Об утверждении Требований к специализированным учебным организациям
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Требований к специализированным учебным организациям
- Атауы (қаз.)
- Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 415
- Қабылданған күні
- 27.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2015 AI56760_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006727
- ЭКБ идентификаторы
- 56760
- Редакция идентификаторы
- AI56760_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:52
0 Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 25-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 8 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
7 Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы 27 қарашадағы
№ 415 бұйрығымен
бекітілген
Мамандандырылған оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Мамандандырылған оқу ұйымдары өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жөніндегі сараптау ұйымдарының мамандарын кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында құрылады.
2. Мамандандырылған оқу ұйымдары тыңдаушыларды сапалы дайындау мақсатында оқу-әдістемелік кешенін құрады, ол мыналарды:
өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі саласындағы сараптау ұйымдары үшін мамандарды арнайы оқыту бағдарламасын;
оқыту бағдарламасының мазмұнын қамтитын оқу-әдістемелік құралдарын;
көрнекі құралдармен, макеттермен жабдықталған мамандандырылған оқу сыныптары мен кабинеттерін;
интегралдық модель бойынша өрттің қауіпті факторларының даму қарқынын анықтау үшін мультимедиялық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді;
оқу әдебиеті қорын, қағаз және электронды тасығыштарда арнайы дайындық бойынша дидактикалық материалды қамтиды.