Об установлении размера платы за пользование жилищем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 259
- Қабылданған күні
- 29.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2012 AI56876_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VS000139
- ЭКБ идентификаторы
- 56876
- Редакция идентификаторы
- AI56876_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:21
0 Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесінің негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауданның мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға ай сайынғы төлем мөлшері белгіленсін.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шемонаиха қаласының Жуков көшесіндегі № 21 үйде ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшері
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2010 жылғы « 29 » желтоқсандағы
№ 259 қаулысына қосымша
Шемонаиха қаласының Жуков көшесіндегі № 21 үйде ауданның
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға төлем
мөлшері
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалгерлік үйлерден өндіріп алынатын жалгерлік төлем есебі әдістемесіне сәйкес, Шемонаиха қаласы Жуков көшесіндегі № 21 үйден 1 айға өндірілетін жалгерлік төлем есебі жалпы алаңы 1 шаршы метр үшін, формула бойынша есептеледі.
А=56515 (елу алты мың бес жүз он бес) теңге (тұрғын үй жалпы көлемінің бір шаршы метр құрылысының бағасы): 140 (жүз қырық) жыл (өтемділік мерзімі): 12 (он екі ай) = 33 (отыз үш) теңге 63 (алпыс үш) тиын.
Шемонаиха ауданы ТКШ, ЖК
және АЖ бөлімінің бастығы
И.П. Капорина