Об оказании единовременной социальной помощи для приобретения топлива специалистам здравоохранения, социального обеспечения образования культуры и спорта проживающим в сельских населенных пунктах и работающим в государственных организациях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной социальной помощи для приобретения топлива специалистам здравоохранения, социального обеспечения образования культуры и спорта проживающим в сельских населенных пунктах и работающим в государственных организациях
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35-16
- Қабылданған күні
- 24.12.2010
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2013 AI56683_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10GD000098
- ЭКБ идентификаторы
- 56683
- Редакция идентификаторы
- AI56683_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:27
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 – бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Жуалы ауданындағы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен әлеуметтік көмек ретінде біржолғы төлем берілсін.
2
2. «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 30 наурыздағы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1609 тіркелген, 2005 жылғы 17 сәуірдегі № 37 аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) № 99 шешімінің күші жойылды деп танылсын.