Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по повышению эффективности использования коммунальной собственности

Өзге акт · № 156 · қабылданған 10.06.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5684/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по повышению эффективности использования коммунальной собственности Күшін жойған 10.06.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по повышению эффективности использования коммунальной собственности

Күшін жойған Өзге акт № 156 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по повышению эффективности использования коммунальной собственности
Атауы (қаз.)
Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156
Қабылданған күні
10.06.1999
Көрсетілген редакция
10.06.1999 5684_257421.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99P0000235
ЭКБ идентификаторы
5684
Редакция идентификаторы
5684_257421
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:06
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 20004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 «Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттен кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы» Өкімінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» қаулысының негізінде, коммуналдық меншікті тиімді пайдалану негізінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Мүлікке салынатынсалықтың қолданылып жүрген мөлшерін көбейту, коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін құру және оларды басқару құрылымын жетілдіру арқылы жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жөніндегі іс-шараларды дайындау үшін коммуналдық меншіктің тиімді пайдалануын бақылау жөніндегі комиссия құрылсын (тізімі қоса беріліп отыр).

2. «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік кәсіпорны коммуналдық меншіктің тізілімін құру және оны тиімді пайдалану жөніндегі нормативтік базаны дайындау кезеңінде коммуналдық кәсіпорындардың (мекемелердің) шаруашылық қарамақтарына немесе жедел басқаруына берілмеген коммуналдық меншік объектілерін басқару жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.

4 Коммуналдық меншіктің тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

Облыс әкімінің 1999 жылғы
«11» маусым № 156 шешіміне
Қосымша
Коммуналдық меншіктің тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Оспанов Мұхамедқали Нығыметұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға
Комиссия мүшелері:
Әділханов Болат Агзамұлы – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Бойчин Анатолий Васильевич – облыс бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары
Горбенко Сергей Леонидович – облыс бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы
Елисеев Вилен Михайлович – «ҚОР-РЕСУРС» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры
Звягин Алексей Павлович – облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары
Исаев Николай Николаевич – облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары
Чуков Валерий Анатольевич – облыс экономика департаменті бастығының орыбасары