Об утверждении Положения «О порядке предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 15 мамырдағы N 1-1171ө өкімімен.
Тармақ 1
1. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-1 Заңына "Халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 Заңы енгiзген өзгерiстерге байланысты "Тұрмысы төмен азаматтарға үйдi ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібi туралы" Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (Шерубаев А.С.) облыстық қаржы басқармасымен бiрге (Құрманғалиев А.А.) осы Ереженi өздерiнiң жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiне жеткiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 4. Тұрмысы төмен азаматтарға үйдi ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібi туралы
Облыс әкiмiнiң 13 наурыздағы 2000 ж. N 1-836ө өкіміне N 1 қосымша Тұрмысы төмен азаматтарға үйдi ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібi туралы Ереже Тұрғын үй көмегi "Халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйдi ұстауға (жеке меншiк тұрғын үйдi ұстаудан басқа) және үй-коммуналдық қызметтi тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетiледi. Тұрғын үй көмегi-халыққа көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмектiң бiр нысаны болып табылады. Тұрғын үй көмегi сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң иелерi немесе оның жалгерлерi болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берiледi. Тұрғын үй көмегi отбасының тұрғын үйдi ұстау мен қоммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесiнен артқанда тағайындалады. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шектi жол берiлетiн шығыс үлесi отбасының жиынтық кiрiстерiнің 30 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Отбасының жиынтық табыстары Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнің 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 2 және Қазақстан Республикасының ёлттық статистикалық агенттiгi Директорының 1997 жылғы 26 наурыздағы N Р-1-14/124 бұйрықтарымен бекiтiлген "Жиынтық табыстарды есептеу тәртібi туралы Нұсқаулыққа" сәйкес есептеледi. Әлеуметтiк нормалар және тұрғын үй көмегiн есептеуге алынған үйдi ұстау шығындарының мөлшерiн, коммуналдық қызметтердi /сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтердi қамту/ тұтыну нормативтерiн жергiлiктi өкiлеттi органдар белгiлейдi. Тұрғын үй көмегiн есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерiстерiне арналған тарифтердi қызмет көрсетушiлер бередi. Тұрғын үй көмегiн беру шарттары Жеке меншiгiнде 1 бiрлiктен артық тұрғын үйi ( үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үйi жайын жалға (жалдауға) берген тұлға тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады. Жұмысқа жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегiн алуғы құқы жоқ, оның iшiне 50 жасқа толғандар /жынысына қарамастан, мүгедектердi күтетiндер, күтiмге мұқтажды деп танылғандар немесе 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар, сондай-ақ 4 және одан көп балаларды- ең кiшкенесiн 1 сыныпты бiтiргенiнше (бiрақ 9 жастан үлкен емес) тәрбиелеумен айналасатындар кiрмейдi. Тұрғын үй көмегiне өтiнген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектерi бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тiркеген сәттен бастап ағымды төлемдердi тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуi коммуналдық қызмет көрсетушiлермен келiсiледi және бақылауға алынады. Егер тұрғын үй көмегi туралы өтiнушi еңбекақысы сақталмайтын демалыста болса немесе жұмыспен қамту қызметiнде тiркелгенмен, материалдық көмек алмаса, оның табысына үш есептiк көрсеткiш ескерiледi, оның мөлшерiн өтiнген сәтке республикалық бюджет белгiлейдi. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта аттестациялауды жүргiзу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтiнген айдың алдындағы 3 айдың коммуналдық қызмет ақыларының төленгенi туралы түбiртектер тапсырылады. Тұрғын үй көмегiне үмiткер отбасыларына тұрғын үй көмегiн тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үмiткер заңды некеде болса, бiрақ зайыбы сол мекенжай бойынша тiркелмеген болса, ерлi-зайыптылардың екеуiнің де табыстары есептеледi және жәрдемақы өтiнгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тiркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзiнің тұрғылықты жерiнен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
Тармақша 2
2) үмiткер заңды некеде болса, бiрақ зайыбының қазiргi тұрғылықты жерiн бiлмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлiмдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) үмiткер некесi сот арқылы бұзылған немесе әкелiгi дәлелденген бiрақ бұрынғы зайыбы немесе жұбайына (баланың әкесi немесе шешесi) алиментке талап қойылмаса, онда талаптанған сомаға 3 айдың ағымында қолданылатын ең аз еңбекақыдан 25 пайыз мөлшерiнде қосылады. Егер ағымдағыы 3 айдың iшiнде үмiткер (бөлiнген әке немесе шеше) алиментке сот арқылы талаптанбаса, онда жәрдемақының тағайындалуы мен төлемi тоқтатылады;
Тармақша 4
4) үмiткер 7 жасқа дейiнгi денсаулығына байланысты бала бақшаға бара алмайтын баланы тәрбиелейтiн жұмыссыз болған жағдайда дәрiгердің анықтамасының негiзiнде 6 ай жәрдемақы алуға құқығы бар.
Тармақша 5
5) үмiткердің үйiнде 18 жасқа дейiнгi бала тiркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
Тармақша 6. Тұрғын үй көмегiнің мөлшерi
6) үмiткер оқу орнының күндiзгi бөлiмiнде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анқтаманы тапсыруы қажет. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үмiткер немесе алушы отбасылар анықтама және келесi құжаттарды тапсыруы керек: төлқұжат немесе жеке күәлiк (тоқсан сайын), тұрғын үйге құқық беретiн құжат (жылына 1 рет, келесi жылдың аттестациясына дейiн немесе басқа өзегерiстерге дейiн), отбасы құрамы туралы анықтама (жылына 1 рет, келесi жылдың аттестациясына дейiн немесе басқа өзгерiстерге дейiн), саяжай немесе жер учаскесi туралы анықтама (жылына 1 рет, келесi жылдың аттестациясына дейiн немесе басқа өзгерiстерге дейiн), отбасы табыстары (еңбекақы, жердемақы, алимент, т.б.) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бiр рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кiтапшасы немесе жеткiзу есеп қағазы), қызмет кірсетушiден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бiр рет, келесi жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейiн), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбiртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлiмiнен анықтама (тоқсан сайын), жұмыссыздарға салық қызметiнен анықтама (жартыжылдықта бiр рет немесе басқа өзгерiстер болса), ата-ананны iздеу туралы анықтама (жартыжылдықта 1 рет немесе басқа өзгерiстер болса). Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтiнiш жасалады, оған тұрғын үй көмегiнің есептеуi енгiзiледi. Шарт-өтiнiшке отбасы өкiлiнің немесе отбасының атынан сөйлейтiн тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады. Аталған шарт-өтiнiш тұрғын үй жәрдемақысын берудің негiзi болып табылады. Электрқуаты, газ, тұрғын үй тұтыну бойынша шығындар талаптану айдың алдындағы 3 айдың түбiртектерi бойынша есептеледi. Тұрғын үй көмегi өтiнiш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алушы және тұрғын үй көмегi қызметтерi жасаған тiзiм бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетiн отбасылар, құжаттардың дайындалған уақытына қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында қайта аттестациялаудан өтпеген отбасылар, себептерге қарамастан, сол тоқсанға тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады. Екi тоқсан ағымында қайта аттестациядан өтпеген отбасыларына, себептерге қарамастан, тұрғын үй көмегi өтiнген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 күн iшiнде тұрғын үй қызметiне өз тұрғын үйiнің меншiк формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруi туралы хабарлауы керек. Берiлген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегiн тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерiнің шындық тұрғылықты жерлерi туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге мiндеттi. Талаптанған құжаттар берiлмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметiне алдын ала жалған мәлiметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншiк үйдің иесi) бiр жылға жәрдемақы алу құқығынан айырылады, ал құқысыз алынған тұрғын үй жәрдемақысының сомасы заңды тәртіп бойынша қайтарылады. Тұрғын үй көмегiнің мөлшерi Тұрғын үй көмегiнің мөлшерi жалгердің (меншiк үй иесiнің) өтемдiк шаралармен қамтамасыз етiлетiн нормалар шегiнде үйдi ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыс деңгейiнің айрымы ретiнде есептеледi. П = МСПЖ- (t х д) П - тұрғын үй көмегiнің мөлшерi МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғарғы әлеуметтiк төлем t - тұрғын үй төлемiне нормативтiк шығын (= 30%) д - отбасының жиынтық табыстары Тұрғын үй көмегiнің қаржыландыруы мен төлемi Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен көрсетiледi. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем ретiнде тағайындалады. Тұрғын үй көмегiнің төлемi осы мақсаттарға жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаржының есебiнен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуi жолымен екiншi деңгей банкiлерi (ары қарай сәйкес банкiлер) арқылы жүргiзiлуi бекiтiлсiн. Тұрғын үй көмегi төлемiнің тәртібi мен шарты аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi және сәйкес банкiлер арасындағы жасалған агенттiк келiсiмiмен айқындалады. Қазақстан Республикасының елдi мекендерiнде сәйкес банкiлерiнің филиалдары болмаған жағдайда, көрсетiлген төлемдер агенттiк келiсiм негiзiнде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi айқындаған органдары арқылы жүргiзiледi. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы А. С. Шерубаев