Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысын айына ең төменгі бір жалақы көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Абылай Қалиұлы Түсіпбеков) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгілік шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 03/02 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 8-10-78 болып тіркелген, "Тоқырауын тынысы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 15 (7181) жарияланған) және Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 02/24 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 8-10-101 болып тіркелген, "Тоқырауын тынысы" газетінің N 8 (7226) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 18/37 қаулысына қосымша 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын Ақтоғай ауданы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі N Кәсіпорын, ұйым, мекеме атауы Адам саны Жұмыстың түрлері Қаржыландыру көзі Жұмыс көлемі, теңге 1 2 3 4 5 6 1 Ақтоғай селосы әкімінің аппараты 31 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, село көшелерін кездейсоқ қоқыстан тазарту, үй басын аралау жұмыстары. Аудандық бюджет 1667244 2 "Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 2 Ақтоғай селосын көркейту, ауыз су жүйесін жөндеу. Аудандық бюджет 95994 3 "Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2 Ж. Шайдаров атындағы демалу саябағын көркейту, көгалдандыру, жөндеу, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 4 Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2 Ұлы Отан соғысының, еңбек ардагерлеріне киім, аяқ киім жөндеу, шаштараз қызметін көрсету, әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, құжаттар өңдеу. Аудандық бюджет 95994 5 Ауданның ішкі істер бөлімі 2 Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату. Аудандық бюджет 95994 6 Аудандық мемлекеттік мұрағат 6 Мұрағаттағы құжаттардың қалыпты сақталуына көмек Аудандық бюджет 287982 7 Салық комитеті 4 Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу хабарламаларын тарату Аудандық бюджет 191988 8 Ақтоғай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы 4 Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату. Аудандық бюджет 175989 9 Сот орындаушыларының Тоқырауын аумақтық учаскесі 2 Сот орындаушысының қызметіне көмек көрсету, шақыру қағаздарын тарату. Аудандық бюджет 95994 10 Жидебай селолық округі әкімінің аппараты 5 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 239985 11 Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты 2 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 12 Сарытерек селолық округі әкімінің аппараты 2 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 13 Нүркен селолық округі әкімінің аппараты 2 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 14 Қызыларай селолық округі әкімінің аппараты 2 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 15 Сарышаған поселкесі әкімінің аппараты 10 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 479970 16 Шабанбай селолық округі әкімінің аппараты 2 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 17 Шашубай поселкесі әкімінің аппараты 6 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 287982 18 Абай селолық округі әкімінің аппараты 2 Аула аймақтарын көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары. Аудандық бюджет 95994 19 Ақтоғай аудандық соты 4 Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату. Аудандық бюджет 175989 20 Ақтоғай ауданының әділет басқармасы 10 Жылжымайтын мүліктің электрондық мұрағатын қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындау. Аудандық бюджет 479970 21 Аудан әкімінің аппараты 7 Құжаттарды өңдеу жұмысы, хаттарды тарату. Аудандық бюджет 335979 22 Ақтоғай ауданының прокуратурасы 2 Құжаттарды өңдеу жұмысы, хаттарды тарату. Аудандық бюджет 95994 23 Ақтоғай аумақтық сот орындаушылар бөлімі 2 Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату. Аудандық бюджет 95994 24 Ақтоғай ауданының әскери есеп столы 2 Құжаттарды өңдеу жұмысы, шақыру қағаздары мен хаттарды тарату. Аудандық бюджет 95994 Барлығы 115 5571000