"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47-281
- Қабылданған күні
- 07.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2010 · қолданыстағы AI56887_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DI000119
- ЭКБ идентификаторы
- 56887
- Редакция идентификаторы
- AI56887_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:47
0 "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия төрағасы М. Бөгенбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді ауданы мәслихатының IV шақырылымындағы
ХLVІІ сессиясының төрағасы
М. Өмірхалықов
4 Жалпы ережелер
Ескелді аудандық мәслихатының
2010 жылғы 7 желтоқсандағы
"Ескелді ауданының құрметті
азаматы" атағын беру ережесін
бекіту туралы" N 47-281
шешімімен бекітілген
"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі
Жалпы ережелер
1 1. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.
Сондай-ақ, "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін, Ескелді ауданының тарихында сақтау болып табылады
2 2. Атақ беру жөніндегі талаптар
2 2. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағы өмірбаяны Ескелді ауданымен байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
1 1) Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;
2 2) Өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
3 3) Халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;
4 4) Аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;
5 5) Қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;
6 6) Ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;
7 7) Қазақстан Республикасының азаматтары өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;
8 8) Отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.
3 3. Атақ берудің тәртібі
3 3. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.
4.Ұсынылған үміткерлердің: