Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Сарысуском районе

Ереже · № 46-14 · қабылданған 24.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-56849/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Сарысуском районе Күшін жойған Ереже ·№ 46-14 ·24.12.2010
21.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Сарысуском районе

Күшін жойған Ереже ·№ 46-14 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Сарысуском районе
Атауы (қаз.)
Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
46-14
Қабылданған күні
24.12.2010
Қолданысқа енгізілген күні
02.02.2011
Көрсетілген редакция
21.06.2012 AI56849_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10GI000108
ЭКБ идентификаторы
56849
Редакция идентификаторы
AI56849_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:27

0 Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2 тармағына және 311-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережелерi бекiтiлсiн.

2 2. Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi

Сарысу аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 46-14 шешiмiмен бекiтiлген
Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ережелер Сарысу ауданында мысықтар мен иттердi ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленген.

2 2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

3

3. Осы Ережелер «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленген.

2 2. Иттердi және мысықтарды ұстау тәртiбi

4 4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.

5 5. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала, облыс және республикадан тысқары, шығару, кiргiзу, олардың «құтыруға қарсы егiлген» белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.

6 6. Келесiлерге жол берiлмейдi:

1 1) иттер мен мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аулаларында, балалар ойнайтын алаңдарында серуендетуге;

2 2) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;

3 3) мас күйiндегi тұлғалар мен 14 жасқа толмаған балаларға иттердi серуендетуге;

4 4) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;

5 5) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;

6 6) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;

7 7) иттер мен мысықтарды оның терiсiн пайдалануға, етiн тұтынуға, өңдеу және сату үшiн оларды ұстауға немесе аулауға;

8

8) Сарысу ауданының аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi көздейтiн iс шаралардан басқа);

9 9) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланатын орындарында және жатақханаларында ұстауға.

7 7. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшаулау және бақылау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.

8 8. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес және iзгiлiктi қарауда жүзеге асырылады.

9 9. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереженiң талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат берiледi:

1

1) көппәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде iрi және орта тұқымды екi иттi және екi мысықты үш айға дейiнгi ұрпақтарын қоса ұстауға. (Жасы үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге беруiлуi тиiс. Күшiктер мен мысықтарды жаңа иелерiне беру жануардың ветеринариялық төлқұжатымен қоса жүзеге асырылады.);

2 2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер), тек өзiнiң жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келiсiмi бойынша көршiлердiң дәрiгерлiк керi көрсеткiшi (ұшыну) болмаса екi ит пен мысықтарды тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға.

10 10. Осы Ережелердi сақтау үшiн өкiлеттi органдарға жәрдемдесу мақсатында пәтер иелерi кооперативтерiне, тұрғын үй кооперативтерiне, жеке жайлар иелерi кооперативтерiне, кондоминиумдарға:

1 1) жертөлелерге, шатырлар астына және басқа да қосалқы үй-жайларға кiреберiстердi, онда иттер мен мысықтардың кiрiп кетуiне жол бермейтiндей жабық күйiнде ұстау;

2 2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзiнiң аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау;

3 3) өз қарамағындағы үйлерде пәтер иелерi ұстайтын жануарлардың саны туралы мәлiметтердi жинау және оларды тiркеудi жүзеге асыру үшiн өкiлеттi органдарға (тiркеу органдарына) беру;

4

4) пәтер иелерi кооперативiне, тұрғын үй кооперативiне, жеке жайлар иелерi кооперативiне, кондоминиумдарға бекiтiлген аумақтарда немесе шағын ауданның (орамның) аумағында құрылыстан бос және кооперативтерге iргелес жерлерде, қаланың жергiлiктi атқару органына енгiзiлетiн, белгiленген әрiппен бекiту үшiн, тақтайша, белгi орната отырып иттердi серуендететiн орындарды анықтау ұсынылады.

3 3. Иттер мен мысықтарды аулау

11

11. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткен жануарлардан басқасы, қаңғыбас деп есептеледi және өлген жануарлардың өлiктерiн жинайтын және қаңғыбас жануарларды аулайтын арнайы мекеменiң аулауына жатады.
Қаңғыбас жүрген иттер мен мысықтарды аулаушылар мен арнайы көлiк жүргiзушiсi жануарларды аулау және тасымалдау кезiнде iзгiлiктi сақтаулары тиiс.
Ауланған қаңғыбас жүрген иттер мен мысықтар иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған питомникте немесе арнайы оқшаулағыш орынға орналастырылады және үш жұмыс күнi бойы ұсталады. Ұстау мерзiмi өткеннен кейiн жануар жаңа иесiне берiледi немесе дәрi қолдану жолымен жансыздандырылып (ұйықтатылады) мал көмiндiлерiнде залалсыздандырылады.

4 4. Қорытынды ережелер

12 12. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

Қолданыстағы