Об установлении ставок на зарегистрированные объекты фиксированного суммарного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ставок на зарегистрированные объекты фиксированного суммарного налога
- Атауы (қаз.)
- Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 312
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2012 56725_215220.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KN000139
- ЭКБ идентификаторы
- 56725
- Редакция идентификаторы
- 56725_215220
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:35
0 Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Г. Прокоп) жүктелсін.
3
3. "Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясының N 235 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2010 жылы 18 қаңтарда N 8-14-111 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2010 жылы 23 қаңтарда N 4 (5140) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2010 жылғы 22 желтоқсандағы
32 сессиясының
Нұра аудандық мәслихатының
N 312 шешіміне қосымша
N
Объектінің түрі
1 объектіден алынатын тіркелген жиынтық салық мөлшері (айлық есеп көрсеткіші)
1.
Ойын жүргізу үшін бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Ойын жүргізу үшін бірнеше ойыншының қатысуына арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын жүргізу үшін қолданылатын компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд столы
3