын­дар­дың жет­кі­лік­ті бо­луы
Әу­е­жай­дың кү­ту ай­мақ­та­рын­да әу­е­жай­дың және ай­мақ­тың ең жо­ға­ры өт­кі­зу­ші­лік қа­бі­ле­тіне сәй­кес алаң­да­рын және оты­ра­тын орын­да­рын қам­та­ма­сыз ету стан­дар­ты­ның бо­луы
Қар­сы ала­тын және шы­ға­рып са­ла­тын адам­дар жо­ла­у­шы­лар­дың қоз­ға­лы­сы­на ке­дер­гі кел­тір­мей­ді
Кү­ту ай­ма­ғын­да, егер жи­нақ­та­ғыш жоқ бол­са, жо­ла­у­шы­лар­дың және шы­ға­рып са­ла­тын адам­дар­дың ең жо­ғар­ғы жүк­те­ме­сі үшін ке­мін­де 20% орын және жи­нақ­та­ғы­ш­та­ғы жо­ла­у­шы­лар­дың ке­мін­де 60%-ы оты­ру­ға мүм­кін­ді­гі бо­луы ти­іс
Шы­лым ше­гу ай­мақ­та­ры­ның қыз­ме­тін ұсы­ну
Кү­ту ай­мақ­та­рын­да ең жо­ға­ры жо­ла­у­шы­лар ағы­нын ес­ке­ре оты­рып, шы­лым ше­гу ай­мақ­та­рын жаб­дық­та­удың ти­ім­ді­лі­гі
13.
Ұшу және ұшып ке­лу­де­гі ше­ка­ра­лық ба­қы­лау
Жо­ла­у­шы­ның рә­сім­нен өту­і­нің қа­ра­пай­ым­ды­лы­ғы және жыл­дамды­ғы
Ба­қы­ла­удан өту­ге дей­ін жо­ла­у­шы­лар үшін рә­сім­дер­ді өту та­лап­та­ры ту­ра­лы қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тың бо­луы.
Пас­порт­тық ба­қы­ла­уда ше­ка­ра қыз­ме­ті ке­ліс­кен жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту жыл­дамды­ғы және орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы.
Кесте бой­ын­ша рей­стер­дің орын­да­луы ке­зін­де жо­ла­у­шы­лар­дың ұшып ке­луі бой­ын­ша 20 ми­нут­тан және ұшып шы­ғар­да 30 ми­нут­тан ар­тық емес ке­зек­те тұ­руын ес­ке­ре оты­рып, рә­сім­дер­ден өтуі
Ше­ка­ра­лық ба­қы­лау қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның ізет­ті­лі­гі және әдеп­ті­лі­гі
Жо­ла­у­шы­лар ағы­ны және ай­мақ­тың өт­кі­зу қа­бі­ле­тін же­дел ұл­ғай­ту мүм­кін­ді­гіне қа­рай ше­ка­ра­лық ба­қы­лау қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның тәу­лік­тік жұ­мыс кесте­сі­нің бо­луы және әу­е­жай­мен ке­лі­суі
Қыз­мет­тің пер­со­нал­дың сырт­қы кел­бе­тіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар стан­дар­ты­ның және орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
14.
Қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің кө­ме­гі
Қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның сөй­леу мә­де­ни­е­ті бой­ын­ша әу­е­жай­дың кор­по­ра­тив­тік стан­дар­ты
Әу­е­жай стан­дар­ты­ның бо­луы, пер­со­нал­ды да­яр­лау жүй­е­сі­нің және қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның атал­ған стан­дарт­ты орын­да­уы­на ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы
15.
Қа­уіп­сіз­дік рә­сі­мі­нің қа­ра­пай­ым­ды­лы­ғы
Тек­се­ріп қа­рау рә­сі­мі­нен өту­дің және оны орын­дау шар­тта­ры ту­ра­лы нақ­ты қол­же­тім­ді та­лап­тар­дың бо­луы
Тек­се­ріп қа­ра­у­ға дей­ін жо­ла­у­шы­ның та­лап­тар­мен та­ны­су мүм­кін­ді­гі және ақ­па­рат­тың қол­же­тім­ді­лі­гі
Жо­ла­у­шы­лар­дың тек­се­ріп қа­ра­удан өту­іне қо­лай­лы жағ­дай­лар жа­сау бой­ын­ша әу­е­жай стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
16.
Тек­се­ріп қа­рау рә­сі­мі­нен өту уа­қы­ты
Тек­се­ріп қа­рау рә­сі­мі­нен өту­дің ең ұзақ уа­қы­ты бой­ын­ша әу­е­жай стан­дар­ты­ның бо­луы
Тек­се­ріп қа­рау рә­сі­мі­нен өту­дің ең ұзақ уа­қы­ты стан­дар­ты­ның бо­луы және оның сақ­та­луын ба­қы­лау Жо­ла­у­шы­ның рә­сім­нен өту уа­қы­ты, ке­зек­ті ес­ке­ре оты­рып, 7 ми­нут­тан ас­па­уы ти­іс
17.
Аэро­вок­зал­дың та­за­лы­ғы
Жо­ла­у­шы­лар­дың аэро­вок­зал та­за­лы­ғы­нан ал­ған әсе­рі және оған қа­на­ғат­та­нуы
Аэро­вок­зал­ды кү­тіп ұстау та­за­лы­ғы стан­дар­ты­ның бо­луы
Аэро­вок­зал­ды кү­тіп ұстау та­за­лы­ғы стан­дар­тын орын­дау бой­ын­ша ба­қы­ла­удың бо­луы
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­дың са­ни­тар­лық-эпи­де­мио­ло­ги ялық жай-күй­ін қам­та­ма­сыз ету­дің өн­ді­рі­стік ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы және жұ­мыс іс­те­уі
18.
Ат­мо­сфе­ра
Жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту және сер­ви­сі үшін вок­зал үй-жай­ла­рын­да­ғы қо­лай­лы тем­пе­ра­ту­ра мен жа­рық­тан­ды­ру жағ­дайы
Аэро­вок­зал­да­ғы үй-жай­лар­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы және жа­рық­тан­ды­ру бой­ын­ша стан­дарт­тың бо­луы, әу­е­жай­да­ғы үй-жай­лар­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы және жа­рық­тан­ды­ру көр­сет­кіш­те­ріне мо­ни­то­ринг және ба­қы­лау жүр­гі­зу
19.
Жо­ла­у­шы­лар­ға ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту
Ақ­па­рат­тық таб­ло
Ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
Әу­е­жай­да ақ­па­рат­тық таб­ло стан­дар­ты­ның бо­луы
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту­дің және оны ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру стан­дар­ты­ның бо­луы
20.
Ба­гаж­ды алу жыл­дамды­ғы
Рей­стің кесте бой­ын­ша ұшып ке­луі ке­зін­де ба­гаж­ды алу­ға қа­жет­ті уа­қыт
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға ба­гаж бе­ру стан­дар­ты­ның және уа­қыт­ты ба­қы­ла­у­ы­ның бо­луы
Рей­стің кесте бой­ын­ша ұшып ке­луі ке­зін­де ба­гаж­ды алу уа­қы­ты ор­та­ша 15 ми­нут­тан ас­па­уы ти­іс
21.
Ке­ден­дік тек­се­ріп қа­ра­удан өту
Рей­стің кесте бой­ын­ша ұшып ке­луі ке­зін­де ке­ден­дік тек­се­ріп қа­ра­удан өту қа­ра­пай­ым­ды­лы­ғы және жыл­дамды­ғы
Ба­қы­ла­удан өту­ге дей­ін жо­ла­у­шы­лар­дың рә­сім­нен өту та­лап­та­ры ту­ра­лы қол­же­тім­ді ақ­па­ра­ты­ның бо­луы
Қыз­мет­тің рей­стің кесте бой­ын­ша ұшып ке­луі ке­зін­де жо­ла­у­шы­лар­дың ке­ден­дік тек­се­ріп қа­ра­удан өту­іне қа­жет­ті уа­қыт­қа стан­дар­ты­ның бо­луы, стан­дарт­тың орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
Қыз­мет­тің ке­ден­дік рә­сім­дер­ден өту­де қыз­мет көр­се­ту мә­де­ни­е­ті және уа­қы­ты бой­ын­ша стан­дар­ты­ның және оның орын­да­луы­на ба­қы­ла­удың бо­луы
Жо­ла­у­шы­лар ағы­ны және ай­мақ­тың өт­кі­зу қа­бі­ле­тін же­дел ұл­ғай­ту мүм­кін­ді­гіне қа­рай ке­ден­дік қыз­мет пер­со­на­лы­ның тәу­лік­тік жұ­мыс кесте­сі­нің бо­луы және оны әу­е­жай­мен ке­лі­суі
Ке­ден­дік қыз­мет пер­со­на­лы­ның ізет­ті­лі­гі және әдеп­ті­лі­гі
Қыз­мет пер­со­на­лы­ның тәр­тіп мә­де­ни­е­тіне және сырт­қы тү­ріне қой­ы­ла­тын та­лап­та­ры­ның бо­луы
22.
Ке­зек­тер­де кү­ту уа­қы­ты
Рей­стің кесте бой­ын­ша ұшып ке­луі ке­зін­де жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­дің әр кла­сы үшін жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті уа­қыт
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­дің тех­но­ло­ги­я­лық кесте­сі стан­дар­ты­ның, оның орын­да­луын ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы. Ұшып ке­луі бой­ын­ша әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты 45 ми­нут­тан ас­па­уы ти­іс. Осы уа­қыт стан­дар­ты жо­ла­у­шы­лар үшін қол­же­тім­ді
Ұшып шы­ға­тын жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­дің әр кла­сы үшін жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге қа­жет­ті уа­қыт
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­дің тех­но­ло­ги­я­лық кесте стан­дар­ты­ның, оның орын­да­луын ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы. Ұшып шы­ғуы бой­ын­ша әу­е­жай­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты 60 ми­нут­тан ас­па­уы ти­іс. Осы уа­қыт стан­дар­ты жо­ла­у­шы­лар үшін қол­же­тім­ді
Рей­стің кесте бой­ын­ша орын­да­луы ке­зін­де жо­ла­у­шы­ның әу­е­жай­да ке­зек­те тұ­руы­ның ең ұзақ уа­қы­ты
Жо­ла­у­шы­ның әу­е­жай­да бір ке­зек­те тұ­руы­ның ең ұзақ уа­қы­ты тір­кеу ке­зін­де эко­но­ми­ка­лық класс жо­ла­у­шы­ла­ры үшін 12 ми­нут­тан және биз­нес кла­сы­ның жо­ла­у­шы­ла­ры үшін 3 ми­нут­тан ас­па­уы ти­іс; ұшып кел­ген­де­гі пас­порт­тық және ви­за­лық ба­қы­лау ке­зін­де 7 ми­нут, ұшып шық­қан­да­ғы пас­порт­тық ба­қы­лау ке­зін­де 5 ми­нут;
ба­гаж­ды бе­ру ке­зін­де 15 ми­нут; қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қа­рап тек­се­ру­і­нен өт­кен­де 3 ми­нут, ке­ден­дік қа­рап тек­се­ру­ден өт­кен­де 3 ми­нут.
Ес­керт­пе: Әу­е­жай­да жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген стан­дарт­тар әу­е­жай­дың өт­кі­зу қа­бі­ле­ті­мен, слот­тар­мен, пер­со­нал­дың жұ­мыс кесте­сі­мен, қыз­мет­тер мен пер­со­нал жұ­мысы­ның тех­но­ло­ги­я­ла­ры­мен және тех­но­ло­ги­я­лық кесте­ле­рі­мен рет­те­ле­ді.
23.
Тек­се­ріп қа­рау қыз­мет­те­рі пер­со­на­лы жұ­мысы­ның ти­ім­ді­лі­гі
Тек­се­ріп қа­рау қыз­мет­те­рі пер­со­на­лы­ның жо­ла­у­шы­лар­ға кө­мек көр­се­туі және пер­со­нал­дың стан­дарт­ты (тех­но­ло­ги­я­лық кесте­ні) сақ­та­уы
Тек­се­ріп қа­рау қыз­мет­те­рі пер­со­на­лы жұ­мысы­ның тех­но­ло­ги­я­лық кар­та­ла­ры­ның және тех­но­ло­ги­я­лық кесте­ле­рі­нің, олар­дың орын­да­луын ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы.
Тек­се­ріп қа­рау қыз­мет­те­рі пер­со­на­лы­ның тек­се­ріп қа­рау опе­ра­ци­я­ла­рын орын­дау уа­қы­ты бой­ын­ша тек­се­ріп қа­рау нүк­те­ле­рі мен нор­ма­тив­те­ріне ар­нал­ған өт­кі­зу қа­бі­ле­ті нор­ма­тив­те­рі­нің, олар­дың орын­да­луын ба­қы­лау жүй­е­сі­нің бо­луы.
24.
Тек­се­ріп қа­рау қыз­мет­те­рі пер­со­на­лы­ның әдеп­ті­лі­гі
Тек­се­ріп қа­рау қыз­мет­те­рі пер­со­на­лы­ның әу­е­жай­дың кор­по­ра­тив­тік мә­де­ни­е­ті­нің стан­дарт та­лап­та­рын орын­да­уы
Тек­се­ріп қа­рау қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның сырт­қы тү­ріне және сөй­леу мә­де­ни­е­тіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар стан­дар­ты­ның бо­луы. Әу­е­жай­дың тек­се­ріп қа­рау қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның сырт­қы тү­ріне және жо­ла­у­шы­лар­мен сөй­леу мә­де­ни­е­тіне қой­ы­ла­тын кор­по­ра­тив­тік та­лап­та­рын орын­дау бой­ын­ша қа­рап тек­се­ру қыз­ме­ті­нің пер­со­на­лын да­яр­лау және ат­те­стат­тау жүй­е­сі­нің бо­луы
25.
Аса қо­лай­лы зал­дар
Жо­ла­у­шы мен авиа­та­сы­мал­да­у­шы­ға аса қо­лай­лы зал­дар­да қыз­мет көр­се­ті­лу қол­же­тім­ді­лі­гі мүм­кін­ді­гін ұсы­ну
Қыз­мет көр­се­ті­лу кла­сы жо­ға­ры жо­ла­у­шы­лар үшін; де­пу­тат­тар за­лы үшін; жо­ла­у­шы­лар мен авиа­та­сы­мал­да­у­шы­лар­дың қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­нуын және қыз­мет көр­се­ті­лу­ін бел­гі­лей­тін әу­е­жай стан­дар­ты­ның және аса қо­лай­лы зал­да­ры­ның бо­луы.
Әу­е­жай та­ра­пы­нан аса қо­лай­лы зал­дар­да жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­на ба­қы­ла­удың бо­луы.
Авиа­жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­да­у­шы­ла­ры­ның және жо­ла­у­шы­лар­дың жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту са­па­сын ба­ға­ла­уы.

2 Әуе көлігінде мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға (PRM – Persons with reduced mobility) қызмет көрсету халықаралық стандарттарының ережелері

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
әу­е­жай­ла­рын­да жо­ла­у­шы­лар­ға
қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
қа­ғи­да­сы­на 2-қо­сым­ша
Әуе көлігінде мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға (PRM – Persons with reduced mobility) қызмет көрсету халықаралық стандарттарының ережелері
Р/с .№
Мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар­ға қыз­мет көр­се­ту қол­же­тім­ді­лі­гін және са­па­сын ба­қы­ла­у­ға ұсы­ны­ла­тын өл­шем­дер
Ұсы­ны­ла­тын көр­сет­кіш­тер
Қыз­мет­тер са­па­сы мен қыз­мет көр­се­ту­ді ба­ға­ла­удың ұсы­ны­ла­тын па­ра­метр­ле­рі
1
Авиа­ком­па­ни­я­лар мен әу­е­жай­лар пер­со­на­лы және жо­ла­у­шы та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі агент­тер пер­со­на­лы
PRMs қыз­мет көр­се­ту­ді дай­ын­дау бағ­дар­ла­ма­ла­ры
Авиа­ком­па­ни­я­лар мен әу­е­жай­лар­да қа­был­дан­ған PRMs ере­же­ле­рі мен қыз­мет көр­се­ту са­па­сы стан­дарт­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін өз және агент­тер пер­со­на­лын да­яр­лау бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы. Бағ­дар­ла­ма­лар пер­со­нал са­нат­та­ры­ның PRMs-пен ті­ке­лей өза­ра іс-қи­мыл дең­гей­ін ес­ке­руі ти­іс. Бағ­дар­ла­ма­лар­ды мү­ге­дек­тер ұй­ым­да­ры­ның са­рап­шы­ла­ры­мен ке­лі­су
2
PRMs-ті жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­ма­лы­на дай­ын­дау
Әу­е­жай­да PRMs-ке қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша ақ­па­рат
Әу­е­жай­дың ре­сми ин­тер­нет па­ра­ғын­да және анық­та­ма қыз­ме­т­ін­де әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры­ның және олар­ды ұшу­ға дай­ын­дау бой­ын­ша ұсы­ны­стар ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
Әу­е­жай­дың рей­сте PRMs-тің бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат
Авиа­ком­па­ни­яда және оның аген­т­ін­де рей­стің кесте­ге сәй­кес орын­да­луы­нан 48 са­ғат бұ­рын әу­е­жай­да және рей­сте PRMs үшін кө­мек көр­се­ту қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
3
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту­ле­рі үшін жағ­дай жа­сау
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту са­па­сы стан­дар­ты­ның бо­луы және оның орын­да­луы
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту са­па­сы стан­дар­ты­ның, тұ­рақ­тау орын­да­ры­на, тұ­рақ­тар­ға, аял­да­ма­лар­ға, вок­зал ма­ңы ала­ңын­да­ғы кез­де­су орын­да­ры­на, вок­зал ма­ңы ала­ңын­да және аэро­вок­зал­да PRMs қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­ла­ры­на;
тұр­мыстық қыз­мет­тер мен сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ге;
жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­ма­лы бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту жыл­дамды­ғы және қо­лай­лы­лы­ғы­на;
ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту­ге;
пер­со­нал­ды да­яр­ла­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың бо­луы
Бар­лық мүд­де­лі адам­дар­дың стан­дарт­пен ер­кін та­ны­суы үшін қол­же­тім­ді­лі­гі және те­ле­фон және элек­трон­дық ком­му­ни­ка­ция құ­рал­да­ры ар­қы­лы қа­жет­ті ке­ңес алу мүм­кін­ді­гі
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту са­па­сы стан­дар­тын әзір­ле­у­ге және оның орын­да­луын ба­қы­ла­у­ға мү­ге­дек­тер ұй­ым­да­ры­ның са­рап­шы­ла­рын тар­ту.
4
Әу­е­жай­ға ке­лу
Же­ке ав­то­мо­биль
PRMs тү­су­ін және оты­руын, PRMs тұ­ра­ғы­ның көр­не­кі бел­гі­сі­нің бо­луын ес­ке­ре оты­рып, аэро­вок­за­л­ға кі­ре­бе­ріс ай­ма­ғын­да PRMs ав­то­мо­биль­де­рі­нің тоқ­та­уы үшін ар­найы таң­ба­ла­удың бо­луы
PRMs аял­да­ма­сын жер бе­ті­нен 700-1200 мм дең­гей­де ор­на­лас­қан кө­мек ша­қы­ру­дың ар­найы пуль­ті­мен жаб­дық­тау
Так­си
Аэро­вок­за­л­ға кі­ре­бе­ріс ай­мақ­та PRMs тү­су­ін және оты­руын, PRMs тұ­ра­ғы­ның кө­рі­не­тін бел­гі­сін ес­ке­ре оты­рып, PRMs-ы бар так­си аял­да­ма­сы­ның ар­найы таң­ба­ла­нуы­ның бо­луы. PRMs аял­да­ма­сын жер бе­ті­нен 700-1200 мм дең­гей­де ор­на­лас­қан кө­мек ша­қы­ру­дың ар­найы пуль­ті­мен жаб­дық­тау. Әу­е­жай­дың ин­тер­нет па­ра­ғын­да PRMs-ты та­сы­мал­дау үшін так­си ша­қы­ру тап­сы­ры­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
Тұ­рақ­тау ай­ма­ғы­нан аэро­вок­за­л­ға жет­кі­зі­луі
Тұ­рақ­тар мен қо­ғам­дық және же­ке кө­лік аял­да­ма­ла­ры­ның ай­мақ­та­ры­нан аэро­вок­за­л­ға жет­кі­зі­луі ке­зін­де PRMs үшін кө­мек көр­се­ту бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту­дің бо­луы және қол­же­тім­ді­гі
Аэро­вок­зал­да PRMs қар­сы алу­дың ар­найы ай­ма­ғын бел­гі­леу
Кө­ру қа­бі­ле­ті бұ­зы­л­ған адам­дар үшін аэро­вок­за­л­ға кі­ре­бе­рі­сте қоз­ға­лыс жол­да­ры­ның (жо­лақ­та­ры­ның) бе­дер­лі так­тиль­дік бел­гі­ле­ну­і­нің бо­луы, сон­дай-ақ PRMs үшін ұшып ке­лу және ұшып шы­ғу бой­ын­ша әу­е­жай­да қар­сы алу ор­нын көр­се­те оты­рып, еден дең­гей­і­нен 2 метр 60 см дең­гей­де ор­на­ты­л­ған бел­гі­нің (лайт­бок­стың) бо­луы
5
Әу­е­жай ішін­де қоз­ға­лу және әуе ке­ме­сі­нің бор­ты­на оты­ру
Кө­мек көр­се­ту
PRMs-тің әу­е­жай ау­ма­ғын­да қоз­ға­лы­сы және әуе ке­ме­сі­нің бор­ты­на отыр­ғы­зу ке­зін­де әу­е­жай пер­со­на­лы, авиа­жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­да­у­шы мен олар­дың агент­те­рі та­ра­пы­нан кө­мек­тің бо­луы және қол­же­тім­ді­лі­гі Әу­е­жай­да PRMs-ті әуе ке­ме­сі­нің бор­ты­на және ке­рі та­сы­мал­дау, кө­те­ру/тү­сі­ру үшін ар­найы ав­то­кө­лік­тің және ме­ха­низмдер­дің бо­луы
Қоз­ға­лы­сты ұй­ым­да­сты­ру
Әу­е­жай­дың вок­зал ма­ңы ау­ма­ғын­да және аэро­вок­зал­да PRMs, со­ның ішін­де есту және кө­ру қа­бі­ле­ті бұ­зы­л­ған адам­дар үшін еден­де­гі бе­дер­лі жол­дар, бе­дер­лі кар­та­лар және ғи­ма­рат схе­ма­сы, жы­л­жы­ма­лы жа­з­ба және қоз­ға­лы­сты ұй­ым­да­сты­ру схе­ма­сы ту­ра­лы жа­рық таб­ло­сы тү­рін­де­гі ақ­па­рат­тың бо­луы және қол­же­тім­ді­лі­гі. Әу­е­жай­дың әкім­ші­лі­гі мен жа­у­ап­ты адам­дар та­ра­пы­нан PRMs қоз­ға­лы­сы үшін ке­дер­гі­лер­дің бол­мауы­на тұ­рақ­ты ба­қы­ла­удың бо­луы
6
Әу­е­жай­да жо­ла­у­шы авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту рә­сім­де­рі­нен өту
Кө­мек көр­се­ту
Әу­е­жай­ға ұшып ке­лу және одан ұшып шы­ғу бой­ын­ша жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту­дің фор­маль­ді рә­сім­де­рі­нен өту ке­зін­де PRMs үшін авиа­ком­па­ни­я­ның, әу­е­жай­дың, мем­ле­кет­тік ба­қы­лау қыз­мет­те­рі­нің пер­со­нал­да­ры, олар­дың агент­те­рі­нің та­ра­пы­нан ар­найы ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің бо­луы және қол­же­тім­ді­лі­гі
Қол­же­тім­ді­лік
Әу­е­жай­да PRMs-тің жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту­дің фор­маль­ді рә­сім­де­рі­нен өтуі үшін қа­жет­ті тех­ни­ка­лық және ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық жағ­дай­дың бо­луы
Тех­но­ло­ги­я­ның бо­луы
PRMs үшін әу­е­жай­дың ерекше­лі­гін және та­сы­мал­дау қол­же­тім­ді­гі­лін ес­ке­ре оты­рып, PRMs жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту­дің тех­но­ло­ги­я­сы мен тех­но­ло­ги­я­лық кесте­сі­нің әу­е­жай­дың бар­лық қыз­мет­те­рі­мен және мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры­мен ке­лі­сі­мі бо­луы
Отыр­ғы­зу үшін орын ұсы­ну
Та­сы­мал­дың бронь­да­луы ту­ра­лы ал­дын ала ақ­па­рат­ты алу ке­зін­де рей­сте PRMs отыр­ғы­зуы үшін ар­найы ар­нал­ған орын­дар­ды ал­дын ала бронь­дау.
Агент PRMs отыр­ғы­зу үшін ар­найы ар­нал­ған орын­дар­ды соң­ғы ке­зек­те бө­ле­ді
Пер­со­нал­ды дай­ын­дау
Әу­е­жай­да сөй­ле­су әді­сте­ме­сі; бі­рін­ші ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту; қыз­мет көр­се­ту тех­но­ло­ги­я­сы; тір­кеу, қа­рау, ба­қы­лау рә­сім­де­рі­нен өту ке­зін­де кө­мек көр­се­ту бой­ын­ша PRMs жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту­ге ті­ке­лей қа­ты­су­шы пер­со­нал­ды қа­уіп­сіз қыз­мет көр­се­ту, сы­пайы тер­ми­но­ло­гия және әдеп, сен­сор­лық мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­мен қа­ты­на­су­дың ба­за­лық бі­лік­те­рі бой­ын­ша да­яр­лау дең­гейі
Жыл­дамды­ғы
Әу­е­жай­да ұшып шы­ғу­ға және ұшып ке­лу­ге жо­ла­у­шы­лар авиа­та­сы­мал­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту рә­сім­де­рі­нен PRMs өту­і­нің ең аз ке­піл­ді уа­қы­ты, іш­кі және ха­лы­қа­ра­лық рей­стер­де, транс­фер­лік және тран­зит­тік жо­ла­у­шы­лар үшін тү­сі­нік­ті түр­де әу­е­жай­дың ре­сми ин­тер­нет па­ра­ғын­да жа­ри­я­ла­нуы және авиа­ком­па­ни­я­лар мен олар­дың агент­те­ріне жет­кі­зі­луі ти­іс
Әу­е­жай­да кө­мек көр­се­ту­ді кү­ту
Ұшып шы­ғу ке­зін­де
PRMs қыз­мет көр­се­ту­ді ал­дын ала бронь­дау ке­зін­де әу­е­жай­ға кел­ген­нен ба­стап 5-тен 10 ми­нут­қа дей­ін;
PRMs үшін қыз­мет көр­се­ту­ді ал­дын ала бронь­дау бол­ма­ған­да, әу­е­жай­ға кел­ген­нен ба­стап 5-тен 20 ми­нут­қа дей­ін;
Әу­е­жай­ға ұшып кел­ген­де
PRMs қыз­мет көр­се­ту­ді ал­дын ала бронь­дау ке­зін­де әу­е­жай­ға ұшып кел­ген­нен ба­стап 5-тен 10 ми­нут­қа дей­ін;
Ал­дын ала бронь­дау бол­ма­ған­да PRMs қыз­мет көр­се­ту әу­е­жай­ға кел­ген­нен ба­стап 5-тен 15 ми­нут­қа дей­ін
7
Аэро­вок­зал­дың жал­пы мақ­сат­та­ғы ай­мақ­та­ры мен үй-жай­ла­ры
Қол­же­тім­ді­лік
Мү­ге­дек­тіктің түр­ле­ріне, со­ның ішін­де кө­руі, естуі, сөй­ле­уі, зи­я­ты мен пси­хи­ка­сы­ның бұ­зы­луы бой­ын­ша адам­дар­дың ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, PRMs пай­да­ла­ну және ор­на­ла­су қо­лай­лы­лы­ғы, қоз­ға­лы­сы үшін ке­дер­гі­лер­дің бол­мауы
Дә­рет­ха­на­лық бөл­ме­лер
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту­дің және олар­ды кү­ту­дің бар­лық ай­мақ­та­рын­да PRMs ар­найы жаб­дық­тал­ған дә­рет­ха­на­лық ка­би­на­лар­дың бо­луы. PRMs-тер­дің дә­рет­ха­на­лық ка­би­на­лар­ға қа­рай жү­ру­іне кө­мек көр­се­ту. PRMs ар­нал­ған дә­рет­ха­на­лық ка­би­на­лар­дың ор­на­ла­су орын­да­рын көр­се­те оты­рып, Брайль бой­ын­ша пик­то­грам­ма­лар мен нұс­қа­ғы­штар­дың бо­луы
8
Әу­е­жай­лар­да PRMs са­па­лы қыз­мет көр­се­ті­лу­ін ұй­ым­да­сты­ру та­лап­та­ры­ның орын­да­луын ба­қы­лау
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту са­па­сы­ның іш­кі және сырт­қы аудит жүй­е­сі­нің бо­луы
Әу­е­жай­да PRMs қыз­мет көр­се­ту са­па­сы ме­недж­мен­ті жүй­е­сі­нің бо­луы және жұ­мыс іс­те­уі. PRMs қыз­мет көр­се­ті­лу са­па­сы­ның тәу­ел­сіз ауди­тіне мү­ге­дек­тер ұй­ы­мы­ның са­рап­шы­ла­рын тар­ту. PRMs қыз­мет көр­се­ту са­па­сын арт­ты­ру бой­ын­ша жұ­мыс жос­па­ры­ның бо­луы

Қолданыстағы