О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся на очной форме обучения города Жезказгана
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 28/337
·
30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся на очной форме обучения города Жезказгана
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласының күндізгі оқу нысандарында білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/337
- Қабылданған күні
- 23.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2024 56720_733127.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KB000132
- ЭКБ идентификаторы
- 56720
- Редакция идентификаторы
- 56720_733127
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:32
0 Жезқазған қаласының күндізгі оқу нысандарында білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Жезқазған қаласының төмендегі санаттағы білім алушыларына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі белгіленсін:
1 1) Жезқазған қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда сынып оқушыларына (жазғы кезең 1 маусымынан 31 тамызға дейінгі аралықты есептемегенде) тегін жол жүру;
2 2) кәсіби лицейлерде, колледждерде (он бірінші сынып базасында оқитындарға) және меншіктің барлық түрлеріндегі жоғарғы оқу орындарының күндізгі нысандарында білім алушыларға тиісті тарифтің 50 пайызын төлеу (жазғы кезең 1 маусымнан 31 тамызға дейінгі аралықты есептемегенде).
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдениет саласы, тәртіп сақтау, азаматтар құқығы және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
23.12.2010 ж.