Құжат мәтініне өту

О порядке определения черты бедности

Қаулы · № 537 · қабылданған 07.04.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5679/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О порядке определения черты бедности Күшін жойған Қаулы ·№ 537 ·07.04.2000
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке определения черты бедности

Күшін жойған Қаулы ·№ 537 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке определения черты бедности
Атауы (қаз.)
Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
537
Қабылданған күні
07.04.2000
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI5679_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000000537_
ЭКБ идентификаторы
5679
Редакция идентификаторы
AI5679_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:32

0 Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін әзірлесін және бекітсін.

📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.12.2005 N 1249 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi туралы мәлiметтi Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн ұсынсын.

4 4. Мыналар:

1 1) "Халықтың тұрмыс деңгейiнiң негiзгi көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1150 қаулысы;

2 2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 18 қарашадағы N 1175 қаулысы;

3 3) "Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1150 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 мамырдағы N 554 қаулысы күшiн жойды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

9 Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 8 сәуiрдегi
N 537 қаулысымен
бекiтiлген
Кедейлiк шегiн анықтаудың тәртiбi туралы
Осы Тәртiп "Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және кедейлiктiң шегiн анықтаудың тәртiбiн белгілейдi.

1 1. Негiзгi ережелер

1 1. Кедейлiктiң шегі - кiрiстiң адамның ең аз қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi шегi.

2 2. Кедейлiктiң шегi ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына дейін кезең-кезеңмен арттыру қағидатын негізге ала отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзiнде белгiленедi және аз қамтамасыз етiлген адамдарға мемлекеттiк әлеуметтiк атаулы көмек көрсету кезiнде өлшем ретiнде пайдаланылады.

📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2005 N 1249 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiн есептеу үшiн ең қажеттi азық-түлiктiк емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған шығыстардың белгiленген үлесi ең төменгi тұтыну себетi құнының 40 процентi мөлшерiнде белгiленедi.

📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.12.2005 N 1249 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Кедейлiктiң шегiн айқындаудың тәртiбi

4 4. Кедейлiк шегiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi экономикалық мүмкiндiктерге қарай, тоқсан сайын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен проценттермен белгілейдi.

5 5. Кедейлiктiң шегiн жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң тоқсан сайынғы есептерi негiзiнде:

республика бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
аймақтар бойынша - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары есептейдi.

6 6. Бұқаралық ақпарат құралдарында ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiктiң шегi туралы мәлiметтердi - тоқсан сайын, кедейлiктiң шегінен де төмен тұратын халықтың үлесi туралы - жыл сайын:

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi - орташа алғанда республика бойынша;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдары - аймақтар бойынша жариялап тұрады.

Қолданыстағы