Құжат мәтініне өту

Об утверждении Требований к специализированным учебным организациям

Бұйрық · № 415 · қабылданған 27.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56760/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Требований к специализированным учебным организациям Күшін жойған Бұйрық ·№ 415 ·27.11.2010
29.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Требований к специализированным учебным организациям

Күшін жойған Бұйрық ·№ 415 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Требований к специализированным учебным организациям
Атауы (қаз.)
Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
415
Қабылданған күні
27.11.2010
Көрсетілген редакция
29.10.2015 AI56760_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006727
ЭКБ идентификаторы
56760
Редакция идентификаторы
AI56760_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:52

0 Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

7 Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 27 қарашадағы
№ 415 бұйрығымен
бекітілген
Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар

1 1. Мамандандырылған оқу ұйымдары өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі сараптау ұйымдарының мамандарын кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады.

2 2. Мамандандырылған оқу ұйымдары тыңдаушыларды сапалы дайындау мақсатында оқу-әдістемелік кешенін құрады, ол мыналарды:

өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту бағдарламасын;
оқыту бағдарламасының мазмұнын қамтитын оқу-әдістемелік құралдарын;
көрнекі құралдармен, макеттермен жабдықталған мамандандырылған оқу сыныптары мен кабинеттерін;
интегралдық модель бойынша өрттің қауіпті факторларының даму қарқынын анықтау үшін мультимедиялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді;
оқу әдебиеті қорын, қағаз және электронды тасығыштарда арнайы дайындық бойынша дидактикалық материалды қамтиды.

Қолданыстағы