Құжат мәтініне өту

Об утверждении Условий и порядка прохождения специальных курсов обучения специалистов для экспертных организаций

Бұйрық · № 414 · қабылданған 27.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56759/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Условий и порядка прохождения специальных курсов обучения специалистов для экспертных организаций Күшін жойған Бұйрық ·№ 414 ·27.11.2010
29.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Условий и порядка прохождения специальных курсов обучения специалистов для экспертных организаций

Күшін жойған Бұйрық ·№ 414 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Условий и порядка прохождения специальных курсов обучения специалистов для экспертных организаций
Атауы (қаз.)
Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
414
Қабылданған күні
27.11.2010
Көрсетілген редакция
29.10.2015 AI56759_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006726
ЭКБ идентификаторы
56759
Редакция идентификаторы
AI56759_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:52

0 Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін бекіту туралы

"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

7 Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 27 қарашадағы
№ 414 бұйрығымен
бекітілген
Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі

1

1. Осы Сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Шарттар) "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртібін анықтайды.

2 2. Оқыту мамандандырылған оқу ұйымдарында жүзеге асырылады.

3 3. Курстарда сабақтар өткізу үшін тартылатын мамандандырылған оқу орталықтарының оқытушы құрамында "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімі, мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет.

4 4. Жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Курстың тыңдаушылары болады.

5 5. Тұлғалар (өтініш иелері) мамандарды даярлау жөніндегі курс тыңдаушыларының тізіміне қосу туралы өтініш ұсынады. Өтініш еркін түрде беріледі.

6 6. Тұлғалар (өтініш иелері) өтінішке мынадай құжаттарды:

1 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

2 2) жоғары білім туралы дипломның көшірмесін;

3 3) еңбек кітапшасының көшірмесін немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжатты ұсынады.

7 7. Курс бағдарламасын 1-қосымшаға сай Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 72 сағат көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

8 8. Курстардың сабақ кестесі оқу басталғанға дейін 10 күн бұрын кешіктірілмей құрылады және оны мамандандырылған оқу ұйымының басшысы бекітеді.

9

9. Тыңдаушылардың оқу жүктемесінің көлемі аптасына 36 сағат дәріс оқу жұмысынан аспауы қажет. Тыңдаушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі дәріс және дәрістен тыс (дербес) дайындықтың барлық түрлерін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы қажет. Тыңдаушылардың дербес дайындығы үшін күн сайын кемінде үш сағат бөлінеді.

10 10. Академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

11 11. Оқу тобы 15 адамнан аспайтын санмен құрылады.

12 12. Тыңдаушыларды оқуға қабылдау мамандандырылған оқу ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

13 13. Тыңдаушылар сабақ барысында қағаз (электронды) тасығыштарда оқу-әдістемелік материалымен қамтамасыз етіледі.

14 14. Қорытынды аттестаттауды емтихан комиссиясы кешенді тестілеу емтиханы түрінде жүзеге асырады, оның құрамын мамандандырылған оқу ұйымының басшысы анықтайды. Тестілеу картасында кемінде 30 сұрақ болуы қажет.

15 15. Толық оқыту курсынан өтпеген тыңдаушылар қорытынды аттестаттауға жіберілмейді.

16 16. Дұрыс жауап кемінде 80% болғанда тестілеу сынағының нәтижелері оң деп саналады. Тестілеу сынағы нәтижелерінің дұрыс жауабы 80% кем тыңдаушылар келесі топтың құрамында бір айдан кейін мерзімде қайта тестілеуден өтеді.

Тестілеу сынағының нәтижелері хаттамамен ресімделіп, комиссия мүшелері қол қояды және тыңдаушыларға мәлімденеді.

17 17. Қорытынды аттестаттауды ойдағыдай тапсырған тұлғаларға Шарттардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандардың арнайы оқыту курстарынан өткені туралы сертификат беріледі.

28 Сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарының үлгілік оқу жоспары

Сараптау ұйымдары үшін
мамандардың арнайы оқыту
курстарынан өту шарттары
мен тәртібіне
1-қосымша
Нысан
Сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту курстарының үлгілік оқу жоспары

Та­қы­рып ата­уы
Бар­лық са­ғат
Оның ішін­де
Дә­рі­стер
Прак­ти­ка­лық са­бақ­тар
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да қа­тер­лер­ді тәу­ел­сіз ба­ға­лау жүй­е­сін құқық­тық қам­та­ма­сыз ету.
2
2
-
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да қа­тер­лер­ді тәу­ел­сіз ба­ға­лау жүр­гі­зу ере­же­сі.
2
2
-
3.
Өрт қа­те­рі. Тех­ни­ка­лық жүй­е­лер­дің се­нім­ді­лі­гі.
4
2
2
4.
Жа­ры­лыс-өрт және өрт қа­уіп­ті­лі­гі бой­ын­ша өн­ді­рі­стер­дің са­нат­та­рын есеп­теу әді­сте­ме­сі.
6
2
4
5.
Ғи­ма­рат­тар, құ­ры­лы­стар және олар­дың өрт ке­зін­де­гі тө­зім­ді­лі­гі.
6
2
4
6.
Үй-жай­да, ғи­ма­рат­та өрт болған кез­де қа­уіп­ті фак­тор­лар­дың да­муын ба­ға­лау және бо­лжау әді­сте­рі.
4
2
2
7.
Өрт ке­зін­де адам­дар­ды ғи­ма­рат­тар­дан қа­уіп­сіз эва­ку­а­ци­я­ла­уды қам­та­ма­сыз ету.
8
2
6
8.
Қор­ғау объ­ек­ті­сін­де өрт қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық ше­шім­дер.
2
2
9.
Тү­тін­нен қор­ғау жүй­е­сі.
2
2
10.
Қор­ғау объ­ек­ті­сі­нің өрт қа­уіп­ті­лі­гін тал­дау әді­сте­ме­сі
6
2
4
11.
Өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар үшін өрт қа­те­рін есеп­теу әді­сте­ме­сі.
8
2
6
12.
Қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тар үшін өрт қа­те­рін есеп­теу әді­сте­ме­сі.
6
2
4
13.
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету нұс­қа­ла­ры­ның ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сі.
4
2
2
14.
Қол­дан­ба­лы ком­пью­тер­лік бағ­дар­ла­ма­лар­ды пай­да­ла­на оты­рып, өрт қа­тер­ле­рі ша­ма­сын есеп­теу.
8
2
6
15.
Объ­ек­ті­нің өрт қа­уіп­сіз­ді­гі нор­ма­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ын дай­ын­дау.
2
2
16.
Қо­ры­тын­ды ба­қы­лау.
2
2
17.
БАР­ЛЫ­ҒЫ
72
28
44

29 Сараптау ұйымдары үшін

мамандардың арнайы оқыту
курстарынан өту шарттары
мен тәртібіне
2-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(оқу ұй­ы­мы­ның ата­уы)
СЕР­ТИ­ФИ­КАТ
№ ______________________
(сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі)
ОСЫ СЕР­ТИ­ФИ­КАТ
______________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі са­ла­сын­да­ғы қа­тер­лер­ді тәу­ел­сіз жө­нін­де­гі
(ата­уы)
са­рап­тау ұй­ым­да­ры үшін ма­ман­дар­ды ар­найы оқы­ту кур­ста­ры­нан өт­ке­нін рас­тай­ды
______________________________                   _____________
(оқу ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның Т.А.Ә.)                       (қо­лы)
М.О.
____________________________
(сер­ти­фи­кат­ты бер­ген да­та­сы)

Қолданыстағы