Құжат мәтініне өту

Об утверждении Договора о присоединении Республики Таджикистан к Соглашениям о Таможенном союзе

Қаулы · № 498 · қабылданған 03.04.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5664/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Договора о присоединении Республики Таджикистан к Соглашениям о Таможенном союзе Қолданыста Қаулы ·№ 498 ·03.04.2000
24.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Договора о присоединении Республики Таджикистан к Соглашениям о Таможенном союзе

Қолданыста Қаулы ·№ 498 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Договора о присоединении Республики Таджикистан к Соглашениям о Таможенном союзе
Атауы (қаз.)
Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы шартты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
498
Қабылданған күні
03.04.2000
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI5664_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000498_
ЭКБ идентификаторы
5664
Редакция идентификаторы
AI5664_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:33

0 Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етеді:

1 1. 1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған Тәжікстан

Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы шарт
бекітілсін.

2 2. "Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы

туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 933 қаулысының
күші жойылды деп танылсын.

3 Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы Шарт

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тәжікстан Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы
Шарт
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдердің және 1996 жылғы 29 наурыздағы Қырғыз Республикасының Кеден одағы туралы келісімдерге қосылуы туралы Шартқа қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі бір жағынан және екінші жағынан, Тәжікстан Республикасының Үкіметі,
теңдестірілген және өзара тиімді экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
Кеден одағының принциптеріне, мақсаттарына және міндеттеріне бет бұруға дайындықтарын растай отырып,
1995 жылғы 6 қаңтардағы Кеден одағы туралы Келісімнің 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып,
1999 жылғы 26 ақпандағы Тәжікстан Республикасының 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдердің шарттарын орындау жөніндегі жұмысты аяқтаудың кезеңдері мен мерзімдері туралы Хаттаманы негізге ала отырып,
мына төмендегілер туралы шарттасты:

1 1-бап

Тәжікстан Республикасы 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдерге қосылады және олардан, интеграцияны басқару органдарының шешімдерінен, сондай-ақ Кеден одағының мақсаттарына, принциптеріне, шарттарына, қалыптасу кезеңдеріне және қызмет етуіне қатысты басқа құжаттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді өзіне толық көлемде қабылдайды.

2 2-бап

Тараптар, Тәжікстан Республикасымен сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын ескере отырып, олардың арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қатынастарда алып тастаулар мен шектеулерсіз, толық көлемде еркін сауда
режимін енгізеді. Мұндайда еркін сауда режимінен алып тастауға қатысты
Тараптар арасында ертеректе жасалған келісімдер мен хаттамалар күшін жояды.

3 3-бап

Осы Шартқа қол қойған күнінен бастап Тәжікстан Республикасы Кеден
одағы органдарының жұмысына олар туралы ережелерге және олардың жұмыс
регламенттеріне сәйкес толық көлемде қатысады.

4 4-бап

Тараптар арасындағы осы Шарттың ережелеріне қатысты даулар мен қайшы
пікірлер кеңестер және/немесе келіссөздер жолымен шешілетін болады.

5 5-бап

Осы Шарт Тараптардың басқа халықаралық шарттарынан туындайтын, осы
Шартқа қайшы келмейтін міндеттемелерін қозғамайды.

6 6-бап

Интеграциялық Комитет осы Шарттың депозитариі болып табылады.

7 7-бап

Тараптардың әрқайсысының осы Шарттан өзінің ниеті туралы шығатын
күнінен 12 ай бұрын депозитариге хабарлама жіберу жолымен шығуға құқығы
бар.

8 8-бап

1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында жасалған Тәжікстан
Республикасының 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы
келісімдердің шарттарын орындау жөніндегі жұмысты аяқтаудың кезеңдері мен
мерзімдері туралы Хаттама осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

9 9-бап

Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және
Тараптардың тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы
депозитариге соңғы хабар берген күнінен бастап күшіне енеді.
1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеу қаласында бір данада орыс тілінде
жасалды.
Осы Шарттың түпнұсқа данасы Тараптарға оның расталған көшірмесін
жіберетін Интеграциялық Комитетте сақталады.
Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы
Үкіметінің атынан Үкіметінің атынан
Ресей Федерациясы
Үкіметінің атынан

Қолданыстағы